Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлты ұлықтаған Елбасы -

Ұлты ұлықтаған Елбасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1247 | Размер: | Автор: гость
. Аязбекова Бақтыгүл,
№119 жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Мақтарал ауданы
Тақырыбы: Ұлты ұлықтаған Елбасы

Тарих халықсыз, халық тарихсыз болмайды.
Мен қазақпын,биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым,өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Еркіндікті мәңгіге ала келдім,-деп Жұбан Молдағалиев ағамыз жырлағандай, қазақ халқы небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірмеді десеңші! «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан бастап, қызыл империяның 70 жыл бұғауында болып, кешегі желтоқсан құрбандарына дейін де ірілі-уақты азаттық жолындағы қантөгіс шайқастар мұңының дәлелі. Ата-бабаларымыз ұлан-байтақ жерін білектің күшімен, найзаның ұшымен, аттың жолында,түйенің қолында жүріп қорғады. Азаттыққа шырқыраған жанның, судай аққан қанның сығындысы болып барып қолымыз жетті.
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер Түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Әрбір мемлекеттің айрықша белгілері, елдігі айқындалатын қасиетті рәміздер болады.
Қазақстан -Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты!
2006 жылы 7 қаңтарда ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы ҚР-сы Президентінің Конституциялық Заң күші бар жарлығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Конституциялық Заңының жобасын екінші оқылымда қабылдады. Заң жобасы бойынша ҚР-ның жаңа Әнұраны болып бүкіл қазақстандықтардың Ұлттық Қазынасына айналған, жалпы халық мойындаған Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні бекітілді. Сондай-ақ, әнұранның мәтіні бойынша белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне бір қатар өзгертулер енгізген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған нұсқасы қабылданды.
Сондықтан да заң жобасы бойынша жаңа Әнұранның әнін жазған Ш.Қалдаяқов, сөзін жазғандар - Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев болып табылады.
Жаныңа жақын, жүрекке жылы тиетін «Менің Қазақстаным» дегенде, кеудеңде мақтаныш сезім оянатын бұл әннің гимнге айналғанын бүкіл халық зор қуанышпен қабылдады. «Қазақ»деген киелі халқымен бірге жасай беретін «Менің Қазақстаным» Әнұраны мәңгі шырқала бергей!
Бәрі болған қазақ деген көне елде
Елбелгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге.
Мағыналы, сымбатты,
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты,
Елтаңбасы елімнің.

Азаттықтың ақ таңы атты
1991 жыл16 желтоқсан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманына орындалды.
Дүниеге жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. Азаттықтың ақ таңы атты!
1991 жыл 2 желтоқсан бүкілхалықтық сайлауы қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.
Көтеріп тәуелсіздік туын биік,
Келесіз туған елді сүйіндіріп.
Өттіңіз талай қиын асулардан,
Кеудеге сан ғасырдың сырын құйып!

Егемендікке қол жеткізгенімізге тәубе дедік. Бірақ тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы кезең өте қиын болды. Себебі, Қазақстан кәсіпорындарының 95 пайызы орталықтан басқарылатын. Басқару, финанс, әкімшілік байланыстарының үзілуі ел экономикасының тоқтап қалуына әкелді.
Осындай сын төзгісіз жағдайда ел тізгінін қолға алған кемеңгер,сындарлы саясаткер Елбасымыз тарих сахнасына шықты.
Ол бірден істі кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудан бастады.
Дамуымызға әлемдік тәжірибе тұрғысынан қарап,талдау жасай білді.
Мүлдем күйреуге ұшырамас үшін Елбасы бірінші кезекте жоғары экономикалық кеңес құрып, оны ең тәжірибелі мамандар басқарды.
Қазақстан Республикасының құрылған алғашқы күнінен бастап Алматыда жоғары партияның негізінде М.Э.Б.И - Қазақстан менеджмент экономика және болжау жоғарғы мектебі құрылды.
Ғылым мен білім деңгейін көтеру мәселесі кезек күттірмейтін қажеттілік болғандықтан аса дарынды қазақтың ұлдары мен қыздарын Батыстың және Американың университеттеріне жіберіп отыратын «Болашақ» қорын құрды.
Елбасымыздың бастамасымен 22.12.1991 жылы 11 мемлекет басшысы қол қойып,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Орталық Азия одағын құрды.

Даланың жайып қуатын,
Тауда өскен шынарсың.
Ғасырда бір-ақ рет туатын,
Ғасырдың ұлы шығарсың.

Н.Ә.Назарбаев еңбекші отбасында дүниеге келді, қазақ мектебінде оқып, мамандық игерді, металлург болып жұмыс жасады.
Жастық шағында,алғашында комсомол ұйымында, кейіннен партия органдарында саяси және ұйымдастыру жұмыстарының әліппесімен танысты. Ерекше қабілеттілігі, жұмысшылардың өмірі мен етене таныстығы,табанды еңбекқорлық - жас басшыны басқару ісінің ең ұшар шыңына шығарды.1989 жылғы маусымда ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, ал 1990 жылғы сәуірде жоғарғы Кеңес оны Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті етіп сайлады. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында КСРО-ның лидері рейтингінде бірінші орын алған танымал саясаткерлерінің бірі болды.

Үстіне жүгін мол артқан,
Сен барда елің еңселі.
Болашаққа көшің жол тартқан,
Сенімнің сынбай семсері.
.

Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұлттық көшбасшы, ықпалды жаңа мемлекет құрушы, әлем құрметтейтін және қажетсінетін мемлекет қайраткері ретінде танылған тұлға.
Президенттің тікелей бақылауымен жүзеге асырылатын дағдарысқа қарсы бағдарлама индустриялық-инновациялық даму негізінде жаңару стратегиясына көшуге ғылыми –техникалық прогрессті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиясы әзірленді. Көрнекті тұлғаларды ісі мен әрекетіне қарап бағалайды. Ұлы адамдардың басты ерекшелігі - әлеуметік прогресті ілгерілетуге және уақыт алға тартқан міндеттерді ұтымды шешуге оның қызметінің қаншалықты ықпал ететіндігімен көрінеді.

Жүрген соң қанатыңды көкке жайып,
Атағың жер жүзіне жеткені анық.
Ішінде аз жылдардың әлем білген,
Менің Ұлы Отаным, неткен алып!

Қоғам бірлікте болған ұлттық ортақ идея қалыптасқан жағдайда ел де қарқынды дами түсетінін тарих көрсетіп отыр. Ол - тәуелсіздік идеясы, бәсекеге қабілетті идеясы, көркею идеясы. Бір идеяға жұмылдыруда Елбасымыз көшбасында тұр.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен әзірленген еліміздің 2030 стратегиялық даму жоспары біздің негізгі жол бағдарымыз болды.
Елбасымыздың көреген де батыл саясаты негізінде Қазақстан мақтан тұта алатын ерекше маңызды әрі мәнді жолдан өтті.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткер ретіндегі жоғары халықаралық беделі мен мәртебесін нақтылайтын тарихи оқиға - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі болып табылады.
Елбасымыздың басқа көптеген мемлекеттердің басшыларынан бір саты биік тұр. Бұл әлемдік саясаттағы сирек кездесетін құбылыс.
В.Путин Елбасымызды осы заманның көрнекті саясаткері,- деді.

Елбасы жолдады – елі қолдады

Қазақтың мойындатсаң алыптығын,
Байтақ ел,
Қолдап отыр халық бүгін,
Еңсесі осынау туған елді.
Жырлай бер,
Жырла сен де шабытты үнім!
Біз тәуелсіздік алып жаңа қадам бастық. Осы күнге дейін біз биік белестерді бағындырдық.
Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп,110 ел арасынан 50-орынға көтерілді.
Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарына келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5302 мектепке дейінгі мекемелер,1117 балабақша мен 4185 орталық ашылды.
Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.
Біз осылайша аз жылда абырой артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық.

Қазақтың өрге тартты Нұрсұлтаны,
Жарқырап, атсын жайнап әрбір таңы.
Дамыған елу елге қосылам деп,
Ерен ер алға қарай бір шырқады.
Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.
Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.
«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.
Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар. Біз университеттік білім беруді дамытуымыз қажет.
Бүгінде жаңа «Назарбаев университеті» арқауында нарық сұранысына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптастырылуда.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша,1534 мини орталық,137 жекеменшік балабақшалар салынды.
2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады.
2020 жылға қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін боламыз.
Азаттық, тәуелсіздік арман еді,
Жасырын бір күй еді жүректегі.
Арманды ақиқатқа жалғап елім,
Халқымның орындалып тілектері.
Қазақпен әрқашанда мақтанамын,
Қазағым: «Аттан!» десе аттанамын.
Нұрсұлтаны бар елдің арманы жоқ,
Ойыма алған сайын шаттанамын.
Бірлігін қаншама ұлттың татулығын,
Айшықтап,а й-жылдарым жатыр бүгін.
Жебей гөр,
Көкте Тәңір,
Жерде халқы,
Қазақтың Нұрекендей ақылды ұлы!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.