Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы -

Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 7084 | Размер: | Автор: гость
. Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Сандуғаш Шалхарбаевна

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
1. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының мазмұнының меңгерту. Кейіпкерлер бейнесіне талдау арқылы поэманың тақырыбын, идеясын, мәнін ашу.
2. Оқушылардың көркем сөйлеу мен жазу, шығармашылығын арттыру, сөздік қорын дамыту.
3. Поэмадағы кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы батырлыққа, туған елін, жерін сүйе білуге, намысқойлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу, іздендіру, топтастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сабаққа келмеген оқушыларды журналға белгілеу
ә) Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы жөнінде сұрақтар қою:
1. М.Жұмабаев қай жылы дүниеге келді? 1893жыл
2. Қай жерде дүниеге келді? Сасықкөл мекенінде
3. М.Жұмабаевтың поэмалары? «Батыр Баян», «Қорқыт», «Ертек»
4. Тұңғыш өлеңдер жинағы? 1913 жыл, «Шолпан»
5. Қандай үйірме құрады?
6. Қай жылы, неше жасында дүние салды?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Поэманы ауызша оқыту арқылы түсіну.
2.Композициялық құрылысына талдау жасау.
1. Поэманың басталуы.
Абылайдың қалмақ еліне ойран салмақ болуы
2. Поэманың дамуы.
Ер Баянның жаугершілікте қолға түскен қалмақ қызын еліне алып келуі
3. Поэманың байланысуы.
Бала Ноянның қызға бір көргеннен ғашық болуы
4. Поэманың шиеленісуі.
Ноянның қалмақ еліне қызбен бірге еріп кетуі
5. Шарықтау шегі.
Баянның екі жасты қуып жетіп, садағымен атып өлтіруі
6. Поэманың шешімі.
Жүз жігітті бастаған Баянның жау қоршауында қалуы
7. Қорытынды.
Қалмақ найзасына ілінген Баян басы

3. Оқулықпен жұмыс:
А) Мәтіннен пейзажды тауып оқу. Пейзаж – көркем шығармада суреттелген табиғат көрінісі.
Ә) Кейіпкерлерді теріп жазу: Баян батыр, Ноян, Абылай хан, Қанай би, Қалмақ қызы.
4. Кейіпкерлерге мінездеме беру. (топтастыру стратегиясы)
Хан

ақылды дана
сақ елге қамқор
сенгіш аңқау
батыр

батыр
ақылды намысқой


ержүрек ғашық

5.Венн диаграммасы.
Баян Ұқсастығы Ноян
Ержүрек
Намысқой
Махаббатқа адал Батыр
Бір жырдың кейіпкері
Бір қызға ғашық Баянның інісі
Жас
Сенгіш
Аңқау

6.Жырдағы жер атауларын теріп жазу:
Сарыарқа, Бурабай, Бөлектау, Көкшетау, т.б.
ІҮ. Бекіту.
Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
Ү. Үйге тапсырма.
Көкшетау пейзажын салу. І бөлімнен теңеу сөздерді теріп жазу. Мазмұндау.
ҮІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.