Меню
Назад » » »
Малдың төлін сүюі. Жуан айтылатын сөздер.
загрузка...

загрузка...
Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы
Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Катпина Асем Шопбаевна
Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі. Жуан айтылатын сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіру. Сөздерді қатесіз жазуға үйрену.
Тәрбиелік: Төрт түліктің пайдасын біліп, табиғи өнімдердің деңсаулыққа өте қажет екендігін түсіндіру арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өз бетімен жұмыс жасау, танымдық, тапқырлық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, түртіп алу әдісі.
Көрнекіліктер: Слайдтар, карточкалар, төрт түлік малдың кейіпкерлері, төлдердің суреттері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, амандасып алайық.
- Қайырлы күн!
ІІ. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Бөрте лақ» өлеңін жаттау. Жіңішке дауыстылар.
а) 6 - слайд. Ешкі дегенде ойларыңа не келеді? Топтастыру әдісін қолдану.
Ешкі жөнінде не білдік?
( екі бала жұптасып жұмыс жасайды, ешкі туралы не білдік? Тірек сызбаны толтырып, тиісті сөздерді таңдап алып күн шұғыласын толтыру.
(өсімтал, жүрдек (шапшаң, жылдам). төрт түлік мал Ешкі төзімсіз. қағылез
қорқақ

ә) «Бөрте лақ» өлеңін жатқа сұрау.
- Осы өлеңді қандай әуенге салып айтуға болады? (рэп).
б) 7 - слайд. Жұмбақ ұйқасын табу.
Жағадағы құрақ,
Жайылып жүр … (лақ).
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, сендерді ата - аналарың төлдерге байланысты не деп еркелетеді?
- Қозым, құлыным, ботам, қошақаным.
- Балалар, өйткені малдың төлі өте сүйкімді болады екен.
- Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз осы төрт түлікке байланысты.
а) 7 - слайд. «Бұл ненің төлі?» ойыны. Төлдерді таңдап артында жасырынған сұрақтарға жауап береді?
ә) 13 - слайд. Дәптермен жұмыс. Күнді жазу. Көркем жазу.
б) 14 - слайд. Оқулықпен жұмыс. 39 - жаттығу. Өздік жұмыс. Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба? Жіңішке ме?
Ауылдың қойы бар
Қойы бардың тоны бар.
в) 15 - слайд
Қозы, лақ, бұзау, құлын сөздеріне дыбыстық талдау жасайықшы.
- Талданған сөздерімізде қандай әріпті қызыл түспен белгіледіңдер? (Дауысты дыбыстар).
- Осы сөздер қалай айтылады?
- Жуан.
- Дұрыс. Егер сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөзіміз жуан айтылады екен. (Ереже шығару). Бүгінгі тақырыбымыз «Жуан айтылатын сөздер».
ж) 16 - слайд. Төлдердің суреттері.
Осы сөздерді тақтаға оқушылар кезектесіп жазады.
б) 17 - 21 слайд. «Малдың төлін сүюі» өлеңімен танысамыз. Өлеңді мұқият тыңдап отырайық, өздеріңе таныс емес сөз болса түртіп аласыңдар.
в) Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. (Осы кезде слайдтан төрт түліктің суреттері шығады).
г) 23 - слайд. «Түртіп алу» бойынша түсініксіз сөздерді айту, мағынасын түсіндіру.
Жұрын – арық мал.
Бұл жерде арығым деген мағынада. Тұлпар болатын малды баптап, жаратады. Ол өскенде тұлпар болады деп мақтанады.
Малдар да өз төлдерін өте жақсы көреді екен. Олар төлдеріне сүйіспеншілік көзбен қарап, туғаннан бастап өз төлдерін баурына тартады. Олар басқа малдан өз төлін қызғанады.
24 - слайд. Психологиялық трениг. Не артық?
1. Суретте не артық? (есек )
2. 25 - слайд. Ненің дауысы? ( төрт түлікті дауысына қарай ажырату)
3. 26 - слайд. Әр малдың төлін тап?
4. Малды не үшін өсіреміз? Оқушылардың ойлары тыңдалады. 27 - слайд
5. 28 - слайд. Ауыл шаруашылығын көтеру. Жолдау - 2050 жыл
6. Сүттен жасалатын тағамдарды атап бер. 29 - слайд
(Айран, май, қаймақ, ірімшік, қатық, кілегей).
- Осы тағамдар адам денсаулығына пайдалы. Бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
1. «Малды құрметтеу» өлеңін оқу. Сөздік жұмысын жүргізу.
Кендір – жіптің түрі.
Жыңғыл – биіктігі 1 - 3 м.- дей бұта.
- Балалар, төрт - түлікті не үшін өсіреміз? (Еті, майы, жүні, сүті). 27 - слайд.
ІV. Бекіту.
- Балалар, бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді білу үшін екі нұсқада тапсырма берілген. Сызба арқылы малдың төлін қалай сүйетіндігін көрсетулерің керек, жуан дауыстылардың астын сызу.
І нұсқа.
Сиыр боташым
Жылқы момыным
Түйе қорқағым
Қой шұнағым
Ешкі жұрыным
ІІ нұсқа.
Жуан айтылатын сөздердің астын сыз.
Сиыр, қой, түйе, жылқы, ешкі.
Әр партаға карточка таратылып беріледі. Сызба арқылы оқушылар байланыстырады.
17 - слайд.
Осы төрт - түлік малға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
30 - 32 слайд. Деңгейлік тапсырмаларды оқушылар өздері таңдап орындайды.
V. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. 40 - жаттығу жазу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Малдың төлін сүюі. Жуан айтылатын сөздер. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 383 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar