Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәңгілік елдің –білімді ұрпақтары -

Мәңгілік елдің –білімді ұрпақтары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2548 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: «Мәңгілік елдің –білімді ұрпақтары»
Мақсаты:
1.Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға
баулу.
2.Алған білімдерін толықтыру, олардың ақыл, жігерінің толысып дамуына
әсер ету, сөйлеу тілін дамыту.
3.Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, интерактивті тақта, кітап көрмесі.
Мұғалім:Армысыздар қадірлі мұғалімдер, оқушылар! Біздің «Мәңгілік елдің-білімді ұрпақтары» атты интеллектуалды-танымдық сайысына қош келдіңіздер! Ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін,туған жерін мақтан тұтуға тиісті. Әрбір жас ұрпағымыз Мәңгілік еліміздің өркендеуіне өз лестерін қосуы керек.
Сайыс шарттары:Сайыс екі топтан тұрады.Сайысты әділ қазылар алқасы бағалайды.Сайыс алты кезеңнен тұрады.
I-Кезең «Кім жылдам» (сұрақ-жауап)
1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?(1991ж)
2.ҚР-ның тәуелсіздігі қай уақытта тойланады?(16-желтоқсан)
3.ҚР Тұңғыш Президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
4.Тұңғыш Президент күні қай күні тойланады? (1-желтоқсан)
5. ҚР-ның Мемлекеттік тілін атаңыз?(қазақ тілі)
6.Қазақстанның рәміздерін қашан бекітті?
7.ҚР-ның рәміздеріне нелер жатады ?(Ту,Елтаңба,Әнұран)
8.Әнұранның сөзін жазған кімдер ?
9.Әнұранның әнін жазған кім? (Ш.Қалдаяқов)
10.Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген?
11.Мемлекеттік тудың түсі қандай?(көк)
12.Жаңа Конституция қай жылы қабылданды?(1995ж)
13. Қазақстанның ұлттық валютасы(тенге)
14.Ақындар сайысы қалай аталады?(айтыс)
15. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
16.Қай жылы Ұлы Отан соғысы басталды?(1941)
17.Биыл Ұлы жеңіске қанша жыл толады? (71)
18.Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?(Астана)
19.Астана қай жылы жаңа астана болып жарияланды? (1997 ж)
20.Астана қаласының бұрынғы атауы?(Ақмола)
21.Наурыз мейрамы қай кезде тойланады? (22-наурыз)
22.Үш биді ата(Әйтеке,Төле,Қазбек билер)

23.ҚР-ның алғашқы ғарышкері кім?(Тоқтар Әубәкіров)
24.Наурызда дайындалатын тағам?(наурыз көже)
25.Ұлттық сусындарды ата (қымыз,шұбат)
26.Еттен жасалатын ұлттық тағамды ата (ет)
27.Астана күні қай айда тойланады?(6 шілде)
28.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 астам)
29.Қазақстан халық Ассамблеясының қанша жылдығын тойлаймыз? (21)
30.Қазақстан Республикасының Конституциясы қай күні тойланады?(30-тамыз)
II Кезең «Сөз сауаттылығы» Аңдап айтып, анық сөйлеу» (қатысушылар берілген сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек) Әріптер өз орнымен орналасып сөз құрулары керек.
Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.
Болашақ тобы: Қазақстан, Конституция,ұшқыш,Президент,депутат
Нұр жолы: Мемлекет, Республика,айтыскер,парламент,мәжіліс

III Кезең «Жырлайды жүрек» Елбасына,Отанға арналған өлеңдерді жатқа оқиды.
IV Кезең « Тұрақты сөз тіркесі»
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Еліміздің кемел болашағы да қазақ тілінде. Ана тілін меңгерген ұлтжанды білімді ұрпақ елімнің ертеңі, тәуелсіздіктің тірегі. Олай болса сіздердің қазақ тілінен білімдеріңізді сынаймыз. Экранда фразеологиялық сөз тіркестері беріледі, сол сөздің мағынасын табыңыздар. Дұрыс жауап бір ұпай.

1-топ: Салы суға кетті (бір нәрсені жоғалтқан кезде, ренжігенде, уайымдағанда, мұңаю.)
2-топ: Төбесінен тік тұрды. (сыйлады, құрметтеді)
1-топ: Науадай ағызу (табысқа шаш-етектен батты)
2-топ: Тізе қосты. (іс-қимылды білдіретін мағына, ұйымшылдық, бірікті)
1-топ: Шық жуытпады ( өзін-өзі қорғау, жақтау мағына )
2-топ: Ішін алдырмады (сырын ашпау, сыр білдірмеу)

V Кезең «Мақал-мәтел сөз мәйегі»
Отан,Туған жер тақырыбында мақал-мәтел айтады.Бір жауапқа бір ұпай

VI Кезең «Ойлан тап» Қазақстан қалаларын қартадан тауып жазады.
Сайысты қортындылау.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.