Меню
Назад » » »
М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
загрузка...

загрузка...
Асан Ханзада,
С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Ордабасы ауданы
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Қазақ әдебиеті
«Iesson studу» әдісі бойынша өтілген
тізбектелген сабақтар жоспары

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: М.Мақатаевтың өмірі туралы, шығармашылығы туралы, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы білім қалыптастыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын , сөйлеу мәдениетін, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: адамгершілік ізгі қасиеттерге, сөз өнерін қадірлей білуге, көркем сөйлеу білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, сөзжұмбақ,семантикалық карта, кеспе қағаздар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: білімді бекіту, қолдану, дағды мен іскерлікті қалыптастыру сабағы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.
І.«Ана» тобы, «Табиғат» тобы, «Аққу» тобы.
Тренинг «Тілек тілей білеміз бе?»
ІІ.Жаңа сабақ тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақ шешкізу
«Ой шақыру» стратегиясы.

М а х а м б е т
М ұ х т а р
Ш о қ а н
А б а й
М а ғ ж а н
Ш е р х а н
Ж а м б ы л
Т а х а у и

1.Ереуіл ақыны.
2. «Абай жолы» романының авторы.
3.Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым.
4.Қазақтың бас ақыны.
5. «Батыр Баян» дастанының авторы.
6. «Қызыл жебе» романының авторы.
7. Жүз жасаған ақын.
8. «Күй аңызы» әңгімесінің авторы.
ІІІ.Сөзжұмбақты шешкен соң «Тұлғаны таны» айдары бойынша Мұқағалидың отбасылық альбомынан суреттермен танысады. Мұқағали өмірі мен шығармашылығын оқып шығуға уақыт беріледі.
«Топтастыру» стратегиясы
1-топ.Ақынның өмірі.
2-топ.Ақынның жинақтары.
3-топ.Ақынның поэмалары
ІҮ. Поэзия минуты. Әр топтан 1оқушы Мұқағали өлеңін оқиды.
Ү.Мұғалімнің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына кіріспе жасауы. 1973 жылы «Жалын» журналында жарияланды. Ғ.Мүсіреповтың берген бағасы, алтын қаламсабын сыйға тартуы.Поэма бойынша іздену жұмысын жүргізеді.
«Мағынаны таны» стратегиясы
1-топ. «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өзіне ұнаған үзіндіні алып, не себепті таңдағанын түсіндіреді.
2-топ .Аққу құсы туралы ізденеді.
3-топ. «Аққу –сұлулықтың рәмізі» тақырыбына ой толғау жазады.
ҮІ.Семантикалық картамен жұмыс жүргізу.
Кейіпкерлер сөзі Ана Әке Жылқышы Тәуіп шал
-Мана, күндіз тәуіп шал не деп кетті?
-Аққуменен баланы аластаңдар
-Апырым-ай, қалай барам, қалай барам?
-Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
-Ей, кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма?

ҮІІ. «Ой толғаныс» стратегиясы. «Аналар-асыл жандар» эссе жазу
ҮІІІ. Қорытындылау
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалау
Үйге тапсырма:
Поэмадан үзінді жаттау, тыйым сөздер тауып келу. 248-258 бет
Рефлекция: Стикерге ойын жазып, тақтаға ілу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 302 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar