Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және  оқушы көшбасшылығы» -

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1132 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Атаханова Нигора  Абдувахабовна

Н.Төреқұлов атындағы №8 ЖОМ

ағылшын тілі пән мұғалімі,

әдістемелік бірлестік жетекшісі

Түркістан қаласы, ОҚО

І деңгеймен сертификатталған

[email protected]

Коучинг тақырыбы:   «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы»

 

Коучинг жоспары

 

Күні: 20.11.2014

Коучинг тақырыбы:

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және  оқушы көшбасшылығы»

Сілтеме:

Нұсқаулық, суреттер, презентация, бейнежазбалар,  ғаламтор материалдары.

Мақсаты:

Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда мұғалімнің, ата-ананың  көшбасшылығы  туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.

Оқыту нәтижесі:

Топтаса жұмыс атқара отырып, оқушының, мұғалімнің, ата-ананың және мектеп әкімшілігінің ролі және көшбасшылығы  туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.

Негізгі идеялар:

Оқушы, мұғалім, ата-ана және мектеп әкімшілігі өз бойындағы  жігерін, шыдамдылығын  жетілдіру арқылы көшбасшылыққа ұмтылады. Білім, дағды, біліктіліктері дамыйды.

Тапсырмалардың түрлері:

Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.(ассоциациалау,  постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу)

     

Тренинг

«Шаттық шеңбері» бір-біріне таңдаған мамандығына қарай жақсы көңіл-күй тілеу  Мысалы Ақбота саған мықты аудармашы болуыңа тілектеспін...

3 минут (әр топқа 1 минуттан)

Топқа бөлу

Алдын ала дайындалған «мұғалім», «ата-ана», «оқушы» сөздері жазылған стикерлер тарқатылып, кімге қай сөз түссе сол топқа бірігеді.

2 минут

Кіріспе  тапсырма

СТО-ға бағытталған  «Три Я» бейнежазбасын тамашалап, талдау  (2 мин 42 сеунд)

10 минут (әр топқа 2 минуттан)

“Көшбасшы”, «Өмір»  сөзін қалай ассоциациалауға болады? Сіздердің өмірдегі мақсаттарыңыз  қандай  және  осы өмірдегі бүгінгі күнде жеткен жетістіктеріңіз?

6 минут

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы.  Сөйлемдерді аяқтаңыз:

Түйін: Көшбасшы – жол  таба  білетін, өзгелерге  жол  көрсете  алатын, өзіне  жүктелген  міндетті  сезіне  білетін,  ауыртпалыққа  төзе  білетін,  тұлға.

3 минут

№1 тапсырма

ҰБТ-ке дайындықтағы мүмкіншіліктермен кедергілер, кедергілерді жою жолдары. (кластер)

 

 7 минут

Бейнежазба

«Бала тәрбиесі» бейнежазбасын тамашалап, талдау

 (4 минут 15 секунд)

9  минут

№ 2 тапсырма

Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі топтарына «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы көшбасшылық»  тақырыбына постер қорғау.

10 минут

Тренинг-сергіту

«Кім жылдам» ойланбай жауап беруге арналған сергіту сұрақтары

3 минут

№ 3 тапсырма

«Мен ұбт-ке дайынмын» Қалай дайындалу керек , мен қалай дайындалып жатырмын?  Дебат

Әр топ өз ойларын ортаға салады.

7 минут

№ 4 тапсырма

Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмада «Сабақта және сабақтан тыс кезде» көрсетілімін ролімен алып шығып,   әр топ өзінің рөлін сомдау керек. Тақтада оқушы мен ата-ана, оқушы мен оқушы, мектеп әкімшілігі мен оқушы, мұғалім мен оқушы суреттері   ілінеді,  сол   суреттер   рөлін сомдайды,  қорғайды.

15минут

Бағалау

Топтарға ат қою арқылы бағалау

Дарынды топ   -   Ізденімпаз топ   -   Креативті топ   -   Көшбасшы топ

 5 минут

Рефлексия-Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек

7 минут

 

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.