Меню
Назад » » »
Ұлы тұлғалы кемеңгер
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: «Ұлы тұлғалы кемеңгер»
Мақсаты:1.Данышпан ақын Абайдың өнер-білім туралы өсиеттерін паш ету.
1. Абайдың ұлы кемеңгер ақын екенін ХІХғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы атақты «дара» ақын болғанын білдіру, Абай өлеңдеріндегі тарихи шындықты ашу, Абайдың аудармашылығы, сазгерлігі, қара сөзі туралы әңгімелей отырып, оның даралығын дәлелдеу.
2. Абай өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білімге, ғылымға, құмарлығын арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Абай портреті; Абай шығармалары; Абай туралы энциклопедия; Қазақ классиктерінің Абай туралы айтқан қанатты сөздер.
Өткізілу барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
І жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»,-деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, біз бүгінгі тәрбие сағатын ақындық пен данышпандықтың бар асылын бір басына жинақтаған рухани әкеміз Абайға арнап отырмыз.
ІІ жүргізуші: «Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары әдебиеті мен мәдениетінің шамшырағы»-деп білеміз.
І жүргізуші: Ғылымды іздеп, дүниені көздеп екі жаққа көп үңілген
13жасар Абаймен азабы көп ауыр өмірде шаршап шалдыққан, мыңмен жалғыз алысып, жүрегі қырық жамау болған ақын атамызды әнімізбен, жырымызбен атап өтуді жөн көрдік. Сәбилік жүрегіміздің лүпілін Абай рухы қабыл алар дейміз.
1-оқушы:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қондырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
2-оқушы:
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жан, құбақан құм, құла қырды
Өлеңнің бесігіне тербеткен кім?
3-оқушы:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үйінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
4-оқушы:
Ақын еді ол елдің мұңын жыр еткен,
Жарыққа алып шығу үшін түнеткен.
Ақын еді ол мыңмен жалғыз алысып,
Халқын ойлап, күйінішпен күні өткен
Ақын еді ол жұртты аузына қаратқан
Әрбір сөзі құйылғандай болаттан.
Ақын еді ол жұлдыз болып жарқырап,
Қараңғы елдің ой-санасын оятқан.
5-оқушы:
Бөледік бүгін гүлге күмбезіңді,
Айтамыз мақтанышпен күнде өзіңді
Қазақтың тұңғышы сен ерте оянған,
Пушкинмен ұштастырған ой-сезімді.
6-оқушы:
Жыр жаздың ән талғадың, шерттің күйді,
Орыстың мәдениетін жаның сүйді,
Лермонтов, Крылов пен Толстойды,
Сүйдің сен, дедің солар терең ойлы.
ІІ жүргізуші: Абай сол ел-жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
І жүргізуші: Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.
ІІ жүргізуші: Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың даналығы да міне осында.
Көрініс: «Әке арманы»
І жүргізуші:Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
ІІ жүргізуші: Енді ақынның өмірі туралы кейбір деректерді тыңдайық.
Сымбат: -Абай 1845жылы 10тамызда, Семей облысы, Шыңғыстау ауданында дүниеге келіп, 1904жылы 59жасында өзінің туған даласында дүние салды. Негізгі хатқа түскен аты – Ибраһим болса да, әжесі Зеренің еркелетіп қойған нәзік үнді Абай деген есіммен атап кеткендіктен халықта солай атап кеткен.
Бауыржан: -Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Ырғызбай Тобықтының биі болған.
Шынар:Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Оған басқа рудың адамдары жүгініп, дауын шешкізген.
Қайрат: Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің Аға сұлтаны болып сайланған. Ол өмірінің соңында Меккеге барып келген соң, ел билігінен бойын аулақ ұстайды.
Сәндібек: Абайдың шешесі Ұлжан Бошан Руынан тарйды. Ұлжанның төркіні Қонтай мен Тонтайдың елшісі бүкіл қазақ біледі. Тонтай өзі малды кісі екен.
Құралай: Абай 10-12жас аралығында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал 12жасында Семейдегі Ахмет Риза медрессесіне оқуға түседі. Медресседе жүргенде 14жасында үш ай орыстың «Приходская школында» орысша сабақ оқиды.
Мәдина: Осы 4жылдық медресседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15жасында үлкендерден білім артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізді. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлайды.
Қалыбек:20жасында Абай от тілді, шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Ол, мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Егер ескі заң кезінде өмір сүрсе, атақты би аталар еді.
Дамир:-Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренеді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.
Фархад: - Абай 30жасында атағы шыққан білікті адам болды. Бүтін елдің басты адамдары жақын болып, араздық қылмай жүреді. Ұрлық қылған кісіге жазаны аямай салып, қысымшылық көрсетеді.
Ұлболсын: Абайдың өнерге бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі Абай ауылына қонақта болып, Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған.
Жұбандық:Орыстың ұлы ақындары мен жазушыларының шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін, үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
Күреңхан:1904жылы мамырда Абайдың сүйікті ұлы Мағауия қайтыс болды. Кезінде денсаулығының нашарлауына байланысты сүйікті ұлын қалалық ушилищеден шығарып алады. Бұл қаза Абайды қатты қайғыртады. Ақын ешкіммен сөйлеспей, көптен өзін алыс ұстайды. 40 күннен соң өзі қайтыс болады.
Мұғалім: Абай кестелі сұлу сөздің иесі, кқркем әдебиеттің темір қазығы. Өшпейтін жарық жұлдызы.
І жүргізуші: Абай – ақын. Туған жердің табиғаты, туған отбасы, өмір сүрген ортасы, заманы барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оқығандығына, ойшылдығына ықпал етті. Абай жылдың 4 мезгіліне арнап өлең шығарды.
Жаз
Жаздыгүні шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқынң,
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер,
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Арасында құлын-тай,
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары - төмен үйрек, қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап. . .
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан,
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай.
Қыс
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды,
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үйі шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті қолы домбығып үсік шалды,
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырып жердің жүзі,
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен құстарға сайда ду-ду,
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сылбыр қағып бұраңдап ағады су.
Ән «Желсіз түнде жарық ай»
ІІ жүргізуші: Абай өз шығармаларында қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке шақырған.
Оқушы:
Адам болам десеңіз
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпанды білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Оқушы:
Әсемпаз болма әрнеге
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға
Әділет шапқат кімде бар?
Сол жарасар туғанға!
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа
Алдың –жолын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып
Мақтануды іздеп, қайғы алма!
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма!
Өзіңді бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден,
Қызғанышын қоздырып,
Азапқа қалма езбеден,
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
І жүргізуші: Абай – сазгер. Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған, жетік білген. Жаяу Мұса, Ақан сері, Біржан сал, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған.Өзі де бірнеше өлеңдерге ән шығарған.
Ән «Көзімнің қарасы»
ІІ жүргізуші: Абай – ойшыл. Абай ойшыл деп айтқанда біздің есімізге қара сөздері түседі. Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 46қара сөзі бар.
Қара сөздерге кезек берейік.
6-сөз:
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды – бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады –білмейді.
Қазақ ойлайды бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан на пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? –Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес.
«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ ондай тірлік итте де бар. Жанын қорғап, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан қашып, еріншек атанып дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады.
Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады, өзің тірі болсаңда көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың - пысық, ішің – нас,
Артын ойлап ұялмас –
Болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.
19-шы сөз:
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сонадайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды. Соны адам десе болады.
29-шы сөз:
Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгілі не құдайшылыққа, не адамшылдыққа жарамайтыны да бар.
«Жарлы болсаң, арлы болма» дейміз, ардан кеткен соң, тірі болып жүргенің құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпен мал тап деген сөз болса,- ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса қар жанады, сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрған құдайұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек не аққан терден сұрау керек.
37-ші сөз:
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:
Әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек.
2-нші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек. Көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек.
3-ші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек.
4-ші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек.
Ой кеселдері: уайымшыл, салғырттық, ойыншы, күлкішілдік, я бір қайғыда салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
42-ші сөз:
Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады, һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де бірінен – бірі өнерлі тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты я талапсыз болсын, әйтеуір бәрекелдіні керек қылатұғыны болмайды. Әрнешік орынсызба, орынды ма «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады.
І жүргізуші:
Көрініс, 17-ші қара сөзінен:
Қайрат: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмлетке жетпейтінін. Әуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?
Ақыл: Не дүниеге, не пайдалы болса, не залалы болса, білетұғын мен. Сенің сөзіңді ұғатын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды. Ғылымды оқып, үйрене аламайды. Осы екеуі менімен неге таласады? Менсіз өздері неге жарайды?
Жүрек: Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен етеді, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсек те, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісіге, төсегі жоқ, киімсіз тоңып жүргенін, тамағы аш екенін ойлатып, жанын ашытып, ұйықтатпай, төсегінде дұрыс жатқызбайтын мына мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылатын мен. Бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын. Жақсылыққа елжіреп, еритұғын мен, жаманшылықтан жиренетін- мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық бәрі менен шығады, менсіз олардың көрген күні не? Осы екеуі менімен неге таласады.
Ғылым: -Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бәрі рас, сенсіз болмайтыны да рас. Бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол. Кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.
Ей, ақыл! Сенің де айтқандарыңның бәрі рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ, сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының да, жаманның да сүйгені сен, екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман.
-Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық істеріңе жаны құмар, жаманшылыққа жаны қас.
Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді, орынды іске күшіңді аямайды, орынсыз іске қолыңды жібермейді. Үшеуің бастарыңды қосып, бәрін жүрекке билетің.
Осы үшеуің бір кісінің бойынан табыла білсеңдер қасиетті адам сол үшеуің ала болсаңдар, мен жүректі жақтаймын.
ІІ жүргізуші: Абай – аудармашы. Абай А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударды.
И.А.Крылов, Лермонтов, И.Гете шығармаларын сүйіп оқып, оларды қазақшаға аударды.
Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа»
Автор:Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған,
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде – тамақ, бірінде – үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй,
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тонған, қарны ашқан
Ойын қайда ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, кыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады
Сабанда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп, жығылды,
Аяғына бас ұра,
Шегіртке: Қарағым, жылытып тамақ бер,
Жаз шыққаншаасыра!
Құмырсқа: -Мұның жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Шегіртке: -Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып ән салып,
Өлеңнен қолым тидіме?
Автор: -Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер.
І жүргізуші:
Абай десе Абайсың,
Абайладың жан-жақты,
Риза еттің жарайсың,
Қалың елің қазақты.
ІІ жүргізуші:
Мынау тұрған Абайдың суретіме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне
«Зердемде» мыңмен жалғыз алысқаның
Даланың дара туған данышпаны,
Сарайыңның кеңдігі-ау Сахарадай
Жүрегіңнен «Қаламқас» ән ұшқаны
Іжүргізуші:
Ол қалдырған күй даланы кернейді,
Ұшқан оттай құс қанатын сермейді,
Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,
Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді,-деп
Ұлы бабамыз Абай арман еткен тәуелсіздігі бүгінгі күні қалың елі қазағының қолында болып, енді бақытты ұрпақ біздер ел еркіндігін көзіміздің қарашығындай қорғап ұлт үмітін ақтауға тиіспіз.
Көрнекілікпен жұмыс.
Нақыл сөздерге тоқталу.
Қорытынды: Көрініс «Абай мен Әбіш»
Автор: Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті.
Жайғасып, болған соң.
Наушабай: Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болдыма?
Абай: Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Сол баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:
-Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма деп сұрадым.
Ол ақ зат асыл – деп жауап берді.
-Неге қара зат асыл емес пе,-дедім
-Қараны асыл дейсіз бе,-деп сұрады
-Біріншіден, адам баласы дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе- бірақ, көздің ағы көрмейді, қарашығым ғана көреді.
Міне, қара заттың асылдығына осы дәлел емеспе,-дедім
Екіншіден, ақ қағаздан адам оқып, білім ала алмайды. Үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады.
Сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын.
Сонда Әбіш:
-Оның бәрін қалай білдіңіз?
-Ақылмен білдім,-дедім.
-Олай болса, ақыл мида болмайма, ал ми ақ зат емеспе? 2-ден ақыл-нұр, жарық зат. О, да аққа ұқсамай ма деп жауап берді.
Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болдым. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұлы тұлғалы кемеңгер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 273 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar