Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәңгілік ел:  бір ел- бір тағдыр -

Мәңгілік ел: бір ел- бір тағдыр

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3820 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Ақтоғай орта мектебінің
І-санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Шелтенова Фариха Тілешқызы

Саяси сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел: бір ел- бір тағдыр»
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық-бір ел- бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру. Елбасы саясатын насихаттау.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, диалог, өздік жұмыс, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Сабақтың жоспары
А) Ұлт жоспары «100 нақты қадам» және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы-әлеуметтік жаңғырту серпілісі және республиканың жаа индустриалды инновациялық экономикасы.
Ә) Қазақстан халқы Ассамблеясы: өткені, бүгіні және болашағы. Ұлт бірлігі докторинасы.
Б) Мемлекеттік тілдің бірегейлігі. Үш тілді білу –бұл жаһанданған әлемге жолдама.
В) Заманауй Қазақстанның жетістіктері.
Г) «Бейбітшілік пен келісім сенен басталады»
Қымбатты оқушылар бүгінгі Білім күні сабағымызды : «Мәңгілік ел: бір халық-бір ел- бір тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз.
Мұғалім сөзі: Оқушылар біздер елімізбен мақтанымыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған мыңжылдық тарихы бар. Қазақстан тәелсіздік алды. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәңгілік ел идеясын ұсынды. Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы жолдауы «Қазақстан жолы –2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталды. 2014 жылы 11қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталады.
Қазақстан– 2050 стратегиясының логотипін таныстыру.
- Олай болса келесі кезекте сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдайық. (Оқушылардың пікірлерін тыңдау)
Оқушы: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылық тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан Халқы ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. Содан бері 20 жыл өтті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады. Ең бастысы Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайту мақсатында биылғы 2015 жыл-Қазақстан Халқы ассамблеясының жылы деп жариялаған болатын. Осындай айтулы шараға орай өз құттықтауын жолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ассамблея жылы барлық қазақстандықтардың ортақ мерекесі, барлық 17 млн. қазақстандықтың ісі» екенін алға тартады. «Ассамблея Жылы біздің орасан нақты істер мен жаңа жетістіктердің жылы болады » Ассамблея Жылы Конституциямыздың 20 жылдығы. Қазақ хандығының 550 жылдығы. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы. Биылғы жыл тарихи тағдыры ортақ халық бірлігінің жарқын көрінісіне айналуы тиіс. Қазақстан-бір ел-бір халық, бір болашақ . Сондықтан Ассаблея жылының басты идеясы –«Менің елім –мәңгілік ел!»,- дейді мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз құттықтауында.
Оқушы:Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі. Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта. Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.
Оқушы: Елбасының Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы –болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы- еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақcаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы –елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Оқушы: 2007 жылы «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныуы керек. Олар: қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, және ағылшын тілін үйренеміз.
Сондықтан Елбасымыз тілді дау-дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру – баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір тиянақты ұғындырды деп ойлаймын. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық. Елбасының әр жолдауы толғауы терең қайталанбас дүние.
Оқушы: Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы балаға , бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала , бала мен ана мәселесіне «Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Мұғалім сөзі: Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» дейді. Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.
Келесі кезекте дана халқымыздың жауһар мұраларының бірі мақал-мәтелдердің мәнін ашып көрелік. (слайдпен көрсету)
«Алтау ала болса-ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді»
Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі мықты ел озады .
Бір ананың баласындай т.б
(Бұдан шығатын қорытынды татулық пен бірлік бар жерде алынбайтын асу жоқ екендігін түсіндіру)
Оқушы: Білім-барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына алады. Осыны ескере отырып, Елбасы
Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр.
Олар: Инженерлі білім беруді және замануй техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Мұғалім сөзі:2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болуы тиіс. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.
2015 жылы 5 мамыр күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент кезек күттірмейтін күрмеуі көп күрделі мәселелерді шешуді тапсырды. Осы орайда мемлекет басшысы 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жариялады, іске асыру тетігін айқындады.
Оқушы: Қазақстанның жеткен жетістігі жетерлік. Біріншісі тәуелсіз, жаңаша ойлай алатын, сыни көзқарастан қорықпайтын жаңа қоғам, жаңа ұрпақ қалыптасты. Екіншісі, Қазақстан территориясы шекарасының толық анықталып, құжатпен бекітілуі. Үшінші, Үлкен қиыншылықтармен болсын республикамыздың нарықтық экономикаға толық өтуі.
Қорытынды. Ел басшысы өз сөзін «Біз бәріміз бір атаның - Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы жолдауы 2.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылығы 11қарашадағы жолдауы
3.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан»
4.Елбасы Н.Ә Назарбаевтың 2015 жылғы «100 нақты қадам» бағдарламасы»
5.Ассамблея жылы - Қазақ Елінің бірлігі жылы!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.