Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру  жүйесін жаңартудың негізі -

Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2271 | Размер: | Автор: гость
. Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру
жүйесін жаңартудың негізі
Ақтөбе облысы
Темір ауданы
Шұбаршы орта мектебінің директоры
Оспаганбетова Айнаш Сейіловна
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп бекер айтпаған. Бүгінгі таңда білім берудің сапасы – бұл тек мектеп пәндерін игеру, емтихан нәтижелері ғана емес. Білім беру адам ресурстарын қалыптастыратын жүйе, сондықтан да бұл экономикалық мәселеге жатады. Елдер өзара тек тауар мен ресурстарға ғана бәсекелеспейді, білім беру деңгейі де ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды құрама бөлшегі болып табылады.
Білім сапасын арттырудың кілті ұстаздардың қолында десек, оның білімін жетілдіру қазіргі күні ұйымдастырылып жатқан деңгейлік курстардың міндетіне жүктелген.
Біз үнемі өзгеріп, дамып жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан уақытпен бірге қадам басу үшін жұмысты жетілдіріп, үнемі өзгеріс енгізіп, дамып отыру қажет. Мектебімізде 15 мұғалім деңгейлік курстардан өтті. Олар бағдарлама бойынша алған білімдерін жүзеге асырып, мектеп өміріне елеулі өзгерістер енгізуде. Сабақтарын түрлендіріп өткізіп, оқушыларға дайын білім беріп қоймай, оларды үнемі ізденіске жетелеп, шыңдай түсуде. Коучинг, менторинг арқылы өзге мұғалімдерге өздерінің игергендерін үйретуде. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер «бір тілде сөйлесетін» пікірлестер бола білді, басшының қолдануына ие болды. Қазіргі таңда назар командалық жұмысқа қарай ауыса бастады.
Биыл өзім Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсында оқып жатырмын. Курс бағдарламасының мақсаты- озық әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде басшыларды кәсіби дамыту болып табылады.
Өзім қазір мектептегі үдерісті зерттеумен белсене айналысып, көшбасшылықты дамытып, желілік қоғамдастықпен жұмыс жасаудамын. Жақында Орал қаласынан тренеріміз Унгарова Талаш Бурхановна келіп, сабақтарға, коучингтерге қатысып, мұғалімдермен тренинг өткізіп, пікір алысып, мектептің даму барысындағы жұмысына оң баға беріп кетті. Тренер өзінің білгендерін ортаға салып, мұғалімдерге біраз мағұлмат берді.
Жалпы, үш деңгейлі курстың отандық білім беру жүйесіне әкелер жаңалығы жетерлік екеніне біздің мұғалімдердің көзі жетті. Біз жаңаша оқыту үлгісіне лайықталған әдістемені қолдану арқылы сапаны арттырмақпыз. Оқушыларымызды сыни тұрғыдан ойлайтын, топпен жұмыс істей алатын, достарымен ой бөлісетін, ізденіс жүргізе алатын етіп тәрбиелеп оқытудамыз. Мектеп мұғалімдерінің білім берудегі тәжірибесі де, оқушылардың білімге деген көзқарастары да өзгеруде.
Қандай нәтижеге қол жеткіздік дейтін болсақ: бұрын сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болды. Қазіргі өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа жету үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім ролін өзгерту.
Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өзін- өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен білімділігін, әдіскер шығармашылдығын талап етеді. Ал бұған қол жеткізуге деңгейлік бағдарламаларының берері мол.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.