Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлттық натюрморт -

Ұлттық натюрморт

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2233 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
С.Сейфуллин кенті
Жарық жалпы орта білім беру мектебі
Еңбек және сызу, сурет пәні мұғалімі
Тусупбеков Көмекбай Сейтжанұлы
Сыныбы:

Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық натюрморт
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлттық нақыштағы заттарды салуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың патриоттық сана сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық нақышта қолданылған символдарды және заттарды
сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т.б
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді. Натюрморттың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан.Натюрморт жанр ретінде 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморттың жан-жақты дамуына ұлттық кескіндеме мектептері ұйытқы болды (17 ғасырда). 19 ғасырда өмір сүрген атақты суретшілер Ф.Гойя, Э.Делакруа, Г.Курбе,Э.Мане, т.б. Натюрморттың өркендеуіне ат салысты. Натюрморт жанрының шыншыл да дәлдікпен өзіндік әсерге ие болуы постимпрессионизм шеберлерінің кезеңіне (В.Ван Гог, П.Сезанн, т.б.) сәйкес келеді. Кейіннен фомизм (А.Матисс), кубизм (П.Пикассо, т.б.) ағымдарындағы суретшілермен қатар Мексика (Д.Сикейрос), Италия (Р.Гуттузо) шеберлерінің еңбектерінен де натюрморт көрініс тапты. Кеңестік дәуірде натюрморт жанрында П.П. Кончаловский, И.И. Машков, М.Сарьян ерекше танымал болды. Қазақ суретшілері: Ә.Жүсіпов (“Шыны аяқ”, 1960),А.Ғалымбаева (“Дәмді шай”, 1966), С.Айтбаев (“Кітаптар”, 1966), Т.Тоғызбаев (“Қарбыз бейнеленген натюрморт”, 1974), К.Дүйсенбаев (“Табиғат көрінісі”, 1978), Е.Кәрібеков (“Натюрморт”, 1986), Б.Ақанаева “Күміс натюрморт” (2003), А.Жансейітова “Натюрморт” (2003), т.б. натюрморт жанрының шеберлері атанды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.