Меню
Назад » » »
Мәтін
загрузка...

загрузка...
Қазақ тілі 3 сынып
Күні: 22.10.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Білімділігі: Оқушылардың 2 - ші сыныпта мәтін жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға ой қорытындысын жасауға, оған өз пікірін, ойын қосуға әрі қарай жалғастыруға, аяқтауға, мәтін құрауға үйрету.
Дамытушылығы: Жаттығу жұмысын орындау барысында оқушының ой-өрісінің дамуына шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелігі: Жақсы мінез - құлыққа, еңбекшіл болуға, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетелеу.
Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру. Топтық сабақ.
Әдісі: Дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ой шабуылы, түсіндіру.
Көрнекілік: Суреттер, тірек сызбалары, слайд, тест.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, ана тілі.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
1. Қымыз – шипалы сусын. Біздің мектепте үлкен мұражай бар. Балалар ертегі көрді.
Бұл мәтін бе?
Тақырып қоюға болама?

2. Саққұлақ жақсы ит. Ол мал күзетеді. Бір күні қораға қасқыр шапты. Саққұлақ оған тап берді. Қасқыр қорқып қаша жөнелді.
- Бұл мәтін
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер?
- Сөйлемдер бір - бірімен өз ара мағына жағынан байланысып тұр. Мәтінге ат қоюға болады.
Мәтіннің негізгі ойы не?
Ит адамның досы, көмекші серігі.

3. Олай болса бүгінгі өтетініміз: Мәтін.

Мәтін

Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау

Не істеді? Қандай? Неліктен?
Не болды? Неге?
Қалай болды?

«Балдырған» журналынан мәтіндер алынып, оқып түрлері ажыратылады.
1. Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Қазақстанның үлкен қаласы. Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «Алманың атасы» деп аталады. (әңгімелеу).
2. Күз белгісін алдымен ақ қайың сезеді. Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды. (пайымдау).
3. Арпа бір жылдық шөп тектес өсімдік. Ол астық тұқымдастарға жатады. Оның сабағы түп - түзу, жіңішке. Масағы төрт қырлы немесе алты қырлы.
(сипаттау).
Мәтіннің тағы қандай бөліктері болады?
1. Басы.
2. Негізгі бөлім.
3. Соңы.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Сынып 2 топқа бөлінеді.
1 - топ. «Мөлдір бұлақ»
2 - топ. «Тіл ашар»

1 - топ. «Мөлдір бұлақ »
20 - жаттығу. Мәтінді оқып, ат қою. Мәтіннен негізгі ойды табу. Мәтіннің мазмұнын ашатын тағы бір сөйлем жазу.
Ердостың атасы - шопан. Қыстың суық бір күні атасының қызу көтеріліп, жатып қалды. Шашқан шөпті лезде тауысқан қойлар маңырай бастады. Атысының тынышы кетті. Сәлден соң ауырғанына қарамай, киініп сыртқа шықты. Қорада мал да, ерттеулі ат та жоқ. Қарт алысқа көз салды. Малды өріске айдап бара жатқан немересін көрді. Ол Ердос еді.

(Ж. Кәрменов)

2 - топ. «Тіл ашар»
21 - жаттығу. Жоспар бойынша әңгіме құра.
Жоспар:
1. Күзгі дала көрінісі.
2. Құстардың жылы жаққа қайтуы.
3. Күзгі еңбек.

22-жаттығу. Екі топқа да осы тапсырма беріледі.
1. Көрініс ретінде көрсету.
2. Данияр қандай кемшілік жіберді?
3. Мәтінді әрі қарай жалғастыр.
Тау мен тасты кезіп сейілдеп жүрген Даниярға бір күні шашын ақ қырау шалған әлдеқандай қарт жолығыпты. Не дерін білмей, кідіріп қалған балаға жақындап келіп:
-Шырағым, сен өзі есейіп қалған бала көрінесің. Бірақ бұл кемшілігіңді бір жолға кешіремін,-дейді ол.
-Қандай кемшілікті айтасың, қарт?-депті Данияр үлкен кісінің аяқ астынан өзін кінәлай жөнелгенін түсінбей.
-Шырағым, сен осы тұрғанда бір емес, бірнеше кемшілік жібердің...
(Нұрдәулет Ақыш)
Ү. Дәптермен жұмыс жасау.
24-жаттығу. Суреттегі аңның атып тап. Сұрақтарға жауап бер.
1. Бұл қандай аң?
2. Ол қайда тіршілік етеді?
3. Оның мойны қандай?
4. Оның түсі неге ұқсайды?
ҮІ. Сергіту сәті.
Көтереміз қолымызды,
Созыламыз жоғары.
Бір,екі,үш,
Денеңді солға бұр.
Қолыңмен көмектесіп,
Беліңді шынықтыр.

ҮІІ. Жұмбақ шешу жарысы.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қызықты жұмбақтар шешілді.

1. Өзі түзу, ізі қисық бір аттың, өшпес ізін бала кезден ұнаттым.
(қалам мен жазу)
2. Көлдің ортасынан не табасың?
Жердің ортасынан не табасың?
(Ө және Е әріптері)
3. Құдықтың ортасында не бар?
Құрықтың ортасында не бар?
(Д және Р әріптері)
4. Балықта бар да, нан да жоқ,
Халықта бар да, ханда жоқ. (Л әрпі)

ҮІІІ. Дана ағашы. Өлеңді оқып, көмекке келген сөздерді жапырақтарға жазып дана ағашына ілу керек.
Жүгерідей аппақ,
Ұстап көрсең қатты - ақ.
Су боп еріп кетеді,
Қойсаң тығып сақтап,
Сатыр - сұтыр етеді,
Шекеңе тисе өтеді.
Ауызға салсаң лезде
Кәмпиттей еріп кетеді.
Төбемізден төнеді,
Төбемізде төгеді.
Табиғаттың маржаны
Тіпті неткен көп еді
Табанымды жаралап,
Тердім жарды жағалап.
Тізер едім моншақ қып,
Еритіні жаман - ақ!

Дана ағашына ілінген сөздер:
1. Маржаны.
2. Су.
3. Аппақ.
4. Жүгерідей.
5. Қатты - ақ.
6. Сатыр - сұтыр.
7. Кәмпиттей.
8. Моншақ.
7. Бағалау:
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: 26 - жаттығу.

8. Қорытындылау.
Тест жұмыстары арқылы қорытындыланады.

1. Мәтіннің қандай түрлері болады?
а) Әңгімелеу, сипаттау, көркемдеу.
б) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. +
в) Пайымдау, дәлелдеу, түсіндіру.

2. Бірыңғай жіңішке айтылатын сөзді тап:
а) жапырақ.
б) инелік +
в) құлыншақ.

3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата:
а) б, в, г, ғ, д, ж, з. +
б) р, л, и, у, м, н, ң.
в) п, ф, к, қ, т, с, ш.

4. Көптік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле:
а) зейнеткер
б) зейнеткерім
в) зейнеткерлер +

5. Құттықтау мәтінін таңда:
а) Біз демалуға орманға бардық.
б) Денсаулық, бақыт тілеймін. +
в) Біздің халқымыз бақытты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№54 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Мәтін»

Орындаған:_________________
Қабылдаған: ________________


Шымкент қ. 2014 жыл Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мәтін можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 388 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar