Меню
Назад » » »
Мамандық таңдау
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Казақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қасқаева Гүлнәр Жәдігерқызы

9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрау, тыңдау, талдау
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің сөзі :
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар,
Таңдап, талғап бірін ал!» атты пікір алмасу сабағымызға қош келдіңіздер!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 - 11 класс оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Ал мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық таңдау дегеніміз не? Осы сұраққа жауап беру үшін біз бүгінгі пікір алмасу сабағымызды ұйымдастырып отырмыз
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады
1 - кезең. «Қонақпен сұхбат»
2 – кезең. «Кім болам?», «Ең, нағыз» ойыны
3 - кезең. «Білімдарлыққа тапсырма»
4 - кезең. «Шығармашылық байқау»
5 – кезең. «Мамандықты тап»
а) кәсіпті тап
ә) мамандықты іс-қимылмен көрсету
6 – кезең «Кәсіби бағдар беру бойынша диагностикалық тест»
Мұғалімнің сөзі: «Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық
Айналаң толған өнеге» - дей отырып бүгінгі сабағымыздың алғашқы кезеңі «Қонақпен сұхбат» атты бөлімде қатысып отырған ұстаздарға сауалдар қойылады? (Ұстаздар пікірлерін ортаға салады)
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы жаман болуы үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға өкінген кезіңіз болды ма?
Мұғалімнің сөзі: Қонақтардың сұхбатына рахмет, енді екніші кезеңге көшеміз. 2 - кезең. «Кім болам?! «Ең, нағыз» ойыны
Қазір мен кәсіптердің әдеттен тыс сипаттамаларын оқимын, ал сендер өз пікірлерің бойынша осы сипаттамаларға неғұрлым жоғары дәрежеде сәйкес келетіндерін атаңыздар.Сыныпты екі топқа бөлу
1 топ «Білімділер» 2 топ «Зейінділер»
Ең жасыл мамандық – эколог, бағбан, гүл өсіруше, географ
Ең тәтті мамандық – аспаз, кондитер
Ең ақшалы мамандық – бухгалтер, экономист, банк қызметкері
Ең күлкілі мамандық – клоун, карикатурашы
Ең салмақты мамандық - мұғалім, заңгер
Ең қарым - қатынасы күшті мамандық - бизнесмен, кәсіпкер
Ең батыр мамандық – ұшқыш, өртсөндіруші
Ең жауапты мамандық - сот, бухгалтер.
3 – кезең. «Білімдарлыққа тапсырма» Топтарға әріптер беріледі. Оқушылар сол әріпке барынша көп мамандықтар жазуы керек
Психолог: Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
4 – кезең. «Шығармашылық байқау» Бұл кезеңнін тапсырмасы сендердің қаншалықты шығармашыл екендеріңді байқауға мүмкіндік береді. Сендерді досың туған күніне шақырды. Бас тартуға және бармай қоюға болмайды. Сендер ақылдаса отырып қандай сыйлық апаруды шештіңдер. Сыйлық мына 3 шарт бойынша жасалуы керек.
1. Сыйлық досыңызға әсер қалдыруы керек.
2.Сыйлық – қызықты, әзіл-қалжыны аралас, көңілді болуы шарт.
3. Сыйлықтың бағасын сендердің қалталарың көтеруі керек.
(Әр топтың жауабы тыңдалады)

5 - кезең. «Мамандықты тап» Бұл кезеңнің өзі 2 бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінде сендерге айтылған кәсіпті атау керек. Талқылауға 30 секунд уақыт беріледі.
«Білімділер» тобына
1. Менің кәсібім сендерге оңай болып көрінуі мүмкін, бірақ оған бүкіл ұжымның жұмысы тәуелді болады. Бұл кәсіп үнемі қозғалыста болуды және мықты жүйкені талап етеді. Мені адамдар ылғи да өңімнен тани білмейді, өйткені көбінесе арқамды ғана көреді. (Дирижер)
2.Мен пропандық жанарғымен жұмыс істеймін. Пештің жанында
60-900 – тық температурада аяғымнан тік тұрып еңбек етуге тура келеді. Бұл кәсіпті ешбір оқу орны оқытып үйретпейді .(Шыны үрлеуші).
«Зейінділер» тобына
1.Менің кәсібіме көп талаптар қойылады. Оның негізгі кемшлігі –денсаулыққа жағымсыз әсері. Кәсіптік ауруы – гипотония, яғни артериялдық төменгі қысым. Маған жеке өмірімді жоспарлау қиындау, өйткені мен жерде көп болмаймын. (әуе жолсерігі)
2.Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ак табылар.
Бұл жолдарды жазған адамның мамандығын атаңдар (Ақын)
«Мамандықты тап» кезеңінін екінші бөлімінде берілген мамандықтардың екеуін іс-қимылмен, екеуін жүріспен көрсету.
«Білімділер» тобына: жүк тасушы, балет бишісі, дәрігер, суретші
«Зейінділер» тобына: әскери адам, модельер, бағдарламашы, дәнекерлеуші.
Психолог: 6 – кезең «Кәсіби бағдар беру бойынша диагностикалық тест»

Тапсырма: Екі топқа да: Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

- Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
- Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
- Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
- Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
- Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
- Ақша болса, мамандық қажет емес
- Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
- Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
- Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
- Мамандық таңдау – күн көріс қамы

Сабақты қорытындылау
«Жалғастырып көр» ойыны, біздің ойымызды жалғастырсаңыз.
1.Әрбір адамға білім керек, өйткені ... .
2. Ел үлкен қорқыныш – бұл ... .
Психолог: Тренинг “Сиқырлы қарындаш”: Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.
Мұғалімнің сөзі:
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Мұғалімнің сөзі:
• Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.
• “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мамандық таңдау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 462 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar