Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлыбритания  70-90-шы жылдарда -

Ұлыбритания 70-90-шы жылдарда

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2751 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебінің
Тарих пәнінің мұғалімі
Суатова Фарида Болатовна

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні:
Дүниежүзі тарихы Күні 12.09. 2015 жыл
11-сынып
Сабақтың
тақырыбы § 3-5 Ұлыбритания 70-90-шы жылдарда
Мақсаты: Елдің 60-жылдардың соңындағы азамат соғысы шегінде тұруы, сыртқы саясатта Г.Вильсонның елдің жалпы нарыққа араласуын мәселе ретінде қоюы, 70-жылдардағы «жаңа консерватизм» мәні, кезектен тыс парламент сайлауындағы лейбористердің қайтадан басым дауыспен жеңіске жетіп билік басына келуі, М.Тэтчер мен Дж. Мейджор дәуірі, жүргізген саясаттары, неоконсерваторлардың сыртқы саясаты туралы білімді игерте отырып, тарихи сауаттылыққа тәрбиелеу және шығармашылық ынта-жігерін дамыту.
Сілтеме: Қ. Исламбеков «Дүниежүзі тарихы» Шың-кітап А.2013жыл
Ғаламтор материалдары
Қ.Қожахметұлы, Ә.Шүпеков, М.Ғұбайдуллина, М.Дәкенов «Дүниежүзі тарихы» 10-сыныбына арналған оқулығы ,Алматы «Мектеп»2014.
Карта, К.Қожахметұлы, Ә.Чупеков, М.Ғұбайдуллина «Дүниежүзі тарихы» Алматы «Мектеп»2014. -11-сыныпқа арналған оқулығы
С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Қ.2011жыл.
Оқу нәтижесі: Тақырып бойынша білімді игере алады
Сыныпта жағымды қолайлы орта қалыптасады
Шығармашылық қабілеті шыңдалады
Сыни ойлауға үйренеді
Өзін-өзі және өзара бағалауға үйренеді
Қосымша ресурстардағы деректерді өз бетінше талдай алады.
АКТ-ны тиімді қолдана алады, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады
Өз пікірін еркін дәлелдей алады.
Негізгі идеялар: Әлем елдерінің қоғамдық-саяси жүйесінің ерекшеліктерін түсінуге дағдыланады.
Міндеттері: Тарихи білім-білігін, тарихи сауаттылыққа тәрбиелей, оқыта отырып қалыптастыру.
Түрі: Жаңа сабақ Әдісі: топпен жұмыс
Дереккөздер: постер дайындау, қорғау, тірек сызба, интернет жүйесі материалдары,
«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 1-деңгей
1-деңгей курс барысында қолданылған топқа бөліну әдіс-тәсілдері (интернет материалдары)
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер «Қораптағы сұрақтар», «Галереяда ой шарлау», «Ой талқы», «Интервью», «Идеялар жинау» әдісі
Кейінгі тапсырмалар: Қосымша құжаттарды талдау, өз ойымен пікірлерін әзірлеу
Ұлыбританияның 70-90-шы жылдарындағы саяси дамуы туралы оқып келу.
Жүргізілетін жұмыстар
Уақыт: Мұғалім әрекеті: Оқушылар әрекеті:
2 минут «Капитан» ойыны арқылы сергіту сәтін жасау және топқа бөлу әдісі.
Шарты: Бүгінгі сабағымызда барлығымыз жұптаса, топтаса,біріге, жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Білім атты теңізге батып кетпей, құтқару дөңгелектері арқылы достарымызға қол созамыз.
1.Матростар жүреміз( Әр оқушы жалғыз өзі сыныпты шарлап жүреді)
2.Матростар еден жуамыз (жұптасып бірге еден жуғандай рөлге енеді)
3,Матростар құтқарамыз. (3 оқушы бірлеседі, 2 оқушы қолдарын бір-бірімен ұстап тұрады, ал үшінші оқушы ортасында тұрады)
4. Матростар тамақ іщеміз. 4-оқушы бірігіп, тамақ ішкендей кейіп танытады.
5. Матростар жүземіз. 5-оқушы бірлесе, бір-бірінің соңынан тұрып жүзеді. Осы біріккен 5-оқушы бір топқа бөлініп кетеді.
Топ ережесі түсіндіріледі
Әрбір топ мүшелеріне бағалау критерийлері беріледі. Мұғалімнің топқа бөлу әдісімен топқа бөлінеді әрі сабақты бастамас бұрын сергіту сәтін ұйымдастыру оқушыларға псхологиялық жағымды ахуалды қалыптастырады.
Оқушылар сабақ бойы бірлесіп жұмыс жасайтын оқушылармен таныс болады.

Бағалау критерийлері бойынша бағалап отырады.

Үй тапсырмасына шолу
7 минут
«Қораптағы сұрақтар» әдісі.
Оқушылардың өздеріне дайындап келуге тапсырылғын сұрақтарды сыныптағы жалпы оқушыларға қойылып, жауаптарының сауаттылығын бақылайды
1.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания қандай әскери-саяси блоктың құрамында болып еді ? Антанта
2.Соғыс жылдарында Ұлыбритания ұлттық табысының қанша процентінен айырылды? (25процентінен)
3.Қай мемлекетке қарыздар болды? (АҚШ-қа)
4.Кезектен тыс парламент сайлауы қай жылы болды?
1945 жыл
5.Клемент Эттли қай жылдары билік басына келді? 1945-1951жж
6.Қай жылы Ұлыбритания НАТО-ның құрамына енді? 1949 жыл
7. Қай жылдары әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларында жаңа жүйе енгізілді? 1945-1948жж
8. «Маршалл жоспарынан» бас тартуға мәжбүр болған қандай кабинет?Эттли кабинеті
9.Қаржы дағдарысы қай жылдары болды?1947-1951 жж
10.Ұлыбритания 1949 жылы қандай ұйымға мүшелікке қабылданды? Европа Кеңесінің мүшелігіне,
11.А.Иден қай жылдары қызметке келді? 1955-1957жж
12.1956 жылы қазан-қараша айларында Англия Франция мен Израильге қосылып жорық ұйымдастырылған ел? Египетке
13.1957-1963жж үкіметті басқарған консерваторды ата? Г.Макмиллан
14.Барлық Британия отарлары тәуелсіздік алған жыл? 1960 жылдардың басында
15. Г.Макмиллан 1950 жылдары қандай идеологиялық бағытқа жол ашты? «көпнәсілдік ассоциация» Оқушылар еркін өз көзқарастарын ортаға салады. Шапшаңдықпен жауап беруі тиіс.
Жаңа сабақ:
11 минут

Жаңа ақпарат

Тапсырмалар:

15 минут Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылды. Мұғалімнің таныстырылымын тыңдайды

Ой толғаныстарын ортаға салады.

Мәліметтермен танысады
Қосымша ақпаратты түртіп алу әдісімен пән дәптерлеріне жазып отырады.

Ресурстар таратылып берілді.Талқылау сұрақтары бойынша өз ойларын ортаға салу үшін топтағы мүшелеріне мүмкіндік береді. Бөлінген уақытқа бағынады.

Ресурстар арқылы әрі сыныптастарының пікірін тыңдайды

топтар өздеріне таңдалған тақырыптар бойынша ең алдымен ресурс, ғаламтор материалдарымен мұқият танысып, өз ішінде бір-бірімен пікірлесіп, келесі топқа сағат тілімен барып түсіндіреді.Постер дайындап қорғайды
және басқа топтарды тыңдайды


Бірлесе тапсырманы орындау арқылы бір-біріне сыйластық қарым-қатынастары қалыптасады.

Тұлғалардың жеке өмірі мен саяси қызметіне шолу жасау.
Қызығушылықты ояту
«Ой талқы»
«Қалай ойлайсыздар Лейбористер партиясы Ұлыбритания «демократиялық социализмге» қандай жолмен көшеді деп есептеді?»
Бұл сұрақ төңірегінде сіздер қалай ойлайсыздар?

Ғаламтор материалдарын пайдалана отырып және күнделікті саяси жағдайы туралы қосымша мәліметтер берілді.

Тапсырмаларды жасырын тұрған сандарды суыру арқылы сан бойынша тапсырмасын анықтау.
1-топқа «Ұлыбритания 60-70 жылдарда»
2-топқа «Ұлыбритания 80-90 жылдарда»
3-топқа «Мен таныған ел.....»

«Галереяда ой шарлау»

Тапсырма №1

1-топ Семантикалық картамен жұмыс.
2-топ Терминдер сөйлейді
3-топ Тест үлгілерін дайындау.

Тапсырма №2

«Мен сізді білемін» әдісі
1.М.Тэтчер
Г.Вильсон
Дж.Мейджор

5 минут ІV. Жаңа сабақты бекіту:
«Интервью» бұл әдіс бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.
Топтар жаңа тақырыпты бекіту сұрақтарын дайындайды
5 минут
V. Сабақты қорытындылау:
Бағалау ( топ басшылары өз тобындағы оқушылардың бүкіл сабақ бойғы әрекетін хабарлайды, бағалайды, шешім қабылдайды)
Бағалау мадақтау, смайлик арқылы өткір пікір айтқан оқушылар бағаланады
«Идеялар жинау» әдісі
.( Келесі сабақта бұл тақырып бойынша қандай ақпараттармен танысқысы келеді сол мақсатта алдын-ала оқушылардан пікірлері, сұрақтары жиналады)
«Ұлыбританияның келешектегі саяси даму жүйесі»
Кері байланыс :
-Сабақта алдыңа қандай нақты мақсат қойдың?
-Сен үшін бүгінгі сабақтың қандай маңызы бар деп ойлайсың?
-Сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.