Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы -

Ұлы Жібек жолының қалыптасуы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2390 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:
білімділік: Ұлы жібек жолы, оның халықаралық мәдениетті дамытудағы зор үлесі Оңтүстік Қазақстанның бағытындағы жол торабының маңызы жөніндегі білімдерін тиянақтау, тексеру.

тәрбиелік: Оқушыларға Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарихи жылын насихаттау арқылы ұлттық мұражайға деген ыстық ықылас, құрмет, көзқарастары мен сенімін. Қалыптастыру.

дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, тілін, ынтасы, қиялымен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: тірек сөздер карта, суреттер, сызықтық диктант, тест тапсырмалары.

Сабақтың әдісі: Ф.Я.Вассерманның «Биоинформатика және синергетика технологиясы»

Пән аралық байланыс: география, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатын, қойылатын талаптарымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу.

Берілген сұрақтар бойынша жауап алу.
1.1.Кыпшақтардың этникалық құрамына қандай тайпалар кірген?
2.Қыпшақтар Орта Азияда қандай елдермен саяси қатынас жасады?
3.Қыпшақтар қандай жерлерді өздеріне қаратты?
2. Осы тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын бақылау
3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Орыс деректерінде қыпшақтарды қалай атаған?
а/половшылар( далалықтар)
ә/ ғұндар
б/ командар
в/ кундар
2.Қыпшақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға шығу үшін кімдермен соғысты?
а/салжұқтармен
ә/ қаратытайлармен
б/қаңлылармен
в/ оғыздармен
3.Қыпшақтардың этникалық құрамы қай ғасырларда қалыптаса бастаған?
а/ IV-VI
ә/ VI-VII
б/ VII-VIII
в/ V-VIII
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары
-тірек сөздер
-тірек сөздердің мағынасын ашу
-дәптермен жұмыс
-сұрақтар
-сызықтық диктант
-Ұлы жібек жолының тармақтары
-Қорытындылау

1.тірек сөздер:
тарихы
бастау
әсері
құпия
бәсеке
ықпалы
маңызы тірек сөздерді белгілі уақытта есте сақтау керек (30сек)
2.Балалар тірек сөздерді мәтіннен тауып оқып шығып, мағынасын ашу.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

Дәптерге Ұлы жібек жолының пайда болуы , мәдениетке тигізген ықпалы, саяси қарым-қатынасы жайлы шағын конспект жазу керек.

Ү. Тірек сөздер бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

ҮІ. Сызықтық диктант.

1.ҮІ ғасыр Жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі
2.Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы
аймақтан басталады.
3.Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынасы
тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана байланыс жасалған.
4.Қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған
емшілік 3 жылдан кейін оралған.

5.Ұлы жібек жолының бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб
сияқты қалалардан әр түрлі діни- нанымдарға байланысты шешіп
медреселердің орындары табылған.
6.Емшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтті.
7.Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынас болған.

. .
1 2 3 4 5 6 7
Ұлы Жібек жолының тармақтарына шолу

Ұлы Жібек жолының тармақтары:

Солтүстік бағыт Оңтүстік бағыт

Испиджаб (Оңт Қаз)

Орта Азия Түркістан Фергана, Самарқан

Сырдарияның төменгі Иран, Ирак. Сирия
ағысы

Батыс Қазақстан

Қара теңіздің Солтүстік шығысы

Еуропа

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

«Кім жылдам» ойыны

1.Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі (шығыс пен Батысты байланыстырды)
2.Б.з.д. ІІ-Іғ Қытай елімен қай ел сауда байланысын жасады? (Үйсін)
3.Жібек жолының басы қай жерден басталады? (Хуанхэ өзені)
4.Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі. (Қытай немесе болгар бұрышы)
5.Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел. (Соғды)
6.Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралары табылған қала (Тараз)
7.Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауар (жібек)
8.Жібек қай ғасырда бүкіл Еуразияға белгілі болды. (б.з.б. ІІғ)
9.Қытайдың фарфордан жасалған ыдысы табылған қала (Тараз)
10.Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік Шығыс тармағы арқылы Мөңке хандығына барып қайтқан елші (В.Рубрук).

Ү.Үйге тапсырма: 14. Оқып келу.
«Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртудың жолдары» деген тақырыпта эссе жазу.

ҮІ. Бағалау.

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылы,
«Бөген» жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Жанасбай Гүлмира.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.