Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлы Отан соғысына – 70 жыл -

Ұлы Отан соғысына – 70 жыл

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1180 | Размер: | Автор: гость
. Ұлы Отан соғысына – 70 жыл

Бостандық таңы атып жер бетіне ,
Халқымның күлкі үйіріліп келбетіне,
Тәуелсіздігі тұғырлы, өмірі ғұмырлы,
Мәңгілікке,Жеңіс туы желбіреп, жер бетіне.
Соғыс - күйртеуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Адамзат тарихындағы ең сұмдық топан суы қаптағандай бір сәттер болып өткеніне 70 жыл толды.Бүгін – Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл : қазақстандықтандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысы… Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын . Сұрапыл соғыста мерт болған ерлердің рухына,бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етуіміз керек. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады.Солардың жанымен, терімен, көз жасымен, ісімен,ерлігімен, Отанның туын жықпай,ананың намысы үшін жердің топырағын жауға таптатпай,қасық қандары қалғанша,еңіреп жүріп жауды жеңіп,тауын шағып, туын жығып, жемісті жолға аяқ басқан сәт – Жеңіс күні.Бұл керенау мінездің торына шырмалсақта, толғағы ашшы болса да,туғаны бар халқы үшін қуаныштың дәні іспеттес. Сондықтан да Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш -" бірлік пен ынтымақ" . Қаншама халық бір тудың астына бірігіп,бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық.Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіле мән беріп қарасақ,қазақтардың алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанынын айтсақ та жеткілікті.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық – шекарашылар болды. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста,Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.
Міне осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Ешкімде,ешқашан да ұмытылмақ емес. Ендеше, бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ.Себебі,біз қазіргі таңда тәуелсіз,еркін мемлекетте мәнді де, мағыналы ғұмыр кешудеміз.
Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысына ерлік көрсеткен, батыр және қаһарман аталарымызбен апаларымыздың құрметіне мектептерге,көшелерге,елді – мекендерге есімдері берілген.Қан майданда қасық қандары қалғанша,Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпай құрмет көрсету біздің парызымыз.
Қазақ елінің дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып,ең бастысы бейбітшілік пен ынтымақта өріс алып,халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы – тұңғыш президенттіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының,үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз,XXI ғасыр жастары,осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз! Мәңгілкке Жеңіс туын желбірей берсін! Жаса , Жеңіс!


Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Ұзынарык елді – мекені Қ.Байболов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Бөлен Жанар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.