Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», « Қазақ тілі»  өлеңі -

Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», « Қазақ тілі» өлеңі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4579 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік ауылы
Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жумабаева Айнур Измухановна
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», « Қазақ тілі» өлеңі
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға өмірін алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» , « Қазақ тілі» өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу;
б) Тәрбиелік: оқушылардың бойында адамгершілік сезімдерді дарыту, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: . интеграциялық - жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойландыру, практикалық, талдау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі:
Мағжан Жұмабаев суреті, слайд, интербелсенді тақта,улестірмелі парақшалар
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі,ән, география

Бағдарлау-мотивациялық кезеңі

1. Ұйымдастыру. « Бұлт» сөзіне эпитет құрап айту арқылы шаттық шеңберін құру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
« Қашпа доп» ойыны арқылы « Қара бұлт» өлеңін жатқа айту, зымыран сұрақтарға жауап беру
« Күзгі тамшылар» жаттығу ойыны

2. Қызығушылықты ояту .интербелсенді тақтадан « Сен сұлу» әнін тыңдату
« Ой қозғау» сұрақтары:
1.Оқушылар ән сіздерге ұнады ма?
2.Әннің мәтінінен қандай қасиеттерді,сезімдерді байқадыңдар?
3.Әннің сөзі мен авторын білеміз бе?...
3 . Мағынаны тану
Мағжан Жұмабаевтың даналық сөздерін оқу: « Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Және бала маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті,сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де қозғалысы да сұлу болады» деген екен.

Ендеше , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қазақтың сыршыл, лирик,ұлтшыл ақыны Мағжан Жұмабаевтың « Мен кім?» , « Қазақ тілі» өлеңдері ...
( интербелсенді тақтадан Мағжан Жұмабаевтың өмір-дерегі туралы бейнебаян көрсетіледі)

Операциялық- орындаушылық кезеңі

1. оқулықпен жұмыс. Өлеңге сатылай –кешенді талдау
2. « Сэнкуеннің 5 тәсілі » әдісі
а) өлеңнің тақырыбын суреттейтін 1 сөз ( зат есім)
ә) тақырыпты суреттейтін екі сөз ( сын есім)
б) өлеңде қимыл –әрекетті білдіретін 3 сөз( етістік)
в) өлеңнен идеясын суреттейтін 4 сөз( сөз тіркесі)
г) өлеңді сипаттау мәтініне айналдыру( 5 сөз)

Сергіту сәті « Ақбұлақ» әніне қимылды жаттығу

3. топтастыру әдісі

Рефлекция.

Мұғалімнің сөзі:
Оқушылар, өздерің «Мен кім?» деген тақырыпқа стикерлерге өз ойларыңды
жазыңдар.

Үйге тапсырма : өлеңдерді жаттау ,тақырыпқа сай мақал-мәтел жазып келу
Бағалау . Оқушы еңбегіне орай( жұлдызшалар арқылы)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.