Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесінің тақырыптық идеялық негізі. -

Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесінің тақырыптық идеялық негізі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4467 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
Кеншоқы ауылы
Нұра орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Жаңбырбаева Нургуль Кенесовна
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесінің тақырыптық идеялық негізі.
Сабақтың мақсаты: 1. Шығармалардың мазмұнын, кейіпкерлер бейнесін, тақырыптық идеялық негізін талдауға көмектесу.
2. Талдап, жинақтап ойлауын, пайымын дамыту, сөздік қорын жетілдіру.
3. Еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Жаңа теориялық білім беру
Сабақтың түрі: Жигсо ІІ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. М.Жұмабаев «Сүйемін» өлеңін жаттау.
Толқын көрінісіне суреттеме жазу.

Мұхтар Әуезов туралы әңгімелеу (білетінін кестеге жазу)

Білемін Білгім келеді Үйрендім

«Көксерек» әңгімесінің мазмұнына жоспар құру.
Әр бөлімге ат қою.
- «Көксерек» әңгімесінде жазушы қандай мәселе көтерген?
- Қай мезгілдегі оқиға сипатталады?
- Жазушының өзекті ой-түйіні неде?





№ 1 сарапшы парағы
1. Құрмаш кім?
Құрмаштың мәтіндегі сипаты Пікір

1. Іс-әрекеті
2. Сөйлеген сөзі
2. Құрмаштың қаза болуы мәтінде қалай суреттеледі?
3. Осы негізде оқыған шығармаларыңды еске түсіріп, салыстырып көріңдер.

№2 сарапшы парағы
1. Адам тұтқыны болған Көксеректің басқа ауыл иттерінен қандай айырмашылығы бар. Мәтіннен тап.

Көксеректің мәтіндегі сипаты Пікір

2. Көксеректің қолға түскендегі тағдыры.
3. Халықтың қасқырды киелі деп санайтындығына өз көзқарасың...

№3 сарапшы парағы
3. Әңгіменің идеясы мен сюжетіне тоқтал.? Ауыл адамдарының іс-әрекетіне баға бер.

Ауыл адамдарының сипаты Пікір, талдау

4. Мәтіндегі аңшылар бейнесі. І-әрекеттеріне баға бер.
Аңшылар бейнесі Пікір, талдау


№4 сарапшы парағы
1. Аққасқа қандай ит?
2. Аққасқаның әңгімедегі сипаты
Аққасқаның іс-әрекеті Баға бер


3. Ауыл адамдарының іс-әрекетін қолдайсың ба? Егер сенің өз басыңа осындай жағдай тап болса, қандай әрекет істер едің?
4. Шығарманың тақырыптық идеялық негізі неде?
5. Ой-толғаныс сатысы:
Осы тақырып негізінде 5 мақал-мәтел тауып жаз.

6. Үйге: 1. Оқулық бойынша №2 тапсырма.
2. С.Мұқанов «Есіл бойында» әңгімесінің мазмұнын оқу.

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы», «Боранды түнде» әңгімелерінің тақырыптық идеялық негізі.
Сабақтың мақсаты: 1. Шығармалардың мазмұнын, кейіпкерлер бейнесін, тақырыптық идеялық негізін талдауға көмектесу.
2. Талдап, жинақтап ойлауын, пайымын дамыту, сөздік қорын жетілдіру.
3. Ананы құрметтей білуге, достық сезім, ізгілікке баулу.
Сабақтың типі: Жаңа теориялық білім беру
Сабақтың түрі: Жигсо І,ІІ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. С.Мұқановтың «Есіл бойында» шығармасының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау. (теңеу, эпитет, мақал-мәтел)
3.1. Ғ.Мүсірепов туралы әңгімелеу (білетінін кестеге жазу)

Білемін Білгім келеді Үйрендім

№1. «Ананың анасы» шығармасын;
№2. «Боранды түнде» шығармасын оқу.
Мазмұнына жоспар құру.
Ой шақыру.
- «Ананың анасы» әңгімесінде жазушы қандай міселе көтерген?
- Қай кезеңдегі оқиға сипатталады?
- Жазушының өзекті ой-түйіні неде?

қара күш ана алдында әлсіз
өмірдегі
озбырлықты ана
жеңетін
ана махаббаты адамдық
ізгілік бастауы - ана
3.6.

№ 1 сарапшы парағы
4. Жалпақ балуан кім?
Жалпақ балуанның мәтіндегі сипаты Пікір

5. Іс-әрекеті
6. Сөйлеген сөзі
5. Жалпақты тізе бүктірген қандай күш?
6. Жалпақ балуандар бастаған топтың іс-әрекетіне баға бер. Қазіргі кезеңде осындай жандар бар ма? Егер де өзің осындай тобырдың қолына түссең қайтер едің?
№2 сарапшы парағы
4. Ана кім? Қандай жан?
Ананың мәтіндегі сипаты Пікір

5. Ананың бойындағы қандай қасиетті жоғары бағаладың?
6. Ана неге «Менің атым - әйел» дейді? Ана есімі неге мәтінде берілмеген. Ана бейнесі арқылы жазушының ой-пікірі қандай?
№3 сарапшы парағы
7. Әңгіме кімнің атынан баяндалады? Баланың іс-әрекетіне баға бер.
Баланың сипаты Пікір, талдау

8. Кәмен қандай қыз? І-әрекетіне баға бер.
Кәмен бейнесі Пікір, талдау

№4 сарапшы парағы
1. Қайсар неге қалыңдығын алып қашуға мәжбүр болды?
2. Қайсар қандай жігіт?
Қайсардың мінез-құлқы, іс-әрекеті Баға бер

3. Қайсардың іс-әрекетін қолдайсың ба? Егер сенің өз басыңа осындай жағдай тап болса, қандай әрекет істер едің? Қыз әкесі қандай жан?
4. Шығарманың тақырыптық идеялық негізі неде?

Екі шығармадағы ортақ идея.
Махаббат, бостандық

Ананың балаға жігіттің қызға деген махаббаты
деген махаббаты
Сүйіспеншілік бар жерде жеңіс бар, ешбір қара күш, дүниеқоңыздық сүйіспеншіліктен туған ізгілікке қарсы тұра алмақ емес.
5. «Ананың анасы» шығармасында қыздың бас бостандығынан айырылуы, оны босатудағы ана әрекеті
«Ананың анасы» әңгімесіндегі көтерілген мәселе «Боранды түнде» әңгімесінде көтерілген мәселе
Ортақ ой түйін
6. Үйге: «Ана – сарқылмайтын күш» тақырыбында шығарма жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.