Меню
Назад » » »
Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды?
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды? »
Сабақтың мақсаты: 1. Музыка тілін көркемдік мүмкіндіктерін жеткізу.
2. Халық музыкасын өмірдің бейнесі ретінде түсініп және
оны сүйетін халқымыздың ғұрыптары мен сал-дәстүрлерін
қастерлеп, классикалық музыканы және басқа халықтардың
өнерін сыйлайтын жеке тұлға тәрбиелеу.
3. Орындаушылық-тыңдаушылық жәнееске сақтау біліктілі-
гін дамыту, дұрыс музыкалық талғамын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, слайд.
Сабақтың тәсілі: топтық жұмыс.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Амандасу, түгендеу.
2. Сабаққа назарларын аудару.
II. Өткен материалды тексеру.
Оқушыларды ноталар арқылы топқа бөлемін.
Өткен тоқсандағы тақырыптар бойынша жазылған сұрақтарға топпен жауап береді.
I топ: 1.Ақан серінің шын аты?
2.Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған?
3.Бәйгеге қанша ат қосылып еді?
4.Құлагердің жүрісіне арнап Ақан сері қандай ән шығарған?
5.Не себепті Ақан сері Балқадиша қосыла алмайды?
6.Ақан сері қай кезде Балқадишамен сырласып танысады?
II топ: 1.Қандай қасиеттері бар адамды «сал» деп атаған?
2.Не себепті Біржан сал әннің атын «Адасқақ» деп қойған?
3. «Ләйлім шырақ» әнін кімге арнаған?
4.Не себепті Біржан сал ел аралай алмай қалды?
5.Біржан сал ең соңғы әнін кімге арнаған?
6. Мажор, минор дегеніміз не?
III топ: 1.Неге Ыбырайды Үкілі деп атаған?
2.Не себепті Үкілі Ыбырай өзінің әнін «Гәкку» деп атады?
3.Қазір «Гәкку» әнін эстрада саласында кім орындап жүр?
4.Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса әндерін орындап кейінге жеткізуші қандай әншіні білемміз?
5. «Гәкку» әні қай кинофильмде айтылады?
6.Аранжировка дегеніміз не?
IV топ: 1. Не себепті атақты Мұса «жаяу» атанып кетеді?

2.Неге Жааяу Мұсаның астындағы атын тартып алады?
3.Ең атақты әні қалай аталады?
4.Абай кім?
5.Талғат Мұсабаев ғарышта Абайдың қандай әнін орындады?
6.Қандай әнін орындадық?
(Артқы бетінде салынған аспаптардың суретін құрастырамыз)
III. Сурет салу.
Қандай аспаптар шыққанын айтып әрі карай топтарға тапсырма осы төрт аспаптан баска өздері білетін аспаптардың суреттерін салғызу (салынган суреттерді тақтаға ілу)
IV. Жаңа сабақ.
Сонымен осы аспаптарда ойнайтын музыканттар тобын қалай атаймыз?
Оркестр...Олай болса бүгінгі сабағымыз «Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды» деп аталады. Дәптерімізді ашып күннің жадын, бүгінгі тақырыпты жазамыз. Сосын топтарға бөліп кітаптағы мәтінмен жұмыстанамыз. 20 ғасырда қазақтың ұлт аспаптар оркестрі дүниеге келді. Ең алғашқы ұлт аспаптар оркестрін Ахмет Жұбанов құрды. Оркестр құру үшін Ахмет Жұбанов Қазақстанның түкпір-түкпірінен танымал күйшілерді шақыртып алады. Алғашқы оркестр құрамында бар болғаны 11адам ғана болған. Ахмет Жұбанов оркестрді құру кезінде біршама қиындықтарға кездеседі. Өйткені әрбір күйші күйді өзінше орындайтын. Ал оркестрде орындаушылар күйді бір адамдай орындау керек болатын. Сондықтан Ахмет Жұбанов күйлерді оркестрге лайықтап өңдейді. Күйлерді барлығы бірдей орындай алатындай бір жүйеге түсіреді. Көп дайындықтан соң, күйлерді барлығы бір адамдай орындай бастайды.Оркестр болып орындау үшін әр түрлі дыбыс бояуын беретін аспаптар керек болды. Сол себепті Ахмет Жұбанов арнайы шеберхана ашып, аспап жасаушы шеберлерге домбыра мен қобыздың жаңа түрлерін жасатады. Он бір адамнан тұратын ұжым кейін үлкен оркестрге айналып, 1934 жылы алғашқы концертін берді. Сөйтіп , қазақтың мақтанышына айналған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі дүниеге келді.
Ахмет Жұбановтың өмірімен кыскаша таныстырамын.
V. Музыка тыңдау.
Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында «Сарыарқа» күйін тыңдату.
VI. Дидактикалық ойын.
Аспаптардың дауысын тыңдатып қандай аспап екенін таптыру. Сосын топтар сол аспаптарды қол қимылдарымен салып ойнау.
VII. Дауыс жаттықтыру.
«Оркестрді тыңдаймыз, оркестрде ойнаймыз» деп айта отырып жоғары-төмен айтқызу.
VIII. Жаңа ән.
«Біздің оркестр» әнін үйрену. Сөзін жазған: А.Асылбеков
Әнін жазған: Ж.Тұрсынбаев
1.Өтпейді әр кеш құр, 3. Еш аспап қалмасын,
Ойнаймыз оркестр Оркестр сарнасын.
Дауылпаз бастайды, Бар аймақ кешкісін
Даңғыра қостайды. Дауысын естісін.
Тамаша. Тамаша.
2. Сыбызғы, ысқырық
Қосылар ысқырып.
Домбыра, қобыз да Бар аймақ кешкісін,
Күй төгер мұндайда. Дауысын естісін.
Тамаша. Тамаша.

IX. Қорытынды.
« Мен саған, сен маған» деп аталады. Топтар бүгінгі өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
1.Қазақ халық аспаптар оркестрі қай жылы құрылды?
2.Оркестрді кім басқарады?
3.Қазақтың халық аспаптары оркестрін алғаш құрған адам кім?
4.А.Жұбановтың музыкатану ғылымындағы жазған еңбегін ата.
5.Қазақтың халық аспаптар оркестрі кімнің атымен аталады?
6. Оркестр дегеніміз не?
7.Алғаш оркестр құрамында кімдер болды?
8. Оркестрдің құрамын атаңыз.

Оқушыларды бағалау. Сабақ аяқталды. Сау болыңыз. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды? можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 667 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar