Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәтінді есептерді шешу -

Мәтінді есептерді шешу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3986 | Размер: | Автор: гость
. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
ШЕТ АУДАНЫ
НҰРА ОРТА МЕКТЕБІ
Математика пәні мұғалімі
Тусупбекова Несипкуль Амирбекқызы

Күні/айы Пәні Сынып Сабақ №
05.05.2015 Математика 6 185
Сабақтың тақырыбы Мәтінді есептерді шешу
Жалпы мақсаты Мәтінді есептерді шешу дағдыларын жетілдіру
Сабақтың түрі практикалық сабақ
Оқыту әдістері Диалогтік оқыту
Күтілетін нәтижелер Мәтінді есептерге теңдеулер жүйесін дұрыс құра алады, жауабын дұрыс анықтай алады
Ресурстар Оқулық, дәптер, кеспелер
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин Сәлемдесу, түгендеу
Сабақ барысын таныстыру
Бүгінгі сабақта біз өзімізді әр түрлі маман иесіміз деп армандап көрейік, олар: дүкенші, құтқарушы және жолсерік. Қандай да болсын маман иесі болу үшін не керек? Әрине, білім керек. Сондықтан маман иесі ретінде жұмысқа кіріспес үшін алдымен біліміміз сол маманға сай ма, жоқ па, соны тексеріп алайық. Оқушылар кеспе қағаздар арқылы бөлініп отырады.
Негізгі бөлім

10 мин

2 мин

15 мин

10 мин

5мин Графикалық диктант:
1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің 2 әдісі бар/жоқ
2.7х2+3х-1꞊0 теңдеуі екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу/жоқ
3.Алмастыру екі айнымалылы сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдісі/иә
4.Қосу тәсілін қолданғанда теңдеулердің графигін салу керек/ж
5.Қосу тәсілін қолданғанда айнымалылардың біреуі жойылады/и
6.Бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеу арқылы шешу алмастыру тәсілі/и
7.Графиктері параллель болса, жүйенің жалғыз шешімі болады/ж
Ж: - - + - + + -

Үй жұмысын тексеру: №1552 Оқушы екі сан ойлады.
{█(x-2y=4 @x+3y=39)┤ -5y=-35, y=7, x-2∙7=4, x=18 Ж: 18, 7

Дүкеншілер
1-есеп: 3 қарындаш пен 5 дәптер 375 теңге, ал осындай 7 қарындаш пен 4 дәптер 530 теңге тұрады. 5 қарындаш пен 9 дәптерге қанша тұрады? Қосу тәсілімен шешіңдер.
Ж: 3х+5у꞊375, 7х+4у꞊530; 5*50+45*9꞊655теңге
Құтқарушылар
2-есеп: 7 қайықпен 31 адам өзеннің арғы жағасына өтулері керек. Қайықтарға 3 адам немесе 5 адам сыяды. Осы 31адамды түгел өзеннің арғы жағына өткізу үшін неше 5 орынды, неше 3 орынды қайық қажет? Графиктік тәсілмен шығарыңдар.
Ж: х+у꞊7, 3х+5у꞊31, 5 орынды 5 қайық, 3 орынды 2 қайық.
Жолсеріктер
3-есеп: Автобустың 3 сағатта жүрген жолын пойыз 2 сағатта жүреді. Саяхатшылар 4 сағат автобуспен және 3 сағат пойызбен жүргенде барлығы 408 км жол жүрді. Автобустың жылдамдығын және пойыздың жылдамдығын табыңдар. Алмастыру тәсілімен шығарыңдар.
Ж: 3х꞊2у, 4х+3у꞊408; 48км/сағ, 72км/сағ.

Әр топ болған соң постерді тақтаға іліп, қалған оқушылар алдында шығару жолын түсіндіреді. Қалған топтар дәптерлеріне жазып алады.
Сонымен теңдеулер жүйесін қайда, не үшін қолдана алады екенбіз?
Оқушылар кері байланыс парағын толтырады, өзін бағалайды


Бағалау, рефлексиямен бөлісу.
Бекіту, қорытынды
1 мин Бағалау, рефлексиямен бөлісу.

Үйге тапсырма №1570
Үйде оқу
Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.