Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.К.Т-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері -

М.К.Т-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1522 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
С. Сейфуллин кенті ,
Жарық орта мектебі.
Физика пәні мұғалімі
Бекназарова Даметкен Қайырберлина

Физика пәнінен ашық сабақ /10-сынып/

Сабақтың тақырыбы: М.К.Т-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: микродүниенің құрылысы туралы білімді
қалыптастыру,тек хабардар етіп қана қоймай, оларға тың
мәліметтер беріп, оқушылардың дағдысын қалыптастыратын
шаралар ұйымдастыру.
Дамытушылық: М.К.Т-ның негізгі қағидаларының
тұжырымдамасын дәлелдемелер арқылы меңгеру.
Тәрбиелік: Әртүрлі құбылыстарды түсіндіруге, мазмұнды баяндауға
үйренуге бағыт беру.
Құрал –жабдықтар, көрнекіліктер: Злектрондық оқулық, плакаттар.
Сабақ түрі: лекция.

Әдіс-тәсілдер: Электрондық оқулық, баяндау, трек ,конспекті сызу, оқу.
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ баяндау.
4. Сабақты бекіту.
5. Сабақты қорытындылау.
6. Үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылардың өткен сабақ бойынша есеп шығару дағдысының қалыптасуын тексеру.

Жаңа сабақты баяндау.

1. Молекула кинетикалық теорияның инегіздері
2. М.К.Т.-ның өсуі Демокриттің және М.В. Ломоносовтың еңбектері.
3. М.К.Т.-ның негізгі қағидаларының дәлелдемелері/Тәжірибені баяндау/
4. Газдығ сығылғыштығы, тұрған ыдыстың көлемін толық иемденетіні, ыдыс қабырғасына қысым түсіретіні.
5. диффузия құбылысының өтуі.
6. зат молекулаларының электрондық және иондық микроскрипта бақылау.

7. Броундық қозғалыс, оны бақылау туралы баяндау.
8. Молекулалардың жылдамдығының температураға байланысын көрсететін тәжірибелерді баяндау.

Сабақты бекіту.

Тақырыпты топтау.


V=V3kT N= m/mn
Абсолют температура
Больцман тұрақтысы mn –бір молекуланың массасы
М.К.Т.
қағидалары



Молекулалардың өзара әсер күштері

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білім-біліктілік дағдысын бағалау.

Үйге тапсырма беру.

С. Сейфуллин кенті , Жарық орта мектебі.

Бекназарова Д.К.

Жетілік ұғым

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талабына сай әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр.
Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді.Аптада 7 күн. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3,5,7 сандары киелі сан болып есептеледі. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады.. Қайтыс болған кісінің 7-сі беріледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі»дейді. Көкте 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіретін сол ата-бабалар. Тіпті жұт 7 ағайынды деген сөздің де өзі тұрмыстық жағдайдың келіп туындайтын байлам. ӘЗ Тәукеханның 7 жырғысы мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санның тектен тек тумағандығы айқын. Қауіп-қатерден аман қалған адам үшін, не анасы, не жұбайының 7 шелпек пісіруі не садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы дананым түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «7-ге келгенше жерден таяқ жейсің». «7 атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырымы, ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

Аптаның жеті күні
Жеті бірдей өренбіз, 1. Дүйсенбі
Жеті шумақ өлеңбіз, 2. Сейсенбі
Жеті түрлі бояумыз, 3. Сәрсенбі
7 түрлі әуенбіз. 4. Бейсенбі
Мейлі бізді мақтама, 5. Жұма
Бірақ бізді даттама. 6. Сенбі
7. Жексенбі

Көкте – Жеті қарақшы,
Жеті күн бар аптада.

Жеті күн Жұмбақ
1. Бүгін Жаңылмастан жетеуі,
2. Ертең Кезек қызмет етеді.
3. Бүрсігүні
4. Арғыкүні
5. Ауыр күн
6. Азна
7. Соңғы күн

Жеті жұт Жеті жоқ

1.Құрғақшылық 1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Жұт (мал қырылу) 2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Өрт 3. Таста тамыр жоқ
4. Оба (ауру) 4. Тасбақада талақ жоқ
5. Соғыс 5. Аллада бауыр жоқ
6. Топан су 6. Аққуда сүт жоқ
7.Зілзала ( Жер сілкіну) 7. Жылқыда өт жоқ

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу- қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса-
Бәрінен де сол жетім.

Жеті ғалам

Жеті ғалам ( дүние, жұрт) қазіргі тілімізде «дүние жүзі», «бүкіл әлем»
дегенді білдіреді.Мұндағы жеті сандық мән жоқ. Байырғы кезде бұл термин халақтың әлем туралы өте ерте кездегі мифологиялық түсінігін бейнелеген. Бұл түсінік бойынша жеті саны негізгі жеті бағытты білдірген. Олар – дүниенің төрт бұрышы: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан- жоғары ғалам, жер- орта ғалам, жер асты – төменгі ғалам.

Жеті қат көк

Жеті қат көк тіркесін қазіргі кезде қолданысымызда «шырқау биік, шексіз аспан»деп мәніне айырмаған. Жеті қат көк- байырғы шығыс астрономдарының кеңінен қолданылған термині. Мұндағы жеті саны- « жеті жұлдызға» сәйкес келеді.Ай, Шолпан, Меркурий, Күн, Қызыл жұлдыз( Марс), Мүштәри( Юпитер), Сатурн. Осы жеті шығыс астрономиясында жеті қат (қабат) көк деп аталады.

Жеті шәріп ( Жеті әулие)

1.Меке шәріп.
2. Мәдинә шәріп.
3. Бұхан шәріп.
4. Шам шәріп.
5.Қатым шәріп.
6. Құддыс (Мысыр) шәріп.
7. Кәлләм шәріп (Құран)

Жеті ғашық

Халық ауызында, оның өлең- жырлары мен ертегі- эпостарында ежелден айтылып келе жатқан жеті ғашық сөзінің түп-төркіні Шығыс елдеріне аңыз, дастан болып тараған ғашықтық хикаялармен сабақтас. Бұл фразеологизм қазақ ақындарының шығыс әдебиетімен ежелден келе жатқан үрдісі үзілмеген байланысын аңғартатын тілдік дерек. Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақтың ақындары жеті ғашықтың бәрін жырға қосып, дастан жазған. Олардың тыңдаушылары жаттап, кейде жазып алып, елден –елге таратып отырған. Қазақтың жыршылары мен ақындарының шығармасында екі нұсқа кездесетін жеті ғашыққа мыналар жатады:

1 нұсқа 2 нұсқа

1.Ләйлі- Мәжнүн 1. Ләйлі- Мәжнүн
2. Жүсіп- Зылиқа 2. Жүсіп- Зылиқа
3.Фархад- Шырын 3.Фархад- Шырын
4. Таһир – Зуһра 4. Баһрам – Күләнда
5.Арзу- Қамбар 5. Сейпілмәлік-Бәдіғұл- Жамал
6.Уәлік-Ғарра 6. Бозжігіт- Анула (Қарашаш)
7.Уәки-Күлшаһ 7. Зияда- Хорлы( Хорлы- Ғайын)


Жеті қазына
1.Ер жігіт
2.Сұлу әйел
3.Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6.Берен мылтық
7.Жүйрік тазы (ит)

Жеті ата

1. Ата
2. Әке
3. Бала
4. Немере
5. Шөбере
6. Шөпшек
7. Немене

Жеті жарғы Әз Тәукенің Заңдары
1- жарғы
Көтеріліс жэасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын ( Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туды).
2-жарғы
Түркі халқының мүддесін сақтап, елге опасыздық еткендер өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарты халықтың ортақ мүддесі- елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы
Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасы бұйырылсын.( Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тиым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4.- жарғы
Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға қамтамасыз еткен, неке парызына алалдықты талап еткен маңызы
зор жаңалық.
5- жарғы
Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.( Ол кездегі « Ер қанаты-ат» елдің, мемлекеттің соғыс күші ретінде пайдаланады).
6- жарғы
Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың қалың малын береді.
ә) төрт мүшенің мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7- жарғы
Ұрланған жылқы, өзге де құндымүлік үшін он есе артық айып төленсін.
Міне ХVII ғасырда өмірге келген «Әз Тәукенің жеті жарғысының» негізгі баптары осындай. Алайда оның негізі ежелгі Түркі мемлекетінде (қағанағында VI ғасырдың ортасында туған болатын. Яғни, жеті жарғы негізіне ел төресі ( мемлекет заңдары) және әртүрлі жарғы- жарлықтар алынып еді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.