Меню
Назад » » »
«Мұқағали мұрасы –өшпес ғұмыр, таусылмас қазына»
загрузка...

загрузка...
«Мұқағали мұрасы –өшпес ғұмыр, таусылмас қазына»

Қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі Қасым Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай жарқ еткен, қара өлеңнің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, мәңгілік жырдың марғасқасы – Мұқағали Мақатаевтың биыл көзі тірі болғанда 85 жасқа толар еді. Өзінің өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі ешқашан есінен шығармасы анық. Осы орайда ақынның 85 жылдық мерейтойына орай туған жерінен бастап еліміздің өзге де өңірлерінде әдеби кештер мен түрлі байқаулар өткізілуде. Бұл мерейтойға біз де өз үлесімізді қосу мақсатында мектебімізде «Мұқағали мұрасы –өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» атты оқушылар арасында байқау өткізілді.
Бұл байқаудың мақсаты - қазақтың ақиық ақыны Мұқағали шығармашылығымен оқушыларды кеңінен таныстырып, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету болып табылды. Мұндай шараның өткізілуіне ұйытқы болған, мектебіміздегі жас мамандарымыздың бірі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Ергалиева Жазира Султангалиевна еді.
Байқау барысында барысында мектебіміздің 5-11 сыныптар арасындағы оқушылары ақын жырларын мәнерлеп оқумен қатар, берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды да, түйінді өлең шумақтарын құрастыра білді. Сайыскерлерге төрелік еткен қазылар алқасы оқушылардың ақын шығармашылығын жақсы білуі мен оның өлеңдерінің ой кестесіне сай көркемдеп оқылуына, жүріс-тұрыс мәдениетіне, сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударды. Нәтижесінде бас жүлдені 7 «Ә» сынып оқушысы Қалмырза Гүлнұр иеленсе, ал I орынға 9 «А» сынып оқушысы Бакиева Ләйла мен 6 «Ә» сынып оқушысы Ермаханова Аружан ие болды. Сондай-ақ, жүлделі II орынды 9 «А» сынып оқушысы Алпамыс Айдана мен 6«Ә» сынып оқушысы Жасуланова Нұрайым жеңіп алса, ал III орынды 8 «Б» сынып оқушылары - Изимгалиева Алтынай мен Сламбекова Айзат және 5«А» сынып оқушысы Қайруллаев Нұржігіт иеленді.
Шара барысында бейнекөріністер мен тақырыптық слайдтар арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы турасында мол мағлұмат беріліп, көптеген аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышына айналған әнші қызымыз Ермаханова Гулфайруздың орындауында ақынның «Жапырақ жүрек жас қайың» атты керемет әні шырқалды. Сондай-ақ, «Аққулар ұйқтағанда» дастанынан көрініс қойылды. Сайыс соңында барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы,
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы
№272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Мұқағали мұрасы –өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 250 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar