Меню
Назад » » »
Ұлттық ойындар
загрузка...

загрузка...
Жумабаева Эльвира,
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің
денешынықтыру пәнінің мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты:
а) теориялық ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.
ә) жетілдіру өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан-жақты түсіндіру.
Құрал- жабдықтар: Ысқырық, доптар, сақина, арқан т. б.

Сабақтың мазмұны:

ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢ

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

10 минут
Спорттық киімдеріне назар аудару
2. Сынып санын түгендеу. Себепсіз оқушыларды анықтау
3. Рапорт қабылдау. Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау.
4. Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау
5. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірімен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізу жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
- Отырып секіре жүру.
- Дем алу, дем шығару.
- Аяқ ұшымен өкшесімен, сыртқы ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірімен жүгіруін ескерту. Алақанға аяқтың ішкі-сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіруін ескерту.
Саптағы бой жазу жаттығулары.
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру.
- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
- Дем алу, дем шығару.
10 минут
Қатарға дұрыс тұруын ескерту.
Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолдың аяққа тиюін ескерту.
Артқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
«Тұтқынға алу» - ойыны
Ойынның ережесі:
Екі топқа бөлінеміз де бір-бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында тұрамыз. Тұрдық па? Енді қарама-қарсы тұрғандар бір-бірінің қолынан ұстап әр бақталас топ өз жағына қарай тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетеді.
«Арқан тарту»
Ойынның ережесі:
Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.

Тартыс — ұлттық ойын
Ойынның ережесі:
Ойыншылар тепе-тең екі топқа бөлінеді, екі-екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір-біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін-бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір-бірімен орын ауыстырады.

Асық ойыны
«Тас қала»
Ойынның ережесі:
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.
Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда сақалар қайта иіріледі.
Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта тұрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бұзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.
Хан талапай
Ойынның ережесі:
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.
ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ
1 Сабақты қорытындылау
5 минут Түгел тыңдауын қадағалау
2 Оқушыларды бір сапқа тұрғызу
3 Үйге тапсырма беру
4 Оқушыларды бағалау.
5 Қоштасу.
6 Бір саппен спорт алаңынан залдан шығару. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұлттық ойындар можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 277 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar