Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Махаббат – өмір нәрі. -

Махаббат – өмір нәрі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1978 | Размер: | Автор: гость
. ҚЫЗЫЛОРДА КӨПСАЛАЛЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ –ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Аманжолава Сабыркул Хамитовна
Өзін-өзі тану пәні
Тақырыбы: Махаббат – өмір нәрі.
Сабақтың мақсаты: Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып, оны құрмет тұтуға баулу.
Міндеттері: Адамды, табиғатты, өмірді сүйе білуге оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу. Адамгершілікке, сенімділікке, нәзіктікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі – 4 мин
«Шаттық шеңбері» - 4 мин
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау – 25 мин
«Өзіңмен-өзің оңашада» тренингі – 5 мин
Жаңа сабақ – 42 мин
Қорытыңды – 5 мин
Үйге тапсырма беру – 2 мин
Бағалау – 2 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
Саламатсыздар ма, оқушылар? Үй тапсырмасы ретінде «Бақыт сыры» деген тақырып берілді. Сабақты бастамас бұрын «Шаттық шеңберің жасайық». Бір-бірімізге бүгінгі күнімізге тілек тілейік!
Үй тапсырмасын сұрағанда пікірталас, нақты жағдайларды талдау әдістері қолданылады. Талқыланатын сұрақтар:
1) Бақыт дегеніміз не?
2) Бақытты болудың жолдары қандай?
3) Сіздердің бастан кешкен ең бақытты сәттеріңіз?
Енді «Сәби бақыты», «Әйел бақыты», «Ер бақыты», «Ата-ана бақыты» тақырыптарында сурет саламыз.
Тыныштық сәті. Музыка қосылады.
Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар, денелеріңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.
Бүгінгі біздің өтетің жаңа тақырыбымыз «Махаббат – өмір нәрі» деп аталады.
Мақсаты: Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып, оны құрмет тұтуға баулу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1) Сіздер махаббат дегенді қалай түсінесіздер?
2) Махаббаттың қандай түрлері бар?

Махаббат – күшті әрі керемет сезім. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек және жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Алайда махаббат сияқты сондай сезім жиі басқа сезімдер асып түседі. Мысалы: ашуы, қызғаныш, өшпенділік, сараңдық, ашкөздік. Алтынға махаббат бар, бірақ ата-аналарға жоқ; ақшаға махаббат бар, адамдарға – жоқ. Сәндік заттар махаббатқа адам мұқтаждығын қанағаттандыру алмайды. Адам неліктен өз тәні үшін ақшаны аямайды: әсем киім, қымбатты әшекейлер, дәмді тамақ. Алайда өз жаны, ішкі әлемі туралы адам өте жиі ұмытады. Өйткені егер онда тек қана бостық болса, адам өмірдің мәнін жоғалтады. Егер ағаш ішінде сасып кетсе, бос болса, онда оны жеңіл боран құлатады. Адам жанының бораны оны ішінде бұздыру алады. Сондықтан сүю мен сүйікті болу өте маңызды.
Махаббат – біздің өмірімізде сирек те, асыл сезім. Көптеген адамдар тек махаббат туралы айтады, ал істе осы қандай болса да қанағатсыздық болады. Менің ойымша, тек ер мен әйел арасында махаббатын қарау дұрыс емес. «Тәрбие отбасынан басталады», және махаббат онда туады. Ана мен бала арасындағы махаббат әлемдегі ең күшті сезім. Табиғатта ана өз төлін қорғау ақырғы дем таусылғанша болады. Табиғатты, туған өлкені, Отанды сүю міндетті. Себебі ол бізге достарды, ата-аналарды, өмірді сыйлайды. Бірақ көптеген адамдар осыны аңғартпайды, дұрысырақ түсінгісі келмейді.
Дүние жүзінде әрбірдің сүйгісі мен өз махабаттын сыйлағысы келеді. Махаббат күші шексіз. Оның арқасында біз бекзат, ал кейде жеңілтек әрекеттерге қабілетті. Махаббат күші – үйлесімде, даналықта мен шамасын сезуінде.
Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махабаттан не басталады? Махабаттан барлығы басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық.
Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.
Сонда, махаббат деген адамға пайдалы қасиет пе, әлде зиянды сезім бе? Белгілі жазушы әрі психолог Ерсін Қойбағарұлының «Махаббатым — ғайып еренім» — деген кітабын оқығанда осындай сауалға жауап іздеген едік. Кітапты оқып шыққанда ол өзге қаламгерлер секілді өзіндік қияли ойларды, аңыздарды, діни наным, сенімді ғана өзек етпей, ғашықтық сезімді ғылыми тұрғыдан қарастыруға тырысатыны айқын байқалды. Демек, бұл кітаптан оқырман махаббаттың пайдасы мен зиянын ажырата алады деуге болады екен.
Сонда махаббат деген не? Осы сауалды жастар, жасөспірімдер жиі қояды. Себебі, олар ғашықтық сезімнің мән-мағынасын ұғынғысы келеді. Осы кезеңде олардың жар тандауы, бірін-бірі ұнатуы, ғашық болуы табиғи заңдылық. Биология ғылымында мұны «инстинк» дейді. Бұл жан-жануарлардың бәріне ортақ. Ал, жануарлардан адамның артықшылығы санаға ие. Абайдың «махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңыз» — деген тұжырымы хайуандардың еркегі мен ұрғашысы бір-бірімен ешқандай ақыл-ойсыз, табиғи жаратылысының заңдылығымен қосылса, адам ой-сана иесі болғандықтан өзінің қосағын өмірден алған таным-түсінігі, ақыл-парасаты арқылы табуға тырысады. Көптеген қазақ ақын-жазушылары Абайдың бұл тұжырымын ұшқары, жаңсақ түсініп ғашықтық сезімді Отанға, ата-бабаға, анаға, балаға деген сүйіспеншіліктен жоғары қойып, махаббатқа көзсіз табынатыны байқалады.
Тарихта адамзат қоғамы дамыған сайын адам санасы да жетіліп жар таңдауда салт-дәстүр пайда бола бастады. Яғни, еркек пен әйел арасындағы ынтызарлық тек табиғи инстинк қана емес, салт-санаға, таным-түсінікке, діни наным-сенімге орай қалыптасатын болды. Әсіресе, діндердің пайда болуы бұған зор ықпал етті. Сөйтіп, үйлену мәселесінде алуан түрлі дәстүрлер пайда болды.
Жалпы, қазақ халқының қалыптасқан салт-санасына ой жүгіртсек отбасын құрау мәселесіндегі басты ұстанымы қалайда ұрпақты тез көбейтуді мақсат еткен деуге болады. Қазақта еркек те, әйел де өзін ата-бабасы мен ұрпағы арасындағы өткел ретінде өмір сүруді басты ұстаным еткен. Сөйтіп ер адам ұрпақ көбейту мақсатымен ғана бірнеше әйелге үйленетін болған. Ал қазақ әйелдері бәйбіше болса да, тоқал болса да күйеуінен ұрпақ көбірек тарағанын мақсат етіп өмір кешуді парыз санаған. Тоқалдан туған балаларды бәйбіше бауырына басып өзінің құрсағынан шыққандай сүйіспеншілікпен өсірсе, бәйбішеден туған балаларды тоқалдар да анасы ретінде сүйіспеншілікпен қабылдайтын болған. Сірә, соғыстан, індеттен қынадай қырылған қазақ тез көбейіп ұлан-ғайыр жерді иеленіп, қорғауды басты мақсат етсе керек. Қазіргі кезде де қазақ халқы үшін мықты мемлекет болу үшін, елдің, жердің шын мәнінде иесі болу үшін демографиялық өсімді еселеп арттыру ең басты мақсат болып отырғаны айтпасақ та ұғынықты болса керек.
Махаббаттың мынадай түрлерің атап айтсақ болады: ата-анаға, Отанға, ағаға, ініге, затқа, кітапқа, табиғатқа, жігітке, қызға, кітапқа және т.б.
«Ана» – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

«Смайликтер» ойыны.
Шарты: 6 түрлі смайлик болады. Артыңда сұрақтар жапсырылған. Сұрақтар:
1) Сіз анаңыздан құрбыңыздың туған күніне сұрандыңыз. Онда сіздің көптен ұнатып жүрген жігіт болады.Анаңыз жібермеді. Сіз ашу үстіңде онымен сөзге келіп қалдыңыз. Сіздің бұдан кейінгі әрекетіңіз?
2) Ана мен бала арасындағы махаббатқа өмірден мысал келтіріңіз.
3) Сіздің көптен жүріп жүрген. Болашаққа бірге жоспар құрып қойған жігітіңіз соңғы кездері теріс қылық көрсете бастады, сөзі өзгеріп, сізден алшақтай бастады. Сіздің әрекетіңіз?
4) Сіздің бастан кешкен алғашқы махаббатыңыз?
5) Сіздің бала кезден досыңыз (ұл бала). Сізге өз сезімің білдірді. Сіздің әрекетіңіз?
6) Топтағы 3 оқушыға 3 түрлі қылып өз сезіміңізді білдіріңіз.
«Сиқырлы сыйлық» тренингі.
Шарты: Біз бір-бірімізге дүниеде жоқ ерекше сыйлықты сыйлауға тиіспіз.
«Бейнелеп бер» жаттығуы.
Шарты: Карточкалар беріледі. Әр карточкада әртүрлі тақырып жазылған. Соны көрініс қылып көрсету керек. Тақырыптары:
1) Көбелектерді жинақтап (коллекциянировать) жүрген ғалымның сезімің бейнелеңіз.
2) Аспазшының тамаққа деген махаббатын бейнелеңіз.
3) Бай жігіттің кедей қызға махаббатың бейнелеңіз.
4) Оқушының мұғалімге деген махаббаты.
Қане, енді өзіміздің тобымызға болашаққа стикерге тілек жазып, жапсырып қояйық. Бүгінгі күннен естелікке.
«Мен сені жақсы көремін, себебі...» тренингі.
Жанболат пен Жазира «Сен маған сүюді үйреттің» өлеңі.
Сен маған сүйюді үйретің
Сен маған сүйюді үйретің, ұмытып кеткен едім
Басымды июді үйретің, тәкпар өктем едім
Шынайы күлуді үйретің, нөсерлі көктем едім
Өмірді сүруді үйретің, ұстазсыз мектеп едің
Сен маған ұшқанды үйретің, тордағы бұлбұл едім
Сезіммен құшқанды үйретің, күдікшіл құмбыл едім

Сен маған ұшқанды үйретің, тордағы бұлбұл едім
Сезіммен құшқанды үйретің, күдікшіл құмбыл едім

Кім дос кім дұшпанды үйреттің, уайымшыл бір мұң едім
Иіскеп қысқанды үйретінң, құшақсыз бір гүл едім
Шынайы күлуді үйретің, нөсерлі көктем едің
Өмірді сүруді үйретің, ұстазсыз мектеп едім
Сен маған ұшқанды үйретің, тордағы бұлбұл едім
Сезіммен құшқанды үйретің, күдікшіл құмбыл едім

Сен маған ұшқанды үйретің, тордағы бұлбұл едім
Сезіммен құшқанды үйретің, күдікшіл құмбыл едім

Абай атамыз айтып кеткендей «Махаббат – өмір көркі» деп біз сабағымызды қорытындылаймыз.
Үй тапсырмасы:
1) «Болашаққа хат» атты тақырыбында болашақтағы өзімізге хат жазамыз.
2) Өзіміз қалаған адамға талғамымыз бойынша алғыс хат, диплом, мадақтама, оскар сыйлығын жасап келеміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.