Меню
Назад » » »
МАҚАЛА. АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
загрузка...

загрузка...
МАҚАЛА. АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
Павлодар қаласы №6 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Смаилова Анар Амангелдіқызы
Сабақ-оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі.
Оқушыларды пәнге қызықтыру арқылы сабаққа ынтасын арттырып, оны бірте-бірте тұрақтандырып, қалыптастыру қажет.
Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы, қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты,сапалы білім беруге болады.
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту, яғни тілдік жіне танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында да көрсетілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажетті.
Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінще қызықтыратын,оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекетіарқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Менің сабақтарымда туған тіл болып есептелмейтін орыс тілі мен щет тілдерін қолданатын коммуникативті-әрекеттік әдісті сабақта қолдану жүзеге асырылған.Сабақтың тақырыбы менің проблемалық тақырыбыммен тығыз байланысты. «Қазақ тілі сабағында әңгімелесу мен ауызекі сөйлеуді дамыту».
- Сабақ жүргізудегі негізгі әдістің материалдары мыналар:
- Ерекше ұйымдастыруды қамтамасыз ететін
- Жоғары интенсивті сабақ-ойындар,ұжымдағы жұмыс түрін қолдану
- Өткен сабақ материалдарын бекіту мен сөйлесуге ынта беретін көрнекі құралдың есту мен көрутүрін қолдануға ерекше мән беру.
Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Басқа да әдістемелік әдебиеттерге шолу жасағанымызда, сөзді меңгеруде тақырыптық жүйенің дұрыстығын айтады. Яғни, әр түрлі лексикалық тақырыптарға байланысты айналаны, қоршаған ортаны бейнелейтін, танытатын сөздерді меңгерген ұтымдырақ. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.
Сөздік қордың бір жүйемен жүргізілуі, оның тоқсан сайын, жыл сайын артып отырылуы көзделу қажет. Оқушы әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп, оны сабақ барысында бірнеше рет қайталап, жазбаша және ауызша жұмыс түрлерімен байланыстырып, санасына берік сақтаса ғана ол сөздік қорына енеді.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор.
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, меңгерулері тиіс.
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог. Оны құрастыру үшін бір тақырып бойынша оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады.
Тіл дамыту жұмыстарында сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін орфографиялық, синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйрету де артық болмайды.
Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана «Елорда», 2008ж. 23-бет.
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, 2005жыл , 5-67-68бет.
3. «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал, 2009 жыл №1(43) 16 бет. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему МАҚАЛА. АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 278 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar