Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М. Мақатаев. «Қарттарды сүйем» -

М. Мақатаев. «Қарттарды сүйем»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1211 | Размер: | Автор: гость
. Изтилевова Галя,
№11 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы

Тақырыбы: М. Мақатаев. «Қарттарды сүйем»



Жалпы мақсаты: Жеті модульдің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушыларға қарттарды сыйлау, құрметтеу туралы түсінік беру. СТО модульінің әңгіме-дебат, диалог әдістерін қолдану кезінде баланың санасында мейірім, сыйластық, ата-ананы құрметтеу туралы ұғымдарды қалыптастыру.
Сілтеме: бейнетаспа, әуендер, слайд және ресурстар.
Жаңа технологиялар: СТО, АКТ, Көшбасшылық модульдерін қолдану.
Тапсырма:
«Диалог» әдісі бойынша болады.
Ұйымдастыру :
Оқушылар төрт топқа бөлініп, психологиялық дайындық болады. Үй тапсырмасын диалог арқылы бекітеді.
1.Әңгімеге кімдер қатысады?
2.Осы әңгімеде саған қай кейіпкер ұнады?
3.Үлкен қыздың орнында сен болсаң не істер едің?
4.Диалог деген не?

Тапсырма . Көшбасшылық модульі арқылы болады.
Әр топтан бір оқушы өлеңді оқып береді.
Халқы - сөзінің мағынасын ашады. Атаны сыйлау туралы түсінігін айтады.
Тапсырма. «Диалог» әдісі. Көшбасшылық модульі бойынша
Сұрақтар беріп, әңгімелесу арқылы жаңа тақырыпқа кіреді.
М. Мақатаевтың «Қарттарды сүйем» өлеңімен танысады. Ақын туралы мол түсінік беріледі. Мұқағали ақын 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысында, қазіргі Райымбек ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған негізгі аты - Мұқаметқали болған екен. Мұқағали лирик ақын, мұзбалақ ақын болған. Әуен арқылы балалар Мұқағалидың өз дауысын естиді.
Ақынның суреттері экран арқылы балаларға жеткізіледі. (ақынның өзі, отбасы, достары).
Ортада қаламсап ойыны: Мұғалім әр топтан бір оқушының қаламын алып, сол қаламның иесі өлеңді мәнерлеп оқиды.
Мағынасын ашып, түсінеді. Көшбасшылық модульі арқылы «мұрагер» сөзінің мағынасы түсіндіріледі. Қарт ұғымына мағынасы жуық сөздерді топпен бірге пікірлесе отырып, ойланып табады. Ол сөздерді «Күн шұғыласына» орналастырады.

АКТ-модульі арқылы:

Тапсырма.
«Ой-толғаныс» әдісі Сергіту сәті.

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашады.
Топпен жұмыс болады. Балалар бір- бірімен пікірлеседі.
1-топқа. Көпті көрген дана болар,
Қартайып кетсе бала болар
2-топқа. Жас кезімде бейнет бер,
Қартайғанда зейнет бер.
3-топқа. Кәрі-кәрінің сөзі дәрі.
4-топқа. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.
АКТ модульі арқылы бейнетаспа тамашалап, «әңгіме-дебат» әдісі бойынша пікірлерін айтады.
«Қарттар үйі» туралы бейнетаспа көрсетіліп, балалар; Қарттар үйінің болғаны дұрыс па? тапсырмасына топпен ойласып отырып жауап береді. Әр топ өз пікірін айтады.

Дарынды және талантты баланы анықтау модульі.
Қарттар туралы көрініс көрсетеді.
Топпен бірге жұмыс болады.
Эссе жазу тапсырылады
«Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбына эссе жазады. Балалар эссе жаза отырып, А.Қоразбаевтың «Қара шал» әнін тыңдап отырады.
Екі жұлдыз, бір тілек бойынша кері байланыс орнатады.
Оқушылар тақырып бойынша түсінігін және ұсынысын жазып қалдырады.
Бағалау :
Білім ағашы арқылы бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін оқушылар өздері бағалайды. Өзін-өзі бағалау болып табылады.
Үйге тапсырма:
М. Мақатаев туралы материал жинақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.