Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұғалім әдебі-мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас. -

Мұғалім әдебі-мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1713 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Мұғалім әдебі-мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас.
/ дөңгелек үстел/
Мақсаты: Мұғалімнің оқушылармен және өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне, сыныпта іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға және мектеп оқушылары алдында өз абыройын сақтай білу дағдысын дамытуға ықпал жасау, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету.
Топтық қарым-қатынас арқылы ұйымшылдыққа, біріздікке бағыттау.
1.Кіріспе.
Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады.Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты,байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін,өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды,дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден,мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
ІІ. Топпен жұмыс
Мұғалім «бастық» ол қандай? Ондай мұғалім оқушыларға қалай әсер етеді?
Ондай ұстаздан білім-тәрбие алған оқушы қандай болмақ?
1-топ:Мұғалім- басшы;
2-топ: Мұғалім компьютер;
3-топ: Мұғалім-қиналушы;
4-топ: Мұғалім- таныс, дос.
Әр топтың жеке жұмыстары біріктіріліп, жалпы қорытынды шығару.
ІІІ. Жағдаяттан жол таба біл!
1-жағдаят: «Омардың ұялы телефонын Болат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап,ескертпелер жасаған болатын. «Сен үшін менің телефонымды алып қойды» деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді»
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
2-жағдаят: «Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында «Бұл пәннің болашақ мамандығыма ешқандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ» деп кітабын сөмкесіне салып қойды.
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
3-жағдаят: « Әсет үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді»
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
4-жағдаят: Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз.Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз,ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді»,-деді.
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
IV.Психологиялық тренинг
«Егер жұмыс істеуге деген ынтаңыз жоғалса......»
V. «Жүрек жылуы» жаттығуы
VI. Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.