Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Әуезов «Қараш – қараш  оқиғасы» -

М.Әуезов «Қараш – қараш оқиғасы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1307 | Размер: | Автор: гость
. Сидикова Гүлжамила,
№41 М.Оразалиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Сайрам ауданы
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш – қараш оқиғасы»

Сабақтың мақсаты: «Қараш –қараш оқиғасы» хикаятындағы Бақтығұл тағдыры арқылы берілген негізгі идеялық мазмұнды ашу. Жазушының тіл көркемділігін суреттеу, баяндау шеберлігін мәтінннен мысал ала отырып дәлелдеу.
Сабақтың дамытушылығы:Хикаяттың идеясын талдай отырып сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану арқылы жеке тұлғаның сөздік қорын молайту, көркем сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелігі: Әділдікке, адалдыққа бауырмалдылыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың түрі: Ой дамыту, іздену, зерттеу.
Пән аралық байланыс: Тарих
Сабақтың көрнекілігі: Ватман қағаз, маркер венн диаграммасы , үрленген шар .
Сабақтың әдісі: Топқа бөлу, сұрақ-жауап, кластер, эссе жазу, кері байланыс.
Тұсау кесер, негізгі бөлім, қорытынды.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, ә) оқушыларды түгелдеу
2) Үй тапсырмасын сұрау.
М.Әуезов өмір жолы туралы сұрақ- жауап, кластер жасау.
3) Жаңа сабақ өту кезеңі
4) Қорытындылау
5) Үйге тапсырма беру
Сабақтың тұсау кесер кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық жасау. Алғашқы естіген жылы сөзін бір-біріне айтады. Топқа бөлемін. Түрлі-түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топ басшысын сайлау және атауын белгілеу. І топ «Адалдық», ІІ топ «Қайсарлық», ІІІ топ «Арман»
Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісі. Жазушының өмір жолы туралы үрленген шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап береді. 6 сұрақ беріледі.

Сұрақтар:
1. Қазақ халқының XX ғ. ұлы жазушысы туралы не білесің? (туған жылы дүниеге келуі т.б)
2. Болашақ жазушының кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі не? (Абай өлеңдері )
3. М.Әуезовтың тырнақ алды туындысын ата және қай жылы жазылды? (Еңлік-Кебек пьесасы 1917 ж жазылған )
4. Қаламгердің есімін әлемге паш еткен ең басты туындысы не? («Абай жолы» атты 4 томдық тарихи роман эпопеясы )
5. 20-30 жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген туындысын ата. («Қараш-қараш оқиғасы », «Қилы заман»)
6. Көркем туындының идеясы дегеніміз не? (Жазушының өзі көтеріп көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ой, танытпақ шындығы )
Кластер:

Негізгі бөлім: Жаңа сабақ түсіндіру.
Мұғалім сөзі. Ендеше, біз бүгінгі сабағымызда хикаяттың оқиға желісіне арқау болған қилы-қилы кезеңді басынан өткерген кейіпкеріміз теңсіздік азабын қанша тартса да намысы мен адамдық арын жоқтай білген нар тұлғалы азамат – Бақтығұл тағдырына тоқталамыз. Жазушы әңгіме арқылы XІX ғасырдың ІІ жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ даласындағы саяси әлеуметтік жағдайды, ел ішіндегі әділетсіздік, қанау, жала жабу, үстемдікті Бақтығұл арқылы шебер әрі дәлдікпен көрсетеді. Шығарманың «Қараш-қараш » аталуы да тарихи жер атауымен байланысты. Демек, жазушы тарихта болған шындықты көркем шығармаға арқау етіп отыр.
ДЖИГСО әдісі: Әр топқа тақырыптағы бөлімдерді бөліп оқу беріледі.Әр топ оқыған бөліміне тақырып қояды.
І топ «Адалдық», «Жан күйзеліс» деп атады.
ІІ топ «Қайсарлық», «Кек алу» деп атады.
ІІІ топ «Арман» , «Сәтсіздік» деп атады.
Деңгейлік тапсырма: Әр топқа қойылатын сұрақтарды парақшаға жазып ортаға беремін.
1. Тектіғұл өліміне не себеп?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Бақтығұлдың алғашқы әрекеті қалай сәтсіз аяқталды?
Топтық жұмыс арқылы бір-бірімен бірлесіп, тақырыптың мағынасын танып, өз ойларын ортаға салып ойлау дағдыларын қалыптастырады. Үш топ жинақталған ойларын топ мүшелері арқылы жеткізеді. Топ мүшелері бағалап отырады.
Сергіту кезеңі: Ән айтылады.
Венн диаграммасын жасау
Қорытынды:
Эссе жазу: Әр топ шағын шығарма жазады.
Кері байланыс. Оқушылар өз ойларын қорытындылады.
Үйге тапсырма: Ұлыларды ұлықтау парыз.
Бағалау: (Алдын-ала топ басшыларына берілген фишкалар арқылы)
Мұғалім пікірі: Сабағымда сыни тұрғыдан ойлау технологияларды пайдаландым.
Тұсау кесер кезеңі, негізгі бөлім, қорытынды әдісін пайдалана отырып өттім. Онда бірнеше әдіс-тәсілдер өтілді. Сергіту кезеңін өттім. ДЖИГСО әдісі арқылы балалардан дарынды балаларды байқадым және орта балаларға деңгейлі тапсырма берілді. Кері байланыс жасалды. Сабақта жоспарланған мақсатыма жеттім.Топқа бөлу арқылы оқушылардың ауыз бірлігі байқалды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.