Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Шаханов.«Отырар» дастаны -

М.Шаханов.«Отырар» дастаны

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1465 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қосжанова Салтанат Орынтайқызы

Пән аты: әдебиет
Сыныбы:5«Б»

Сабақтың тақырыбы М.Шаханов.«Отырар» дастаны
Сілтеме Ғаламтор, оқулық, МАН
Жалпы мақсаты 1. Танымдық: Өлеңді мәнерлеп және рөлге бөліп оқыту арқылы сапалы, табысты оқытуға ықпал жасау.
2. Эмоциялық: Психологиялық жағымды орта қалыптастыру.
3. Әлеуметтік: Сыни тұрғыдан ойлауға, шешім қабылдауға, ойын еркін жеткізуге баулу.
Күтілетін нәтиже • Оқушылар әңгімені түсініп оқу, талдау арқылы гипотеза құрайды.
• Өзара әрекеттестікте жұмыс жасау арқылы сыни ойлау дағдысы артады.
• Ынтымақтастықта жұмыс жасау арқылы бірін-бірі қолдайды, әр жұмысқа қорытынды жасайды.

Негізгі идеялар Өзара әрекеттесу арқылы сыңаржақтылықтың болмауы, өзін-өзі реттеуі.
Тапсырма көздері 1. Білім шыңына жету үшін жеті асудан өту
2. Мини жоба қорғау, кеңейтілген тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, слайд, постерлер, ұялы телефон
Мотивациялық кезең Оқушылардың зейінін дамыту мақсатында«Қатесін тап» ойыны. (VІм-ОжЕСОжО)
Үй тапсырмасын сұрау Қалың сұрақтар арқылы үй жұмысын пысықтау
Жаңа сабақ Диалогтік сұхбаттасу арқылы оқушылардан барынша ойластырылған әрі терең жауап алу мақсаында «Ашық сұрақтар» беру. (Ім-ДО)
Сергіту сәті «Мен саған сенемін» ойыны.
Кейінгі тапсырмалар І.Білім шыңына жету үшін асулардан сүрінбей өту.
1-асу. Дәлелдерді талап етіп, ең жақсы түсініктемені табу мақсатында«Мини жоба» қорғау.(ІІм-СТОҮ, ұтқырлық, ІVм-АКТ)
І топ-Отырар. ІІ топ-Шыңғысхан. ІІІ топ-М.Шаханов (ОүБ-4)
2-асу. Дәлелдерді талдап, салыстыру мақсатында«Венн диаграмма» әдісін пайдалану.
І топ.
Шыңғысхан-Қайыр хан
ІІ топ.
Қарашоқы-Қайыр хан
ІІІ топ. Қарашоқы-Қария
3-асу. Мәтінмен жұмыс.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін өлең жолдарын қара сөзбен жеткізу қабілеттерін анықтау.(ОүБ-2)
І топ.
Егер бүкпей баяндасам шындықты,
Рухы - өр, тәні – бекем,
Бұл бір қайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті.
ІІ топ.
Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан
Түлкі – сайға,
Қыран - өрге тырмысқан...
Олар сенің жеңгенімен тәніңді,
Амал нешік, жеңе алмапты жаныңды.
ІІІ топ.
Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан
Түлкі – сайға,
Қыран - өрге тырмысқан...
Олар сенің жеңгенімен тәніңді,
Амал нешік, жеңе алмапты жаныңды.
4-асу.
Оқыту барысында оқушылардың қандай деңгейде екендігін түсіну мақсатында «Семантикалық кесте» арқылы жұптық жұмыс.
(ОүБ-1)
5-асу.
Кеңейтілген тапсырмалар. Логикалық ойлау, жоғары зияткерлік қабілеттерін дамыту.(Vм-ТжДБОжО)
І топ. Эссе жазу.
ІІ топ. Өлең құрастыру.
ІІІ топ. Сурет салу.
6-асу.
Оқушылардың сөздер, іс-әрекет және кейіпкер ретінде не сезінгендіктерін талқылау мақсатында «Ыстық орындық» әдісін пайдалану арқылы рөлдерді шынайы сомдауға бағыттау.
7-асу. Тест.(ОүБ-5)

Қорытынды «Де Бононың» алты қалпағы арқылы өз ойларын білдіру.(ІІм-СТОҮ, өзіндік сана-сезім) Рефлексия.
Бағалау Блум таксономиясы арқылы бағалау. (ОүБ-11)
1.Білу
Дастанның сюжетін өз сөзімен әңгімелеп бере алады.
2.Түсіну.
Өз сөздерімен баяндау арқылы қысқаша мазмұндайды.
3. Қолдау
Өлең құрылысындағы ұйқас, бунақ, буын сандарын өткен шығармалармен салыстыра алады.
4.Талдау
Өлең жолдарындағы әдеби теориялық ұғымдарды талдай алады.
5.Жинақтау
Шығармашылық тұрғыдан эссе жазады, рөлдерге бөліп сахналайды.
6.Бағалау
Отырардың күйреуіне кім кінәлі? Шыңғысхан немесе Қарашоқы. Жақтайсыз ба, қарсысыз ба? Пікірталас туғыза алады.
Рефлексия
Үйге тапсырма «Отырардың күйреуі» шығарма жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.