Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұрат Мөңкеұлы –ел мұңын жырлаушы -

Мұрат Мөңкеұлы –ел мұңын жырлаушы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 10160 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы : Мұрат Мөңкеұлы –ел мұңын жырлаушы
Сабақтың мақсаты : а) Мұрат Мөңкеұлының шығармаларынан мәлімет бере
отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және
шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты
таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл
қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау
қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі : Талдау сабақ
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : Кеспе қағаздар, Қазақстан картасы, бүктемелер, кітаптар ,
Пәнаралық байланыс : Тарих, қазақ тілі
Сабақ жоспар:
І Психологиялық дайындық
«Ыстық алақан»
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Сұрақ-жауап
2. «Топтастыру» әдісі
ІІІ Жаңа сабақ
«Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы
1.«Қыз сыны» өлеңінің шығу тарихы
2. Мұрат өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
1. Сыныпты топқа бөлу.
І топ: «Жыршы» тобы
ІІ топ «Жыраулар» тобы
ІІІ топ «Айтыскерлер» тобы
2. Психологиялық дайындық. «Ыстық алақан»
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Біздің өтіп жатқан әдебие өкілдері қай кезеңде өмір сүрді?
2. Оларды неге «Зар заман өкілдері» деп атады?
3. Қазақстан картасынан мына ақын жараулардың туған жерін тауып, есімдерін жапсыру
1.Махамбет Өтемісұлы
2. Қашаған Күржіманұлы
3. Сүйінбай Аронұлы
4. Майлықожа Сұлтанқожаұлы
5. Дулат Бабатайұлы
6. Абыл Тілеуұлы
7 Мұрат Мөңкеұлы

б) Жаңа сабақ
Патшалық отарлаудың темір құрсауынан құтылуды, бейбіт тәуелсіздікті аңсаған, халық тағдырын, елінің бүтіндігін, тәуелсіздігін, халқының болашағын жырының өзегі еткен ақындар қатарына Мұрат Мөңкеұлын да жатқызамыз. Елдің бірлігі кетіп, шырқы бұзылған кез - "Ресей патшасының шеңгеліне ілініп", тәуелсіздіктен айырылған кезде өз жыр-толғауымен халықтың мұң-қайғысына ортақтаса үн қосқан ақынның бірі болды. Бүгінгі сабағымызда Мұрат Мөңкеұлының шығармаларына тақырыптық, идеялдық, көркемдік ерекшелігі бойынша талдау жасаймыз. Үйде Мұрат Мөңкеұлы туралы ізденіп, деректер біліп келу тапсырылған болатын. Ендеше Мұрат Мөңкеұлы кім? Деген сұраққа топтастыру әдісі бойынша әр топ жауап береміз

1) Топтастыру

Жыршы

Жырау Зар заман өкілі

Суырып салма Шежіреші
ақын


Ақындық өнердің Ел мұңын Ерекше дарын
Діңгегі алтын жырлаушы иесі

2) «Дәлелде» кезеңі

І топ 1. «Мұрат –дауылпаз ақын, жырау, ел мұңын жырлаушы» екендігін дәлелде.
Оқушылар өз бетінше кітаптан оқып, берілген тапсырманы орындайды.
2.Мұраттың өлеңдерін мәнерлеп оқу.
ІІ топ 1. Мұрат – жыршы. Қандай жырларды жатқа білген?
2.«Қарасай-Қази» жыры туралы айт.
ІІІ топ 1. Мұрат – айтыскер ақын. Суырыпсалма ақын.

в) Талдау кезеңі
І «Жыраулар» тобы
«Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы жайында баянда.
«Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы
Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй-ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашаған¬мен айтыстыралық. Мұрат өз ауылын¬да жүргенде елін, жерін, Берішін мақ¬тап дес бермейді дейді. Енді несін мақтай¬ды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстыр¬сақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді. Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.
Сөйтіп жүргенде Адай елінің үл¬кен жиы¬ны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.
«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бас¬тап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Ерлерге ерегіскен не қылмады?
Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай,
Оны да аңсыз жерде жазымдады.
Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған ¬Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі ай¬қын да нақты көрінеді. «-Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбет¬тің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады.
Ақын осы жырының былайғы тармақтарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді.
Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Елін сағынған ақын көкірегінен мынадай әсем поэтикалық жырлар төгіледі:
Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге суы шыққан бие байлап.
Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы
Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,
Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап.
Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың,
Алланың құдіретіне шараң нешік
Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай
Алланың құлы болсаң бізге күлме,
Тап болар тасқан елге мұндай ылаң.
Елдің жайбарақат тұрмысын еселеп айта келіп, қысқа да болса бейбіт, тыныш тіршілікті орыс пен «қоянның» жұтатқанын «Тұяғын қалдырмады жал¬ғыз тайдың», «Алланың құдіретіне шараң не¬шік, Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай», «Алланың құлы болсаң бізге күлме, Тап болар тасқан елге мұндай ылаң» деп көрсетеді.
Бұл жолдардан Адай еліне Мұраттың көшіп баруының себебін баяндағаны көрінеді. Елдің ауыр тұрмысы, Жайық бойы мен Нарын құмының халсіз күйі көз алдымызға елестейді.
Жырдың терең мәнді бейнелеулерінде халықтың ауыр тұрмысы, өзге жұрттан келген зардап, елдің зары естіледі.
ІІ «Айтыскерлер» тобы
«Қыз» өлеңінің шығу тарихын баянда
«Қыз» өлеңінің шығу тарихы

Тыныштықпен айтысы Қызылқоға ауданында болады. Бірде Мұрат Шеркеш руының қыз ұзату тойына шақырылады. Мұнда ол Тыныштықпен айтысады. Сөзді Мұрат бастап, сөзінің соңында былай дейді:

Кемпірмен елудегі айтыс деген
Шеркештер, қорлық көрдім осыныңды-ай.
Тыныштық Мұратты «тентіреп жал¬ғыз жүресің» деп мін таққысы келеді. Мұрат халқым аман болса мен жалғыз бол¬маймын, мен келгенде сый-құр¬мет¬терің маған дайын дегенге келтіріп сөз айтады. Екі ақын да бір-бірінің руларының кейбір адамдарының жасаған іс-әрекеттерін айтып, бір-бірінің бетіне басады. Тыныштықтың тілі тигеннен кемшіліктерін тізбектеп кеттім деп, Мұрат шеркештерден кешірім сұрайды. Бұған Тыныштықтың жауабы болмайды. Айтыстың аяғында Мұрат ұзатылмақшы болып отырған қызға өзінің арнауын айтады.

Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,
Оздырдың салтанатты еліңнен, қыз.
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген, қыз.
Шай ішіп самаурыннан сәске түсте
Керіліп әрең тұрасың төріңнен, қыз.
Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп,
Көшкенде салтанатың көрінген, қыз.
Дәулеттің қалың қара арқасында
Асқан жоқ қатар-құрбың өзіңнен, қыз!
Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан, қыз,
Сүйегің жаратылған асылдан, қыз.
Лебізің, сөзің – шырын, маржан – тісің,
Кеткісіз келген адам қасыңнан, қыз.
Адамның жалғаншыда арманы не,
Өзіңмен дүниеде қосылған, қыз.

Сөйлесең сүт шығады тіліңнен, қыз,
Құрбыңа салтанатың білінген қыз.
Басымнан бұ дүние өтеді деп,
Қайғымен тамақ ішпей бүлінген, қыз.
Қамқа бөрік, қамзол, бешпент, алтын ілгек,
Ақ көйлек зер шашақтан кейінген қыз.

Тойдың шапанын өзім алам деп отырған Тыныштықтан Мұрат осылайша озып, өрнекті жырымен ұтып алған болатын. Қыздың шешесі Мұратқа шапан жабады.

ІІІ «Жыршылар» тобы. Берілген өлеңдердің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Көркемдік ерекшелігіне талдау
І Жайық сені қайтейін,
Ағашың абат көрінген,
Жапырағы жерге төгілген
Жапырағы жасыл алқа қамқадай,
Бұтағы бұрама күміс алқадай,
Баттауығы білектей,
Боташығы жүректей,
Балдырғаны соққыдай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығының көптігі –
Суына жылқы жаптырмас...
Шырмауығының көптігі –
Шөккен түйе таптырмас

ІІ Дұшпан – тазы, біз – түлкі,
Қашсақ ерікке қоймайды,
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық.
Құлғанадай қадалған,
Бұл не деген ғаламат,
Қазынасы кең қүдайым,
Сақтағайсың саламат!

қ/с Өлең атауы
Ұйқас түрі Теңеу Эпитет Метафора Эпифора Анафора
1 «Қазтуған» толғауы
2 «Үш қиян» өлеңі

Білімді бекіту: «БҮҮ» әдісі бойынша оқушылар дың жазған жұмыстары тыңдалады

Білімді бағалау:
Оқушылырды жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай топ басшылары білімдерін бағалайды.
Үйге тапсырма: Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.
«Қыз» өлеңін жаттау


«Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы
Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй-ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашаған¬мен айтыстыралық. Мұрат өз ауылын¬да жүргенде елін, жерін, Берішін мақ¬тап дес бермейді дейді. Енді несін мақтай¬ды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстыр¬сақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді. Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.
Сөйтіп жүргенде Адай елінің үл¬кен жиы¬ны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.
«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бас¬тап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.

Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Ерлерге ерегіскен не қылмады?
Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай,
Оны да аңсыз жерде жазымдады.
Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған ¬Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі ай-қын да нақты көрінеді. «¬Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбет¬тің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады.
Ақын осы жырының былайғы тармақтарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді.
Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Елін сағынған ақын көкірегінен мынадай әсем поэтикалық жырлар төгіледі:

Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге суы шыққан бие байлап.
Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы
Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,
Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап.
Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың,
Алланың құдіретіне шараң нешік
Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай
Алланың құлы болсаң бізге күлме,
Тап болар тасқан елге мұндай ылаң.
Елдің жайбарақат тұрмысын еселеп айта келіп, қысқа да болса бейбіт, тыныш тіршілікті орыс пен «қоянның» жұтатқанын «Тұяғын қалдырмады жал-ғыз тайдың», «Алланың құдіретіне шараң не¬шік, Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай», «Алланың құлы болсаң бізге күлме, Тап болар тасқан елге мұндай ылаң» деп көрсетеді.
Бұл жолдардан Адай еліне Мұраттың көшіп баруының себебін баяндағаны көрінеді. Елдің ауыр тұрмысы, Жайық бойы мен Нарын құмының халсіз күйі көз алдымызға елестейді.
Жырдың терең мәнді бейнелеулерінде халықтың ауыр тұрмысы, өзге жұрттан келген зардап, елдің зары естіледі.

Сарыарқа
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Ерлерге ерегіскен не қылмады?
Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай,
Оны да аңсыз жерде жазымдады.
Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге суы шыққан бие байлап.
Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы
Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,
Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап...
Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың,
Алланың құдіретіне шараң нешік
Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай
Алланың құлы болсаң бізге күлме,
Тап болар тасқан елге мұндай ылаң

Көркемдік ерекшелігіне талдау

І Жайық сені қайтейін,
Ағашың абат көрінген,
Жапырағы жерге төгілген
Жапырағы жасыл алқа қамқадай,
Бұтағы бұрама күміс алқадай,
Баттауығы білектей,
Боташығы жүректей,
Балдырғаны соққыдай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығының көптігі –
Суына жылқы жаптырмас...
Шырмауығының көптігі –
Шөккен түйе таптырмас

ІІ Дұшпан – тазы, біз – түлкі,
Қашсақ ерікке қоймайды,
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық.
Құлғанадай қадалған,
Бұл не деген ғаламат,
Қазынасы кең қүдайым,
Сақтағайсың саламат!

ІІІ Еділді алса, елді алар,
Енді алмаған нең қалар?
Жайықты алса, жанды алар,
Жанды алған соң нең қалар?..

ІҮ Айналайын, Қазижан,
Аспандағы жұлдызым
Маңдайдағы құндызым,
Артыңда енді кім қалды,
Айналайын, жалғызым?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.