Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлы Жеңіске 70 жыл толу қарсаңында өткізілетін патриоттық бағыттағы тәрбие сағатының әзірлемесі -

Ұлы Жеңіске 70 жыл толу қарсаңында өткізілетін патриоттық бағыттағы тәрбие сағатының әзірлемесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1566 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

Ұлы Жеңіске 70 жыл толу қарсаңында өткізілетін патриоттық бағыттағы тәрбие сағатының әзірлемесі

«Соғысқа азаматтар аттанған күн...»

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі

2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Соғысқа азаматтар аттанған күн...»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды туған жерді сүюге, елді қорғауға, Отанына адалдыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, ерлердің жанқияр ерлігі туралы білімдерін кеңейту.ҰлыЖеңіс туралы мағлұмат беру.
Түрі: Әдеби монтаж, сахналанған қойылым.
Көрнекілігі: аудиожазба (Левитанның даусы), тақырыпқа сай безендірулер, буклеттер, соғыс кезіндегі жауынгерлер суреті, шарлар.
Жоспар:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Әдеби қойылым
3. Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар
4. Көркем сөз «Жеңіс»
5. Бейбіт күн тілегі» хор
6. Қорытынды бөлім
Барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Елдегі бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Аналар ұлдарын, қыздар сүйген жігіттерін, келіншектер сүйген жарларын соғысқа қимастықпен шығарып салып жатты.

Көрініс. «Соғысқа азаматтар аттанған күн...»

-Жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңіл көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқамаймыз ба?
Қыз:Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық («Желсіз түнде жарық ай» әні)
(Күн райы бұзылып, күн күркірейді. Радиодан дауыс естіледі.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді. (Ауыл адамдары жинала бастайды)
Әйел: Соғыс, соғыс дейді естідіңдер ме?
Әйел: Сұмдық-ай, соғыс дей ме? Енді қайттік, күніміз не болар екен?
Үлкен әйел: Қойыңдар, жыламаңдар. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтарымыз бар емес пе?
Ер азамат: Туған жерді қорғауға біз міндеттіміз. Ендеше Отан үшін аттанайық.
Барлығы: отан үшін аттанайық!
(Священная война музыкасы ойнап тұрады. Мылтық, миномет, снаряд дауыстары естіліп тұрады).
Автор
Қиылды қанаты тәтті арманның
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің
Әлемде ең сұмдық күн ана үшін-
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты ашық сәні қашты аспанның
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның
Анаға ең ауыр күн тіршілікте
Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн.
Аналар уайымдаса уайымдасын
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп
Жеткізді жерге дейін қайың басын
Ана:
Сен кетсең солды гүлім, өшті күнім
Жайылар қос қолым мен қос бұрымым
Келгенше қайта айналып кім бар, кім жоқ
Тапсырдым бір құдайға, қош, құлыным!
Баласы:
Қайтармын соғыстан қол босағасын,
Сенемін, сен үмітпен тоса аласың.
Майданға кіргеннен соң хат салармын
Жылама, қош болып тұр, қош, анашым!
Жас келіншек:
Қайтарып жаудың бетін ұлы еліңнен
Аман-сау, осы бозаң шинеліңмен
Туған жерге бидай мен гүл егілген
Оралыңдар, жігіттер, түгеліңмен
Ері:
Кезіміз ерліктермен көрінсек дер,
Сендер емес ерлердің жолын шектер,
Қандай заман болса да, күдер үзбей,
Күтіңдер күні-түні келіншектер.
Қарындас
Ағалар, жүрегімде жаңа әнім бар
Кетпесін тұншықтырып оны ағындар
Адамдар қалыпты өмір сүру үшін
Ауылға аман –есен оралыңдар!
Жігіт:
Біздерді сағынғанда еске алыңдар,
Бізде де жүректе үміт, баста мұң бар
Арнаймын жеңісімді өздеріңе
Қара көз қарындастар, қош болыңдар!
Автор
Аналар тілек айтты, қол жайысты
Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты
Ерлердің екпінінен дауыл тұрып
Қалың қол табанында жер қайысты.

Алар жау сыбағасын оңбай бізден
Шығамыз соңғы күшпен, соңғы айбынмен
Қорғаймыз байтақ елді, өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген

Найзағай жиі-жиі шақпақталып
Майданға азаматтар жатты аттанып
Ежелден біздің елдің рухы асқақ
Сенімін қалды сонда сақтап халық

Бақытқа қол созған ел едік анық
Жау жауыз келгісі бар өлім алып
Отанды ойрандатып қоя алмаспыз
Жеңеміз, жеңілмейміз деді халық!

Мұғалім:
ҰлыОтан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астамқазақстандық қаза тапты. Адамзаттарихындағыбұлең зұлмат соғыс 20 миллионнанастам кеңес азаматтарыныңөмірін қиды. 1 710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар, 31 850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мыңшақырымТемір жол, 4 100 теміржол стансасы, 36 мың пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасыжәнебасқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. 40 мыңдай аурухана немесебасқа да емдеумекемелері, 74 мыңмектеп, техникум, жоғарыоқуорны, ғылыми-зерттеуинституттары, 42 мыңкітапхана жәнебасқа да көптеген нысандаржойып жіберілген, тоналған.
Бүгін Қазақстанныңбарлыққалалары мен ауылдарындаДаңқ монументтеріне, ҰлыОтан соғысында қаза тапқан жауынгерлердіңескерткіштеріне гүлшоқтарынқоюрәсімдеріөтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауыкерек.
Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Сөзі: Сырбай Мәуленов Музыкасы: Т.Әбілхатич

Жаутаңдап қарап дала тұр
Көз жасын сүртіп ана жүр
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр

Қанша үйдің ұрлап адамын
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе ұлын ананың
Соғыстан қайтқан солдаттар

Кешікпей жарым келер деп
Төрінен сайлап орынды
Батысқа қарап елеңдеп
Ару жүр тосып жолыңды

Көтердің бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтап
Көрдің бе жарын арудың
Соғыстан қайтқан солдаттар

Кетерде солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл
Көкемді айтпай танырмын
Деген бір сәби бала жүр

Қайырылмай қалай кетесің
Хабарсыз қалай ол тоқтар
Көрдің бе оның көкесін
Соғыстан қайтқан солдаттар

Қаралы қағаз жіберіп
Қаншама қайғы салды оқтар
Барады үнсіз түнеріп
Соғыстан қайтқан солдаттар

Көркем сөз «Ұлы Жеңіс!»
Сен болмай, топталып жер, құрып егіс
Тауысып өзен суын, нуын өріс
Отан сәл дағдарғанда дабыл қағып
Келдің бе айналайын ұлы жеңіс

Көркіңнен ел де өзгеріп, көл де өзгеріп
Алдыңнан мейрамдаған ел кез келіп
Келіндей көп күттірген жарқ етіп бір
Келдің бе ұлы жеңіс кербезденіп

Бөленіп кеткендей-ақ алауға алап
Гүлдердей ашылсын деп жадау қабақ
Келдің бе май айында біздің байтақ
Далаға қызғалдақтан жалау қадап.

Халықтың орындалды ұлы арманы
Жігіттер жасымаңдар жігер кәні
Соғыстың заңы солай қатысқанның
Қайтпайды туған жерге түгел бәрі.

Жолдардай қуаныш пен тоғысты мұң
Жан толқыр сәттері бұл жер үстінің
Сүйінші, сүйінші деп бебеу қағып
Күй болып тартылып тұр жеңіс бүгін.

Қабағым-қату, жанарым жасты жабы бұлт
Аспанды түгел алыпты басып жанығып
Табиғат өзі көз жасын тұр ма тыя алмай
Қияда өлген қыршын жастарын сағынып.

Төпеші жаңбыр, кәнеки дүние бұрқаншы
Жетіп бір кел де жеңістің әні шырқалшы
Ағаларымды, әкемді мен де сағындым
Оттан да ыстық көзімнен ұшты бір тамшы.

Таусыла жаздап шыдам да, таудай төзім де
Ем болмас шақта айтылған ақыл өзің де
Бұл жеңіс келген жер үсті шаршап соғыстан
Таңғы бір тәтті ұйқыға кетер кезінде.

Ұйықтамай отан көз ілмей таңды таңға ұрып
Мелшиген мына танктермен бірге жанды үміт
Бұл жеңіс келген он жасқа толған кезімде
Анамды жарсыз, әкесіз мені қалдырып.

Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні хормен орындалады:
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орынын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Қайырмасы.
Қорытынды бөлім.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1миллион
200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы
мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда
328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік
ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда, қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, ел басына күн туғанда ел үшін, Отанды жауға бермеу үшін күресу, отан үшін янбай еңбек ету – әр адамның парызы, азаматтық борышы екенін түсіндік. Еліміз аман, бақытымыз баянды болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.