Меню
Назад » » »
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
загрузка...

загрузка...
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
Амангелді атындағы орта мектебі
Шахметова Гулжанат Жамбуловна
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты: Поэманың мазмұнын ашып, тақырыбы мен идеясын анықтау және басты кейіпкерлерге мінездеме беру.
Өз бетінше іздену, ой толғау, тұжырым жасау, салыстыру, сипаттама беру, пікірін еркін айта білу және дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Табиғатты қорғай білуге, табиғат пен адам арасындағы заңдылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ-жауап, мінездеме, сипаттама беру, пікірсайыс, көрнекілік, іздендіру, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі- түсті суреттер, Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі.
Күтілетін нәтиже: Адам мен табиғат арасындағы заңдылықты сақтайтын және ойын ашық әрі дәлелді түрде жеткізе алатын тұлға қалыптасады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы: М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқып келу.
Үй тапсырмасын екі жолман тексеру:
а) Ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан бірнеше сұрақтар қою: (18 сұрақ беріледі)
1. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев кім? (Қазақ халқының біртуар ұлы ақыны).
2. М. Мақатаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында дүниеге келді).
3. Ақынның балалық шағы қай соғыспен тұспа- тұс келді? (Ұлы Отан соғысымен).
4. Әкесі мен анасының есімдері кім? (Әкесі – Сүлеймен, анасы – Нағиман).
5. Әкесі Сүлеймен қай шайқаста ерлікпен қаза тапқан? (Калининград маңайында болған сұрапыл шайқаста).
6. 10- сынып бітірген Мұқағали қай салада қызметтер атқарды? (Ауылдық кеңестің хатшысы, Қызыл отау меңгерушісі, мектеп мұғалімі, комсомол қызметкер).
7. Қандай газет-журналдарда жемісті еңбек етті? «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында).
ә) Блиц-турнир «Кім айтқан?»
1. «Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы, бізде енді поэзия дәуірі басталды» (Әбділдә Тәжібаев).
2. «Жұмыр жердің қай жеріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады» (Оразақын Асқар).
3. «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын еді» (Лашын Әзімжанова).
4. «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» (Мұқағали).
5. «Сенің жырың жаралған Гималайдан, Төбесінде ойнаған найзағайдан» (Тұманбай Молдағалиев)
6. «Қазақтың тілін білген, Мұқағали поэзиясын сүйген адам халқына адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады» (Күләш Ахметова).
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстырамын және поэманың сюжеттік- композициялық жоспарын негізге ала отырып, мазмұнын ашқызамын.
(Оқушыларға поэманы оқып келу тапсырылған болатын)
1. Басталуы: Жетм көл туралы аңыз.
2. Дамуы: Ауру бала, тәуіп айтқан ем.
3. Байланысуы: Дәрменсіз ата-ана.
4. Шарықтау шегі: Аққуды атқан ана.
5. Шешімі: Аққудың киесі.
ІV. Жаңа сабақты дамыту.
1. «Ана» тобы баланың әкесіне, «Аққу» тобы тәуіпке, «Табиғат» тобы жылқышы қартқа мінездеме береді.
2. Интерактивті тақтадан ана бейнесі, аққудың суреті, табиғат көрінісі кезекпен көрсетіледі.
3. «Ана» тобы ана бейнесі көрсетілгенде, оған сипаттама береді. «Аққу» тобы аққу туралы ой толғайды.
«Табиғат» тобы монитордан табиғат көрінісін тамашалай отырып, адам мен табиғат арасындағы байланысқа тоқталады.
4. Пікірсайыс «Ананың аққуды атқаны дұрыс па?»
«Ана» тобы ана әрекетін жақтайды.
«Аққу» тобы ана ісінің дұрыс еместігін поэмаға сүйене отырып дәлелдейді.
«Табиғат» тобы ананың табиғатқа келтірген зардаптарына ой жүгірте отырып, адам мен табиғат арасындағы заңдылықтың бұзылғандығына көзімізді жеткзеді.
5. «Ана» тобы ана туралы мақал-мәтелдер, аңыздар, нақыл сөздер айтады. «Аққу» тобы аққу туралы ән, би, күй шығарған авторларды атап, мақал мәтелдер айтады. Н.Тілендиевтің Аққу күйін орындайды.
«Табиғат» тобы табиғат туралы нақыл сөздер, тыйым сөздер айтады.
V. Сабақты бекіту.
А) жетім көлге аққулар неге оралмады?
Ә) Поэманың тақырыбы не туралы?
Б) Ақын осы поэмасы арқылы оқырмандарына қандай ой тастап отыр?
VІ. Үй тапсырмасы: «Ана – ардақты есім» немесе «Аққу – киелі құс» деген тақырыптардың біріне ойтолғау жазу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 267 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar