Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мүбәрак Мәуліт мерекесі -

Мүбәрак Мәуліт мерекесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2589 | Размер: | Автор: Публикатор
. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы
№ 184 негізгі мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Маханова Айдана Рысбекқызы
Тақырыбы: Мүбәрак Мәуліт мерекесі
І-Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар және ата - аналар!
Жарық дүние деп аталатын әлемде Исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Қасиетті дініміз сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) заманынан бергі он төрт ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.
Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.
ІІ-Жүргізуші: Исі мұсылман жұрағаты Алла Елшісі (с.а.у)-ның туылған күніне орай əрбір жылы рабиғул-аууали айының 12-жұлдызы күні мəуліт мерекесін тойлайды. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны белгілі. Мəуліт мерекесі Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның дəуірінде дəстүрлі түрде тойланбағанымен, сахабалар екі дүниенің сəруары дүниеге келген күннің құрметіне ауыз бекітетін.Өйткені, оның (с.а.у) дүниеге келуімен адамзат баласының арайлы таңы атып, қараңғылықтың пердесі серпіліп, надандықтың көбесі сөгілген еді.
Сөз кезегі:
Баяндама « Мұхаммед (с.а.у) өмір жолы»
І-Жүргізуші: Пайғамбарлық Алланың ең сүйікті құлына берген мәртебесі. Сондықтан Алланың сүйіспеншілігін жүрегімізге орнатып, мәртебелі пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлықтау – үлкен парыз! Ал есімін атаған сайын /Оған Алла тағаланың сәлемі мен игілігі болсын!/ яғни /салаллаһу ғалейхи уә сәллам/ салауатын айту – сауапты амалдардан! “Алладан басқа тәңір жоқ!” – деп айтқан адам “Мұхаммед Оның Елшісі!” деп мойынсұнбаса, толық иман келтірмеген мұсылман болады.
ІІ-Жүргізуші: Ұлы Раббымыз: «Күмәнсіз Аллах және оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Ей мүминдер! Сендер де оған салауат айтыңдар және оған толықтай мойынсұнып, сәлем беріңдер! (Ахзаб сүресі,56 аят) дегені тағыда бір дәлел бола алады.
Салауат
Тұрсын Ақеркенің орындауында «Кешір Алла» әнін қабыл алыңыздар.
І-Жүргізуші: Дәуіріміздің кемеңгер ойшылдары Пайғамбарымыздың (с.а.у) өнегелі өміріне былай деп баға береді: жүздеген данышпан адам Араб түбегіне барған болсақ, бүгінгі күннің соншама жетістіктеріне қарамастан, адамзаттың мақтан тұтар тұлғасының (с.а.у) бір жылда жасаған ісін, біз жүз жылда да жасай алмаған болар едік. Айталық; шылым шеккен бір адамға он адам келіп, шылымның адам ағзасына әкелер зиянын, оның қатерлі ісік ауруын тудыратынын қанша түсіндіріп бақса да, оған шылым шегуін қойдырта алмайды. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.у) өміріне көз жүгіртер болсақ, айналасындағы адамдардың қанына сіңіп қалған қаншама жаман мінездерді бір сәтте түп-тамырымен қоса жұлып алып, олардың орнына нағыз адами құндылықтарды екті.
ІІ-Жүргізуші: Хазірет Пайғамбар (с.а.у) «Мен қандай да бір мақсат үшін ғана емес, тек жақсы көркем-мінез құлықты тәмәмдау үшін жіьберілдім» дей отырып, негізгі міндетінің асыл сыры мен көркем ахлақтың мән- маңыздылығына баса назар аудартқан. Аллаһ Тағала: «Уа, Расулім! Күмәнсіз сен көркем мінез иесісің!» деп осы ақиқатты тағы бір мәрте нақтылай түскендей.
Алла Елшісінің (с.а.у) пайғамбарлыққа тән мынандай ерекше сипаттары бар-тын:
Балнұр: Сыдық – Екі дүниенің сәруары болған Хақ Елшісі (с.а.у)-ның әрбір сөзі садақтан суырылып шыққан жебедей тура айтылатын. Ол (с.а.у) иненің жасуындай болса да жалған сөз сөйлеген емес. Өйткені, Алла Елшісі (с.а.у) туралықты ту етіп ұстаған адамзат баласының ең асылы болатын. Егер зәредей бір өтірік сөйлеген болса, оның ұлы миссиясына орасан зор нұқсан келген болар еді. Онда Алла Елшісі (с.а.у)-ға деген сенім жоғалып, дүйім жұрт оның соңынан еруден бас тартар еді. Сондықтан да Ұлы Жаратушы оның рухын сыдықтықпен сырлап, өмірін туралықпен өрген болатын. Ол жиырма жасқа толғанда Меккеде Хилфул-Фудул (намыс одағы) қоғамы құрылды. Бұл қоғам Меккеге сырттан келгендердің құқығын қорғауды мақсат етті. Алла Елшісі (с.а.у) жастығына қарамай осы қоғамдық ұйымды құрушы һәм қоғамдық ұйымның ережелерін белсенді түрде жүзеге асырушылардың бірі болды. Меккелік кейбір аристократтар сырттан келген кейбір қамқорсыз жандарға күш көрсетіп, дүние-мүлкін тартып алып, тізесін батыратын. Осы кезде Алла Елшісі (с.а.у) әлгі қамқорсыз жандарды жанын салып қорғайтын. Зерттеуші М.Хамидуллаһ: Әбужаһилдің әлсіздерге әлімжеттік жасап, бұған Мұхаммед (с.а.у) қарсы тұрып, Хилфул-Фудул жарғысына сай жәбір көрушінің көрген зиянын өтеттіретін. Ол екеуінің арасындағы дұшпандықтың осы кезден-ақ басталғандығын айтады.
Ақниет: Аманат – Алла Елшісі (с.а.у) ешқашан аманатқа қиянат жасаған емес. Пайғамбарлыққа дейінгі ғұмырына көз жібертін болсақ, Мекке қаласында кезкелген жан сапарға шығатын болса, қимас мүлкін Мұхаммед (с.а.у)-ға аманаттайтын еді. Кейбір деректерге қарағанда арабтар Пайғамбарымызға (с.а.у)-ға әйелдерін де аманаттайтын болған. Сондықтан да, арабтар Аллаһ Елшісін «Мұхаммед-Әмин» (Сенімді Мұхаммед) деп атады. Кейін мұсылмандар пұтқа табынушылардың зорлығына шыдай алмай Меккеден Мәдинаға көшкенде Мұхаммед (с.а.у)-ның кешеуілдеуінің себебі, Құрайыш пұтқа табынушылары Пайғамбарымыз (с.а.у)-мен қанша дұшпан болса да, оған дүние-мүліктерін аманаттайтын. Аллаһ Елшісі (с.а.у) уақыт күттірмес қасиетті көш реформасы кезінде де өзіне деген сенімге селкеу түсірмей, пұтқа табынушылардың аманатын өз иелеріне қайтарып, көштің соңында қалған еді.
Наргиз: Фатанат – Алла Елшісі (с.а.у) ақылмен бітеқайнасып туған-тын. Оның әрбір іс-әрекеті ақылдан тұратын. Ақылға теріс оның бірде-бір сөзін немесе іс-әрекетін көре алмайсың. Өйткені, Ұлы Жаратушы өзінің сүйікті Елшісін әу баста-ақ имани ақылға малып, оның өмірі мен тағдырын ақылмен айшықтаған еді. Алла Елшісі (с.а.у) де әрбір істі ақылымен таразылап, байыпты түрде іске асыратын. Ол діннің өзегі ақыл екендігін «Ақылы жоқтың діні жоқ» деп ұқтырған болатын.
Мұхаммедкәрім:Исмат – Алла Елшісі (с.а.у) күнәсіз-тін. Оның күнәсіз болуы, Ұлы Жаратушының оның бойына күнәсіздік ұрығын (исмат) егуінде болатын. Пайғамбарлар қате жасауы мүмкін. Бірақ, күнә жасауы мүмкін емес. Олар ең жақсыны емес, жақсыны таңдаған болса, қате жасаған болады. Пайғамбарлар қателессе де, олардың қатесі пенделіктің ауылынан алыс, яғни күнәдан пәк деп ұққанымыз жөн.
Зарина:Тәблиғ – Алла Елшісі (с.а.у) тылсымнан келген илаһи жарлықты теңдессіз ғибрат тұрғысында түсіндіретін. Оның әрбір мәселенің мән-жайын терең бойлап, көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп ұғындыратын. Қажет кезде базбір мәселелердің шешімін көркем мінезімен меңзейтін. Оның сөйлеген сөзі мен шығарған шешімінен әсте мін табу мүмкін емес-тін.
Салауат
Тоқташ Салтанаттың орындауында «Мекке» әні.
І-Жүргізуші: Пайғамбарымыз (с.а.у) адамзат тарихында теңдессіз тұлға-тын. Оның (с.а.у) тұлғасы несімен ерекшеленеді дегенде, ол өз дәуірінің ірілі-ұсақты барлық мәселелеріне реформа жасаған еді. Өзі танып білген барлық адамдардың көңіліне қуаныш ұялатып, жүректеріне гүл екті. Тіпті, әрбір науқастың қалін сұрап, көңіл айтуды да ешқашан ұмыт қалдырған емес. Сол шақтағы күллі рухани сырқаттардың ем-шипасын жасап, артынан өзінің өкшесін басар исламдық үрдісті жалғастыратын кемелді ізбасар буынды тәрбиелеп қалдырды.
ІІ-Жүргізуші: «Біз адам баласына ата- анасына жақсы қарауды бұйырдық. Өйткені анасы қанша қиындықтарға мойымастан, оны бағып- қағады. Алдымен маған, содан кейін ата- анаңа шүкір ет деп өсиет қылдық! деген екен. Олай болса «Ана мен бала » көрінісіне кезек береміз.
Салауат
Сахнада Әділбек Ержігіт «Алладан басқа жоқ Тәңір» әнімен.
Азиза:Ислам тарихында ең алғаш рет Мәуліт мерекесін тойлау Алла Елшісі (с.а.у)-ның дәуірінде көрініс тапты. Ол кезеңде Мәуліт мерекесі үшін арнайы іс-шаралар қолға алынбағанымен, мұқым мұсылман жұрағаты Хақ Елшісін (с.а.у)-ды құттылық пен берекеліктің қайнар көзі санап, Мұхаммед (с.а.у)-ды ұдайы ұлықтайтын. Мұхаммед (с.а.у)-ның нұрлы ажары мен парасатты болмысы кім-кімнің болса да назарын өзіне аудартпай қоймайтын. Әсіресе, Алла Елшісі (с.а.у)-ның соңынан ерген сахабалар Хақ Елшісінің әрбір сөзі мен қылығынан терең тағылым алатын. Оларға Мұхаммед (с.а.у)-ның жылуарын сезінуден асқан бақыт жоқ еді. Тіпті, сахабалар ішкен асын жерге қойып, оның (с.а.у) өнегесін өзгелерге паш етуге асығатын. Алла Елшісі (с.а.у)-ның атын естігенде бойын түзеп, ойын жинақы ұстап, қуанғанынан Оның (с.а.у) атына ынты-шынтымен қаздай шулап салауаттар айтатын. Аузы дуалы ақындар мен шешендер көркем сөзден өрнек өріп Алла Елшісі (с.а.у)-ға арнап бәйіттер оқитын. Мұхаммед (с.а.у)-ның есімін естігенде жылаған жандар уанып, қамқұн болған көңілдер қуанатын. Ол (с.а.у) бейне қанатымен су сепкен қарлығаштай қалың бұқараның қамын жейтін. Хақ Елшісі (с.а.у)-ның өз ортасына игі ықпал еткені соншалықты, мұсылмандардың жүрегінде Мұхаммед (с.а.у)-ға деген саф сезім атқақтап тұратын
Зарина: Ғылыми, жаратылыстану мен технология-дан бейхабар, өмірінде екі ауыз сөз жазу жазбаған, Алла-Тағаладан басқа ешкімнен ештеңе үйренбеген Мұхаммед (с.а.у) өткен өмір мен келешекті көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп білгендігі, сөз жоқ, оның кемеңгерлігі һәм ұлылығы болатын. Алла Елшісінің (с.а.у) жалқыға болсын, жалпыға болсын, әкелген оң өзгерістері мен реформаларын, егер кітап етіп жазар болсақ, том-том кітаптарға симаған болар еді. Ол (с.а.у) бүкіл ғұмырында Ұлы Жаратушының бір, тек жалғыз екенін үндеумен болды. Тіпті, Алла Елшісі (с.а.у) пайғамбар болмастан алдында надан арабтарша пұттарға табынған емес. Жас күнінде пұтқа тағзым ету мерекелеріне барғанда басы айналып талықсып кетіп, бейне иллаһи күш оны «уахданиетке» қарсы келуден арашалайтын.
І-Жүргізуші: Иман- ақылдың нұры, сана- сезімнің және жүректің өзара үйлесім табуы. Бұл жалған дүниеден мәңгілік әлеміне сау- сәлеметпен барудың бірден- бір жолы- иман арқылы мүмкін болмақ.
ІІ-Жүргізуші: Жүректі пәктеудің маңызын ұғыну үшін жүректің заттық және рухани өмірдегі орнына қараудың өзі жетіп жатыр.Пайғамбарымыз жүректің өмірлік мән- мағынасын өзінің мына бір хадисімен керемет баяндаған:
«..Адамзат денесінде бір ет бөлігі бар. Ол дұрыс әрі жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады. Мұхият болыңдар, ол- жүрек» деген екен.
Салауат
Мұхаммеджан: Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммед,
Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммед!
Аш – жалаңаш жүргенге қанағат берген Мұхаммед,
Үмматына рақым ғып шапағат берген Мұхаммед!
Түні бойы көз ілмей таң атырған Мұхаммед,
Ғаріп пенен жетімге жанашыр болған Мұхаммед!
Тура жолдан тайғандар тағылым көрген Мұхаммед,
Зәру боп келген адамдар қайырым көрген Мұхаммед!
Әбу Жәһіл, Лахабқа қарғысын айтқан Мұхаммед,
Жүрегі таза үмматқа алғысын айтқан Мұхаммед!
Ораза, намазы бүтіндер киелі тұтқан Мұхаммед,
Қолынан тәспі түспеген тірегі тұтқан Мұхаммед!
Шайтан, малғұн, ібіліс жоламай қашқан Мұхаммед,
Шариғаттың жолымен нұр – сәуле шашқан Мұхаммед!
Дұғалары қабыл боп өтетұғын Мұхаммед,
Жамандыққа жақсылық ететұғын Мұхаммед!
Таупық берген залымға инабатты Мұхаммед,
Сәждеден басы кетпеген ибадатты Мұхаммед!
Аршы – күрсі үстінде сайраңдаған Мұхаммед,
Сегіз пейіш ішінде жайраңдаған Мұхаммед!
Міскін Ахмет үмматы таңырқаған Мұхаммед,
Жетім, пақыр, ғаріпті жарылқаған Мұхаммед!
Мадина: Асыл адам
Адамзатқа Пайғамбар – нағыз үлгі,
Сол үлгімен орында парызыңды.
Жәннатқа апаратын жалғыз қақпа,
Дін исламға мықтап қақ қазығыңды.
Қияметте батыстан шығар күнді,
Ұмытпастан ұлықта Раббыңды.
Тура жолды көрсету үшін Расул,
Мінез-құлқын тұп-тура Құран қылды.
Пайғамбардай адал боп аманатқа,
Мінезіңмен үлгі бол жамағатқа.
Мейріміне Аллаһтың бөленесің,
Қарыныңды тойдырсаң қанағатқа.
Пайғамбардай көмек бол өтінгенге,
Пайғамбардай жебеу бер жетімдерге.
Саған тиер сауапты әр амалы,
Ертең өсіп сол жетім жетілгенде.
Мұхаммедше сабыр ет жоқшылыққа,
Мұхаммедше шүкір ет тоқшылықта.
О дүниенің ойлай бер от азабын,
Бұл өмірде төзбесең от, суыққа.
Мұхаммедше жұмсақ бол жұбайыңа,
Мұхаммедше жалбарын Құдайыңа.
Сонда ғана жаннатта қауышасың,
Аллаһтың мінсіз, кемел шырайына.
Бағытталып Аллаһқа бар игіміз,
Үлгі етеміз әр істе Нәбиді біз.
Қияметтің күнінде үмметім деп,
Шапағатшы болса екен Хабибіміз!!!
Айтмахан: Тәуба
Өмірімнің сүйреуге көшін алға,
Көңілімнің білмеймін хошы бар ма?
Уәде беріп, сөзінде тұра алмаған,
Өзгені бір, ал өзін мың алдаған
Аманатсыз пендеңмін… кешір, Алла!
Сүйресе де базарда досым арба,
«Шүкір, – дейді, – Жаратқан, осы барға!»
Денсаулықтың қадірін білмей мүлдем,
Он саулықты көргенде күндей күлген,
Қанағатсыз пендеңді… кешір, Алла!
Өлмейтін сөз айтатын есі барға,
Ақындарда өмірдің өші бар ма?
Деп алжасып, тағдырмен таласатын,
Тәкәппар боп жолыңнан адасатын,
Парасатсыз пендеңді… кешір, Алла!
Шара толып шекерге, месі балға,
Жайлауының толардай төсі малға.
Өш кісіден сәтті іздеп есе қайтар,
Дос кісінің сыртынан өсек айтар
Салауатсыз пендеңді… кешір, Алла!
Саған қарар пендеңнің беті бар ма?
Жүрген жерім ысырап – кесір ол да.
Күпірі көп сорлымын, шүкірім аз,
Пікірі көп, пендемін зікірім аз,
Жаза басқан құлыңды кешір, Алла!
Астағифируллаһ! Раббым, кешірімді ең!
Ғафур деген жайылған есімің кең!
Шынайы тәубемді Аллаһ қабыл етсін,
Хақың кетсе қайтару – әділет шын…
Бірақта, кеше алсаңдар кешіріңдер!
Менде ақысы бар бауырлар!
Зуфар:Кімге ересің?
Жаратқан Аллаһ: ізгі амал қылып,
Жәннәт бағыма жайнап кір, – дейді.
Әзәзіл болса, қыбладан бұрып:
Оралың барда ойнап күл, – дейді.
Естуші Аллаһ: иман келтіріп,
Раббыңды дәйім есіңе ал, – дейді.
Әзәзіл болса, зиян келтіріп:
Дүниенің ғана досы бол, – дейді.
Беруші Аллаһ нығметті төгіп:
Ризығымды жеу – адал іс, – дейді.
Әзәзіл болса үмметті бөліп:
Бидайдан болған арақ іш, – дейді.
Білуші Аллаһ: иманың үшін
Жиһадқа шықсаң қаймықпа, – дейді.
Әзәзіл болса: жиғаның – күшің,
Әлемнің мәні байлықта, – дейді.
Серіксіз Аллаһ: Раббың үшін
Намазыңды оқып, құрбан шал, – дейді.
Әзәзіл болса: күнәңнің ысын
Тазарту оңай, былғансаң, – дейді
Шайтанға басты шұлғи отырып,
Келесің, халқым, ылғи өкініп.
Ақиқат жалғыз – Алланың өзі,
Шайтанның сөзі – шылғи өтірік!
Хор «ЗікірАлла» орындайтын мектеп оқушылары.
І-Жүргізуші:
Жазалайтын кәпірді мәңгі отымен,
Қуантатын мүминді жәннәтымен,
Жаратқанға сыйынып дәргаһы кең,
Бастадым Рахман, Рахим, Алла атымен!!!
Әлемдердің Раббысы Рахман Алла,
Жалғыз өзі лайық мақтағанға.
Сәлем менен салауат Расулуллаһ,
Саллаллаһу ъалейһи уә сәлләмға!
ІІ-Жүргізуші:
Сынақ етіп қойған соң фәниді Алла,
Адамзаттың бақыты – ар иманда.
Өмір мәні – жүрекпен сеніп тұрып,
Тілмен айтқан куәлік кәлимаңда.
«Лә илләһә иллаллаһ» тоқ етері,
Мұның мәнін ұққанға не жетеді?
Бұл – құлшылық жасауға лайықты,
Аллаһтан басқа Тәңір жоқ екені.
І-Жүргізуші:
Хаққа құлды осы сөз сыйлы етеді,
Барлық жалған тәңірді күйретеді.
«Мухаммәд расулуһу» – құлшылықты
Қалай жасау керегін үйретеді.
Жәрдем ет деп мазалап күнде аруақты,
Серік қосу – танымау мүлде Аллаһты.
Бар нәрсеге жететін құдіреті,
Түсінбеу «Лә илләһә иллаллаһты»!
ІІ-Жүргізуші:
Дегендер Мұхаммедтің үмметі едім,
Сақтауы тиіс бұзбай сүннет өңін.
Сүннетте жоқ құлшылық, бөтен амал,
Түсінбеу Мұхаммедтің үлгі екенін.
Кемшілік болмас үшін ғибадатта,
Жолама ширк пенен бидағатқа.
Аллаһ өзі бастасын тура жолға,
Жүректерді тұндырып һидаятқа!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.