Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» -

Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3056 | Размер: | Автор: гость
. №34 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Жүнісбекова Айман Әмірханқызы 3 -сынып
Ана тілі
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мақсаты:
1. Оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, ақын шығармаларының идеялық – көркемдік мазмұнын ашу. Өлеңді талдай білуге үйрету.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамытуға өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау, ауызша, жазбаша еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету.
3. Оқушыларды отан сүйгіштікке тіл, сөз өнерін қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, презентация , электронды оқулық
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, ой қозғау әдісі, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар біз құралдарымызды алып, бері қарайық.
- Ана тілі оқулығы бізге сәттілік тілейді.
- Ендеше қай топ атына сай болар екен?

«Сұңқар», «Қыран», «Тұлпар».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, біз өткен сабақта не өттік?
- Үйге не берілді?
- Ш.Құдайберді туралы не білеміз?
- Ол кім? Қандай еңбектері бар?
Тез-тез әр топ өз білгендерін плакатқа жазады, түсіндіреді.

І.топ
«Сұңқар»
Ш.Құдайбердіұлы ақын, ойшыл, аудармашы. Біз Ш.Құдайбердіұлын Тәуелсіз таңы атқаннан кейін таңдадық, оған дейін ол туралы естуге, тыңдауға тыйым салынған. «Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІ.топ
«Қыран»
Ш.Құдайбердіұлы 1858 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Абай ауылында дүниеге келген Шәкәрім атамыз айтқандай «Талаптан да білім мен өнер үйрен» демекші, «Бостаңдық таңы атты» өлеңін жатқа айту.
ІІІ.топ
«Тұлпар»
Ш.Құдайбердіұлының мынандай еңбектері бар. «Аманат, «Қазақ айнасы», «Иманым» атты өлеңдер жинағы бар. Ақын тәуелсіздікті аңсаған. Оған біз 1991 жылы қол жеткіздік. Тәуелсіз елдің ұрпақтары шыншыл, білімді, жігерлі, өнерлі, еңбекқор болуы керек.
Ш.Құдайбердіұлының пікірлері бір ойды білдіреді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
М.Мақатаев «Үш бақытым».
Сонымен балалар, бүгін біз жаңа сабағымызда қазақтың бір туар ақыны М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен танысамыз. М.Мақатаев туралы интер белсенді тақта арқылы танысамыз.

1. Слайд

2. Дәптермен жұмыс.
3. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, мағынасын талдау.

4. Бұл өлеңнің тақырыбы, идеясы-Ақынның халқына деген ыстық махаббаты, өз тіліне деген құрметі ана тілі болып есептеетін қазақ тілінің құдіретін ұлықтау және ақынымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ұрпақтарына қалдырған қазақ халқының Отаны-Қазақстанды сүю, қорғау, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Сондықтан біз, осы ақын өлеңінде: халық, тіл, отан деген ұлы, киелі сөздердің құдіретін ешқашан ұмытпауымыз керек.
5. Тізбектетіп оқыту.
6. Топпен жұмыс мақал-мәте жарысы.
7. Д.Әбіловтың «Туған тілім» өлеңін жатқа айту.
8. Шығармашылық жұмыс.
1. Бақыт дегеніміз не?
2. Өлеңнің аты неге «Үш бақытым» деп аталған? (оқушы пікірі)
ІV. Бекіту
Сематикалық карта арқылы.
Ақынның өлеңдері Өлеңнің негізгі тақырыбы Өлең туралы сенің пікірің




V. Қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма. Ұнаған өлеңді жаттау.
VІІ. Бағалау.
Сұңқар тобынан
Қыран тобынан кім қаншалықты бағалағанын жұлдызшамен.
Тұлпар тобынан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.