Меню
Назад » » »
Махамбет Өтемісұлының «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері.
загрузка...

загрузка...
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
Нұра орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мусина Гулнара Исламқызы

Сабақтың тақырыбы:Махамбет Өтемісұлының «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
2) Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
3) Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест парақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т.б.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет теориясы. Ассонанс, аллитерация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы білгендерін сұрау.
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы тест сұрақтарын таратып беремін.
Тест жұмысы. Жауап кілті тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау критерилері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағаларын бағалау кестесіне қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа саақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақтадағы плакатқа түсірілген тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Талдау:

Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны

идеясы, көркемдік ерекшеліктері.

Ерлікке, елдікке
шақыратын

«Мұнар күн»
«Ұлы арман»
«Біртіндеп садақ
асынбай»
«Ереуіл атқа ер
салмай»
«Жалғыз дүние»
«О, Нарын!»
Исатайға
арналған

«И. деген ағам бар»
«Арғымаққа оқ тиді»
«Тарланым», «Соғыс»
«Мінген ер», «Мінгені
И-дың Ақтабан-ай»
«Исатай сөзі»
«Арыстан одан кім
өткен?»


Күрделі мәселе:

Елдегі әділетсіздік.
Батырдың аңғалдығы.
Исатай қазасы.

Әсер етуші факторлар:
Халық қамы, ел жағдайы.
Үстем тап өкілдерінің зорлығы
А) Жаңа сабақты пысықтау үшін: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасаймыз.
Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, Махамбет романтизімнің ерекшелік-терін айтып беру.
Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту.
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы, жанры және маңызы жай-ында айтып беру.
Ә) Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.
№1 семантикалық карта
Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды.
Ел шарасыз болмас,
Батыр мың қол бастайды,
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан.
Ер жаңылып қолға түсер,
№ 2 семантикалық карта
Мақалдар Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз. Арыстан болсаң жау үшін. Тәуекел ет те тас жұт, Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл,
Түлкідей болсын әдісің.
Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл.
Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Топтық жұмыс. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту.
І топқа. 1. «Жалғыздық» өлеңін мәнерлеп оқу. 2. Өлеңнің қандай лирикаға жататынын анықтау. (философиялық лирикаға жатады).3. Ақын өлеңінің қазақ әдебиетіндегі орнын көрсету.4. Дыбыстық қайталаулардың түрлеріне талдау жасау, анықтау.
ІІ топқа. 1.«Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқу.2. «Мұнар күн» өлеңін қандай қайғылы оқиғаға арнағанын анықтау.3.Өлеңдегі ақынның жан сыры, қайғысын танытатын өлең жолдарын жинақтау. «Мұнар күн», «шұбар күн» деген сөздердің мағынасына талдау жасау. 4. Өлеңдегі дыбыстық қайталаулардың түрлерін анықтау.
Ассонанс аллитерация

ІІІ топқа.1. «Мен –құстан туған құмаймын» өлеңін мәнерлеп оқу. 2. Өлеңдегі ақын бейнесін танытатын өлең жолдарын жинақтау.3. Бейнелі сөздердің түрлеріне талдау жасау, метафораларды табу. 4. «Құмай» деген сөздің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтау.
IV. Ой толғау мақсатында патриоттық тақырыпта «Бес жолды» өлең жазу.
Қорытынды. «Ер қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Шектеулі уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар өз ойларын хатқа түсіреді. Уақыт біткен соң жазған эсселерін оқыту, бағалау.
Үйге тапсырма беру: Махамбеттен өздеріне ұнаған 10 өлеңін жаттау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Махамбет Өтемісұлының «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 744 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar