Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Мақатаевтың шығармашылық мұрасы -

М.Мақатаевтың шығармашылық мұрасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1338 | Размер: | Автор: гость
. Идирисова Шахноза Ахметовна,
Науайы атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Созақ ауданы
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың шығармашылық мұрасы

Сабақтың мақсаты: Мұқағали туралы мәлімет бере отырып, ақынның шығармашылығын оқушыларға терең меңгерту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, руха-
ни жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже :
1. М.Мақатаев туралы кеңінен мәлімет жинай алады.
2. Өз беттерімен білім алуға талаптанады, интербелсенді тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.
3. Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді.

Табыс критерийлері:
1. Біз тақырыпты өз бетімізбен меңгере аламыз
2. Шығармашылық тапсырмаларды орындай аламыз
3. Мұқағали туралы ой өрбіте аламыз.

Сабақтың түйінді идеялары: оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді, жұптасып жұмыс жасай алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, диалог, рөлдік ойындар, ой қозғау, РАФТ стратегиясы, «Ақылды доп» ойыны, жеке, жұптық, топтық жұмыстар.

Түсіндірмелер Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
1 минут
Сабаққа дайындықтарын тексеру
Сабаққа қажетті оқу-құралдарын дайындайды.

Ой қозғау
1 минут М.Мақатаевтың өлеңінен үзінді оқу Жұптық жұмыс орындалады
Топқа бөлу, топты таныстыру
3 минут Түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлу Стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Топтың атымен, ұранымен таныстырады
Үй тапсырмасын сұрау
4 минут
Оқушылардан «Ақылды доп» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралады Тақырыпқа қатысты естерінде қалған мәліметтерді ортаға салады
Жаңа тақырыпты меңгеру
9 минут Топтарға тапсырмалар беру. Топтық жұмысты жасауда бағыт-бағдар
беру.
Өмірі, шығармашылығы жайлы постер қорғату. Топ көшбасшысы шығып
өз жұмыстарын сынып ішінде қорғайды.

Поэзия минуты
5 минут Өлең шумақтары арқылы сабақтың идеясын ашу Топтар ақынның өздері білетін өлеңдерін оқу арқылы бір-бірлерімен жарысады

Топтық жұмыс
Рөлдік ойындар
6 минут
Топтарға тапсырмалар бөліп беріледі.

Топтар берілген тапсырмаларды оқи отырып, сахналық көріністер дайындайды

Топпен жұмыс «Мұқағалиға еліктеу»
4 минут
Топтар ақынға еліктеп арнау өлеңдер шығарулары керектігі айтылады
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң әр топтан 1 оқушыдан шығып, сол өлең шумақтарын оқып береді

Шығармашылық жұмыс
РАФТ стратегиясы
3 минут
Мұғалім бағыт-бағдар береді
Оқушылар тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе, хат, хабарландыру, өтініш, бұйрық не жарнама жазуларына болады.Оқушылар тапсырманы орындайды.

Сабақты қорыту
1 минут
Мұғалім сабақты бекітеді
Оқушылар берілген сұраққа қатысты өз ойларын айтады.
Бағалау
2 минут Бағалау парағындағы оқушы жетістігін қорыту, сынып журналына түсіру Бағалау парағына топбасшысы топ мүшелерінің сабаққа қатысымын түсіріп бағалайды.
Кері байланыс
1 минут Формативті бағалау Рефлексия жазады.
«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі
Үйге тапсырма:
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында ойтолғау жазып келу
1 минут
Мұғалім тапсырма береді
Тапсырманы орындайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.