Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҰЛТТЫҚ  МУЗЫКАНЫ ДӘРІПТЕЙ ОТЫРЫП  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ -

ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАНЫ ДӘРІПТЕЙ ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1337 | Размер: | Автор: гость
. http://ustaz.kz/material-zh-kteu
«Нұрорда» мектеп-лицей мекемесі

Музыка және ән айту мұғалімі: Сейдағаламова Г.М

ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАНЫ ДӘРІПТЕЙ ОТЫРЫП
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Музыка – рухани мәдениеттің биік шыңы. Музыка әуезі адаммен бірге жасап, асқақ рух береді, сезімін сергітіп, шабытын шыңдайды. Музыканы қабылдауға үйрету - музыкалық мәдениетті қалыптастырудың негізі болып табылады. Музыкалық шығарманы балаларға ұсыну алдындағы музыка жетекшісінің шығарма барысын шынайы, рухани сезімде сипаттауы және оның әдеби шығармаларды пайдалануы шын мәнінде, сол шығарманың орындалуының бөлінбес бөлшегі, шығарма туралы алғашқы түсінік-танымының алғышарты ретінде аса маңызды қызмет атқарады. Мұның өзі баланың тыңдау, есте сақтау, қиялдау, өз ойында зерделеу қасиеттерін ұштап, адамгершілік-эстетикалық сапаға ұмтылу сияқты шығармашылық қабілетін, музыкалық талғамын жігерлендіреді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамын күшейту қажет. Олар патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» деп атап көрсетті. Осыған орай, қазіргі оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды, оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ұлттық дүниетаным қалыптастырудың тәсілдерінің бірі бұл- ұлттық музыка.
Жастарды халқымыздың ұлттық игілігі болып табылатын дәстүрлі музыкалық өнері негізінде тәрбиелеу, оқыту және олардың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажеттігі айқын.Қазіргі заманғы мектеп өз оқушысына жан-жақты терең білім беруге, оны келешекте өздігінен білім алуына қажет болатын білім мен іскерліктер жүйесімен қамтамасыз етуге, танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамытуға, өздігінше шығармашылық тұрғыдан ойлайтын тұлға ретінде тәрбиелеуі тиіс. Әрине, мектеп адамның бүкіл өміріне жететін білім қорын бере алмайды, бірақ оның білім тірегін алуына, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа әндер, әуендер мен идеяларды бағалауды үйретуге, жаңадан берілген білімді іріктеп алу, қабылдау, түсіну және қолдануды игеруіне толығымен мүмкіндік жасай алады.Халық музыкасы адамзат тарихымен тығыз байланысты және ол үнемі жаңару, жаңғырту, даму үстінде. Қазақ халқының ұлттық әндерін балалар үшін тәрбиелік мәнді құрал ретінде пайдалануға болады. Ұлттық музыкада ежелден ұлттың бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі; халықтың намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары; жылдамдық, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері; шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылық, ептілік, тапқырлық, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған.Оқушылардың әнді орындауын басқара отырып, әнді белгілі бір жүйеге келтіріп айтуға үйретуге, олардың бойындағы қажетті байланыстарды қалыптастыруға болады. Сонымен, білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі-оның жүйелілігі. Білімді жүйеге келтіру мен талдап қорытуға байланысты ұсынылатын тәсілдер мен әдістер сабақтың типтеріне, мақсатына сәйкес әртүрлі кезеңдерінде пайдаланылуы мүмкін, яғни кез келген сабақта білімді жүйелеуге арнаулы уақыт бөліп отырған дұрыс.Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағылымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка мұғалімінің негізгі міндеті толықтырылған кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың педагогикалық шеберлігін дамыту. Жасөспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының музыкалық шығармашылығын дамытады. Жасөспірім – тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие. Эстетика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты. Сонда ғана біз оқушының мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді оқушы етіп тәрбиелей аламыз. Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жасөспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулып, музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелейді. Сухомлинский былай деген: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасы өзгереді». Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады.Музыка пәніне қызыққан бала кейін музыкалық теорияны да оқуға талпынады. Музыкалық практика тек қана өлең айту мен аспапта ойнаумен шектелмейді, сонымен бірге әнді тыңдауда практиканы құрайды. Әндер жеңіл, аспаптар–элементарлы, ал әуендер қарапайым болуы мүмкін, бірақ қаншалықты құралдар мен материалдар жеңіл болғанмен, олардың көркемдік сапасы жоғарғы сатыда болуы ықтимал. Әрине дамудың ең бірінші сатысында музыкаға деген сүйіспеншілік фундаменті қаланады. Келесі сатыда балалар меңгерген білімін музыканы тереңдетіп тануға жұмсағылары келеді. Міне, дәл осы уақытта баланы әр түрлі кезеңдердегі музыкамен, оның бағыттарымен, стильдерімен таныстыру қажет. Сондай-ақ классикалық шығармалармен қатар жаңа заман шығармаларын беру қажеттілігін ұмытпау керек.
Қорыта келгенде, оқушыны музыкаға баулу, музыка арқылы тәрбиелеу жас ұрпақты эстетикалық тәрбиелеудің таптырмас тәсілі. Ұлттық музыка арқылы оқушылардың патриоттық сезімдері оянып, ұлттық дәстүр мен әуенге қанық болып өседі. Бұл дегеніміз, ел болашағының жарқын негізі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.