Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«М.О.Әуезовтің оқу-ағартушылыққа көзқарасы»атты тезисі -

«М.О.Әуезовтің оқу-ағартушылыққа көзқарасы»атты тезисі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1828 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы,Қарасай ауданындағы Алмалыбақ ауылы,
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын
Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы

Нүсіпжанова Сәуле Айдарқанқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«М.О.Әуезовтің оқу-ағартушылыққа көзқарасы»атты тезисі

...Мұхтар мұрасы-мұхиттай мол дүние...
Мұхтар Әуезов-бойындағы отаншылдық
сезім мен адамзатқа ортақ гуманизм прин-
циптерін ғұмырының соңына дейін қатар
ұстап өткен
Ұлы жүрек иесі...
Мұхтар Әуезов...әрдайым жұртының жа-
дында жаңғырып тұратын тарихтың да,
тағдырдың да сынына төтеп берген Ұлы
тұлға...
Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұхтар Әуезовтің оқу-ағартушылыққа көзқарасы.

I. М.Әуезовтің ерте кезеңдегі оқу және оқыту мәселелері төңірегіндегі
пікірлері, педагогикалық көзқарастары.

II. М.Әуезов өзінің 1918 жылғы «Абай»журналының I-санында жарық көрген «Ғылым»атты мақаласында : «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес ,өскен орта ,көрген үлгі – өнеге білетіндігінен және түзелу,бұзылу жас уақытта болады...
Көпшілікте адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды тәрбиелеу қажет»- деп жазды.
ІІІ. 1918 жылы жас Мұхтардың ғылымның тәрбиедегі маңызы туралы
осылай тұжырым жасауын тек болашақ үлкен ойшылға ғана тән нәрсе
деп қарауға әбден болар еді.

ІV «Адамшылықты таза жүргізу үшін ,- деп жазды М.Әуезов,-көп ой
керек,ойлау үшін оқу керек.Және оқу әр тараптан мағлұмат
беріп,хахиқатқа баланың көзін жеткізіп,көңілін жақсылықпен тәрбие
қылу керек»...
1.М.Әуезов. «Ғылым»-«Абай»журналы 1918 ж.№1,4-5 бет
2.М.Әуезов. «Ғылым»-«Абай»журналы1918ж.№1,5 бет
V. М.Әуезов,өзінің «Мәдениет және ұлт»атты еңбегінде ұлттың гүлденіп
дамуы,оның өсіп-өрбуі мәдениет ,ғылым дәрежесіне тікелей
байланыстылығын айта келіп: «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің
алтын алқасы болып отыр.
Осы күнде мәдениет жерде ,суда,ауада,аспанда ай-жұлдызды биледі.
VІ. Халықты сауаттандыруға,әсіресе жастар оқуына аса мән бере қараған педагог М.Әуезов «Абай»журналының 1918 жылғы 11 санында «Оқу ісі» атты көлемді мақаласын жариялайды.
VII.Бұл мақала бойынша жуық арада белгілі бір жүйедегі оқу бағдарламасын жасау , қолда бар оқу құралдарын толықтыру және дайындау ,семинария бітіргендерді оқутышылыққа тарту, жоғарғы оқу орындарына шәкірттер жіберу, мұсылманша сауаттыларға тәрбие ғылымы, земство,тағы басқа халыққа пайдалы дәрістер беріп,кейін оларды халықты сауаттандыру ісіне кеңінен тарту мәселелері.
VIII.Оқу ісінің мақсатын түйіндей келе мақала авторы:
«Біз қараңғы түннің тұманы сейілген соң, тіршіліктің жарығын жаңа көріп отырған елміз... Бұл халде ұлт оқуына көбірек жауапты болатын адамдарды тезірек іске тарту қажет деп білеміз»-дейді.
IХ.М.Әуезов 1922 жылы сәуір айының аяғынан бастап оқу мәселесі төңірегіндегі істерге тікелей араласады.
Х.1925 жылғы 8-қаңтарда «Ауыл»газетінде жарияланған «Бәрекелде»деді ме екен?» атты мақаласында М.Әуезов қазақ даласындағы ауыл мектептерінде оқыту жұмыстарының нашар екендігін айтты.
1.М.Әуезов.Оқу ісі-«Абай»журналы.1918ж.№11,6-бет.
2.Бұл да сонда,6-бет.

ХI. М.Әуезовтің ойынща,оқытушылар замана талабын дұрыс түсінген ,адам баласының қас жауы надандық пен қараңғылыққа күресуші ,адамзаттың өткен тарихындағы барлық мәртебелі де ,игілікті істердің жалғастырушылары болуы шарт.
ХII.М.Әуезов оқытушыларды тек өз істері төңірегінде қалмай , білімнің әр саласынан жан-жақты хабары бар «тарихты өз қолдарымен жасаушы саналы да белсенді қайраткерлер» болуға шақырады.

ХIII.М.Әуезов-оларды «республикалың алдыңғы қатарлы адамдары ,қазақ мәдениетінің белсенді қайраткерлері»деп бағалайды.Қазақстанда осындай алдыңғы қатарлы ,белсенді қайраткерлерді даярлауда ұлағатты ұстаз сонау 20-30 жылдардан бастап өмірінің ақырына дейін тынбастан қызмет етті

ХIV.М.Әуезов оқу және оқыту ісін,оның ішінде қазақ әдебиеті мен тілін оқытуға айрықша мән берген ұстаз.Сонымен бірге,ол жалпы жадағай оқыту емес ,қалай оқыту керек,кімдерден үлгі-өнеге алу керек деген мәселелер төңірегінде де көп тоқталып ,ерекше мән берген.
1.М.Әуезов. «Мысли разных лет».1961,14-бет.
2 «...Әдебиет және искусство»журналы.1940ж.№10-11,100-бет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.