Меню
Назад » » »
М. Мақатаев «Фантазия»
загрузка...

загрузка...
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебі
Шахметова Гулжанат Жамбуловна
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5 б
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІІІ
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Фантазия»
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: М. Мақатаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, ақын идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу;
2.Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасаған игі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.

І - Ұйымдастыру кезеңі
1.Түгендеу
2.Сабаққа әзірлік
Әр адамның ең жақын досы – кітап, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады.
М. Әуезов
3. Сыныпты 2 топқа бөлу.
«Аспан» топ «Жұлдыз» топ
Топ басшы: Топ басшы:
4.Тақтаға 3 конверт бағалау парағы ілінеді
1-қызыл 5
2-көк 4
3-сары 3
ІІ - Үй тапсырмасын сұрау.
1.Үйге қандай тапсырма берілді?
Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі
2.Іздеушілік деңгей (бөлімге бөліп, ат қою)
1.Қанды соғыс
2.келген күш
3.Алғашқы танысу
4.Арман
3.Пысықтау сұрағы:
Сүңгі деген не? – қару түрі
Байрақ деген не? – ту
Құзғын дегеніміз? – өлікті аңдыған құс
Ата нәкес? – ата жау
4.Көмекке келген жігітке сынаттама
А С жеңіл шидем шапан киген
Б А қабағы түйілген
Ы Б қолында қаруы бар
Л А астында құстай ұшқан тұлпары бар
А Л қара мұртты
Й А соңына ерген қол
Қ аққан жұлдыз сияқты
«Абылайлап» ұрандаған

ІІІ Жаңа сабақ
Ең жақын досыңыз не? – Кітап
1. Кіріспе: Бүгінгі тақырыбымыз:
М. Мақатаев «Фантазия»
2. М. Мақатаев кім? Ол туралы не білемз?
1.Ақын
2.


1. Мұқағали Мақатаев – ол ақиық ақын. Ол туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзент.
2. М. Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойылған есімі – Мұхаметқали. Бірақ «Пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп ойлаған әке- шешесі оны кішкентай кезінен «Мұқағали деп еркелеткен.
3. Әкесі – сүлеймен колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы болған. Анасы – Нағиман шешей.
4. Мұқағалидың әжесі – Тиын-тиын
– өте айбынды, ер мінезді, батыр шалыс, қайсар
атасы – Мақатай
Қандай өлең жырларын білесіңдер?
Барлығы да сендердікі
Мен таулықпын
Қайырлы тун
Дариға
Есіңе мені алғайсың

3.Кітаппен жұмыс
«Фантазия» мұғалім оқуы
4.Сөздік жұмысы
5.Оқушылардың оқулықпен жұмысы
6.Түсінікті тексеру
Сұрақ-жауап
Қиял- ғажайып ертегіні есімізге түсірейікші
Қиял- ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сон алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Кімдер еді? (Мысал келтір)
Желаяқ,Таусоғар, Саққұлақ, Самұрық құс
Ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
Заман дамыған, барлығы компьютермен, пультпен жұмыс жасаймыз.
7.Жаңа сабақты бекіту.
Салыстыру арқылы
Дәлел


8.Сабақты қорыту.
1.Бағалау: әр топтың ұпай саны
2.Үйге: «Фантазия» өлеңін жаттау
Хор: «Үш бақытым» өлеңі.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебі
Шахметова Гулжанат Жамбуловна
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Мақал – мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мақал- мәтелдер жөнінде ұғым беру, мақал- мәтелдер өзіннен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл-өсиеті екенін, мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Тәрбиелік: Мақал-мәтелдер адамды жамандықтан сақтайтын, тәрбиелейтін, ақыл-өсиет беретін халық оқулығы екендігін оқушыларға дәлелдеу.
Дамытушылық: Мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуге, түрлі тапсырмалар арқылы шыңдау және дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мақал-мәтелдер жинақтары, суреттер, нақыл сөздер.
Әдісі: Оқыту, түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жарыстыру, оқушы пікірін тыңдау.
Түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақты меңгеру:
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты, әр сөзінің орыны тұрақты, өзгертуге келмейді. Мақал-мәтелді халық ежелден бағалай білген.
Мақал-мәтелдер халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер – өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді. Мәтел астарлы түрде келеді. Ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мәтел тиянақты тұжырым да болмайды.
Мақал-мәтелдер: 1. Адалдыққа тәрбиелейді. 2. Орындарын өзгертуге келмейді. 3. Жақсылыққа бастайды. 4. Тарихи деректерді мысал түрінде түсіндіреді. 5. Теріс мінез-құлықтарды әшкерелейді, сынайды. 6. Белгілі тұжырым жасайды.
Жаттығу жұмыстары.
Берілген тақырыпқа мақал-мәтел құру. 1 минутта берілген парақшаға толтырып жазу.
1. І топ – «Ынта» ІІ топ – «Жігер» ІІІ топ – «Дарын»
Дос Тіл Білім
2. Аңшылық, мерген туралы. Төрт түлік мал туралы. Туған жер, атамекен туралы.
3. Мына орны ауысқан әріптерден дос туралы мақалды табыңыз (3-4мин)
І топ
А, Ы, Ө, П, Ж, Д, О, А, С, Ы, Т, І, У, А Л, Й, М, Д, К
Мына орны ауысқан әріптерден ер жігіт туралы мақалды табыңыз.
ІІ топ
Т, А, Қ, А, Р, О, Ө, Ж, Р, А, Н, Г, Е, Н, К, А
Мына орны ауысқан әріптерден әдептілік туралы мақалды табыңыз.
ІІІ топ
Н, Е, Р, Ы, С, Д, І, А, М, Ө, Д, Т, Р, І, Е, Л, І
4. І топ: Синоним болатын мақал-мәтелді, ІІ тпп: Антоним болатын мақал-мәтелді, ІІІ топ: Омоним болатын мақал-мәтелді жазыңдар.
5. Тобыңызбен шеңберлене отырып, мақал-мәтелдің соңғы әріпінен жаңа мақал айтыңыз, Мысалы: Ағаш көркі-жеміс,
Адам көркі – жақсы іс.
6. Мақал-мәтелдегі қалып кеткен сөздерді қойып, толықтырыңыз. (6мин)
І топ – «Ынта».
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы шал сәлем берер.

Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады.

ІІ топ – «Жігер».
Жат асына қарайды,
Дос басыңа қарайды.

Досыңның асын қасындай іш.

ІІІ топ – «Дарын»
Досы жоқ адам,
Тұзы жоқ тағам.
Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл.
7. І топ «Ынта»
Берілген шеңберді төртке бөл, сол сызықтар бойынша оқып шық. Сонда қай сөзден бастап оқуға болады? Не деген мақал шығады?
Жерде

кең тар

отырасың, отырсаң
Дұрыс жауап.
Кең жерде тар отырсаң, тар жерде кең отырасың.
ІІ топ – «Жігер».
Жазылған әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған әріптерді тап. Сол әріптерді жалғастырып жазғанда жасырынған мақал шығады. Ол не деген мақал?
Кім-өкім Ара – арқа
Желі – желін Су – ысу
Кен – кене Қобы – қобыз
Ерлік – ерлік Қылық – ықылық
Мал – амал Баға – балға
Дұрыс жауап.
Өнер алды – қызыл тіл.
ІІІ топ – «Дарын»
Көн нүктенің орнына керекті сөзді тауып қой да, оның мағынасын түсіндір.
1. .............ісімен жақсы. 2. ...............өлшеп бір кес.
3. .............баласы болма, ................... баласы бол.
8. Мақал – мәтелдерді тақырыптарға топтап, сызбаға түсіріңіздер. (6мин)
9. Үш топқа (1-топ «Ақыл», 2-топ «Білім», 3-топ «Өнер») үш сөз беріледі.
Сол сөзді қатыстырып, тез арада мақал-мәтел, мәтін құрастырады.
10. Эссе.
Сабақты бекіту.
1. «Жылдам жауап» ойыны
- Еңбек түбі не? (береке)
- Көптің түбі не? (мереке)
- Кәсіп түбі не? (нәсіп)
- Бейнет түбі не? (Зейнет)
2. Мақал мен мәтелдің ерекшеліктерін топтастыру
Мақал Мәтел
1 Құрылысы жағынан ескі, үш бөлімді болады. Мысалы: Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ, бала- жағасындағы құрақ Көбіне бір бөлімді болып келеді. Мысалы: Суға кеткен, тал қармайды.

3. Полиглот. Мақалдағы қалып кеткен сөзді тауып, үш тілге аудару. (4 мин)
Балалы үй базар, баласыз үй мазар.
Көз қорқақ, қол батыр.
Досы көпті жау алмайды.
Дұшпан күлдіріп айтады.
Ердің екі сойлегені – өлгені.
4. Кез келген тақырыптағы мақал-мәтелге сурет арқылы басқа топ мақалды тауып, мағынасын түсіндіру.
Үйге тапсырма: Мақал-мәтелдерді құрастыру және мағынасына қарай талдау жасау.
Бағалау: Оқушыларды жинаған балдары арқылы жеке-жеке бағалау және жалпы топтық қорытынды шығару. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему М. Мақатаев «Фантазия» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 325 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar