Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлы Жеңіске – 70 жыл -

Ұлы Жеңіске – 70 жыл

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1106 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған викторина әзірлемесі
«Ұлы Жеңіске – 70 жыл»

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі

2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіске – 70 жыл»

Мақсаты:
Оқушыларды туған жерді сүюге, елді қорғауға, Отанына адалдыққа тәрбиелеу. ҰлыОтансоғысы кезінде ерлердің ерлігі, соғыс тактикасын меңгерген шеберлігі туралы айту.
Ерлікке тағзым ете білуге, ағалардың отан қорғауда қосқан үлесі туралы білгізу.

Түрі: викторина
Көрнекілігі: Жауынгерлер портреті, Музыкалық құралдар, тақырыпқа сай безендірулер, буклеттер, соғыс кезіндегі жауынгерлер суреті, шарлар.
Жоспар:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Викториналық сұрақтар
3. «Ленинградтық өренім» Ж.Жабаевтың өлеңі
4. Қорытынды бөлім.
Барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
1.Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Елдегі бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Аналар ұлдарын, қыздар сүйген жігіттерін, келіншектер сүйген жарларын соғысқа қимастықпен шығарып салып жатты.
Викториналық сұрақтар

1. Рейхстагқа ту тіккен батыр қазақ (Рақымжан Қошқарбаев)
2. Қазақстан Республикасындағы ең жоғарғы награда (Халық қаһарманы)
3. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? (1941 жылы 22 маусым)
4. Ұлы Отан соғысында полк басқарғандардан кімдерді білесіңдер?
(Георгий Жуков, Иван Конев, Родион Малиновский, Константин Рокоссовский, Александр Василевский, Федор Толбухин, Кирилл Мерецков, Леонид Говоров, Алексей Антонов).
5. Жау дзотының амбразурасын денесімен жапқан батыр кім?
(Александр Матросов)
6. Панфиловшылар деген кімдер? (И.В. Панфиловтың басқаруымен 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері, 1941 жылы Дубосеково разъезінде шайқасып, Москваны қорғаған)
7. Ең жеңіл, жылдам маневрлі соғыс ұшағы (ЯК-3 истребитель Ястребок)
8. Кеңес одағының үш мәрте ұшқыш батырлары (Иван Кожедуб, Алексей Покрышкин)
9. Ұшқыш Николай Гастелло қандай ерлік жасады? (Өзінің өртеніп бара жатқан ұшағын жаудың танктері мен автомашиналары тұрған колоннаға бағыттап, сол жерге құлап, жауға көп шығын келтіріп өлген)
10. Батыр ұшқыш, екі аяғы жоқ болса да, самолет жүргізген (Алексей Маресьев)
11. «Артымызда Москва» кітабының авторы (Бауыржан Момышұлы)
12. Панфиловшыларды ұрысқа көтерген аға сержанттың фамилиясы кім? (Клочков)
13. Ұлы отан соғысының батыры, қазақтың мерген қызы кім? (Әлия Молдағұлова)
14. Пулеметші қазақ қызы кім? (Мәншүк Мәметова)
15. Ұлы Отан соғысының аяқталған мерзімі (1945 жыл 9 мамыр)
16. 13 гвардиялық минометті халық арасында қалай атаған? (Катюша)
17. Тыңшы деген кім? (қарсыластары туралы құпия информация жинаушы адам)
18. Әскер қатарына қалай алдырады? (шақырту жібереді)
19. Әскер қатарынан босатылуды қалай атайды? (демобилизация)
20. Қатардағы жауынгерден кейінгі әскери атақ (Ефрейтор)
21. Жаздық әскери бас киім (Пилотка)
22. Бірінші автоматты құрастырушы (Михаил Темофеевич Калашников)
23. Отан қорғаушылар күні қай күн? (7 мамыр)
24. Әскер қатарына жылына неше рет шақыртылады? (2 рет -Президент жарлығымен, Қорғаныс министрінің бұйрығымен)
25. Әскерлер өмір сүретін ғимарат қалай аталады? (казарма)
27. Соғыс қаруларын жасаған орыс конструкторларын ата (Макаров, Калашников, Дегтьяров)
28. Әскери наряд деген не? (Әскердегі жазалау)
29. Әскерлер қандай бас киімдер киюі керек?
(Пилотка, беретка, каска, фуражка)
30. Пулеметті алып жүретін (тачанка)
31. Үнсіздік минуты деген не? (қаза болғандарды еске алу)
32. Майордан кейінгі әскери атақ (подполковник)
33. Десантшылар күні (2 тамыз)
34. Майордың алдындағы әскери атақ (капитан)

Жау қолында қалмасын деп жауынгерлердің жүрегіне жалын тастап отырған Жамбыл бабамның жыр жолдарын тыңдайықшы

Ленинградтық өренім
Жамбыл Жабаев
Ленинградтық өренім
Мақтанышым сен едің
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі
Төккенім жоқ терімді
Шер қылғалы кеудені
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі
Жауда қалып Ленинград
Жаралған жоқ көнгелі
Қазақстан жерінен
Тұтанғандай ел кегі
Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері
Ұрпаққа үлгі болыңдар
Замананың өрнегі!

Жүргізуші:
Жамбылдың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім! жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

Қорытынды бөлім.
Жас ұрпаққа үлгі болған отанның ұлдары, ер-азаматтары қандай құрметке болсын лайықты. Ардагерлерге тағзым етеміз. Ел қорғаған батыр бабаларымыздың ерлігін ұмытпау үшін, оларды құрметтеу үшін біз не істей аламыз? Ардагерлеріміздің көпшілігі өмірден өтті. Олардың саны азайып бара жатыр. Оларға деген құрметімізді ешқашан жоймауымыз керек. Жылдар өткен сайын олардың ерлігін, қадір-қасиетін терең ұғынып келеміз. Ата-бабаларымыздың ерлік жолын құрметтеудің , рухын асқақтатудың бір ғана жолы олар туралы көп оқу, киноларды көру, тарихпен терең танысу. Бұл біздің, яғни жас ұрпақтың алдындағы үлкен міндет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.