Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Масштаб. Суреттің трансформациясы. -

Масштаб. Суреттің трансформациясы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1549 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Пәні:

Информатика

Сыныбы:

5

Уақыты:

20.01.2016жыл

Сабақтың тақырыбы:

Масштаб. Суреттің трансформациясы.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

 

 

         Оқушыларға масштаб, сурет трансформациясы тақырыбын меңгертіп, сурет трансформациясын  орындауды үйрету;

Масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін оқушылар ДК – мен жұмыс жасау барысында меңгереді;

Суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі:

аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

А) Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар: ынтымақтастық, білім беруді  ізгілендіру

В) Оқыту үрдісін тиімді басқару және ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар: АКТ, оза оқыту, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту,

Г) Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту

Сабақтың әдісі:

А) білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық

Ә) таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер:

түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік, проблемалық, ішінара зерттеу, эвристикалық

Б) оқытудың дидактикалық мақсат-міндеттеріне қарай топтастырылған әдістер

В) білімді бақылау, бағалау әдістері т.б.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері

Оқыту құралдары:

Оқулық, ДК.

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру

 

- тест жұмысы арқылы

- сұрақтар қою арқылы

 

  • Тест жұмысын орындайды;
  • Сұрақтарға жауап береді

Коммуникативтік құзыреттілік Проблеманы шешу құзыреттілігі

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Сұрақтар қою арқылы.

Сұрақтарға жауап береді.

Коммуникативтік құзыреттілік

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру

- оқулықпен жұмыс

- интерактивтік тақтамен жұмыс

-презентация арқылы

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows – тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдерімен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар:

  • Түр (вид) тіркеме бетінің саймандарын;
  • Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын;
  • Жай – күй жолындағы Масштаб жүгірткішін

Түр тіркеме бетінің саймандарын оқып – үйреніңдер!

Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты өз беттерімен орындап сұрақтарға жауап беру.

 

 

«Трасформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.

Ал енді Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.

Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 немес 180 градусқа бұруға болады.

Суретті тышқанның көмегімен тура қажет болғандай етіп созу немесе кішірейту әрқашан қолдан келе бермейді. Егер пропорцияларды сақтау, мөлшерін бір пиксельге дейінгі дәлдікпен өзгерту керек болса, онда Мөлшерді өзгерту бұйрығын қолданыңдар. 

 Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда – алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз. Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді.

- оқулықпен жұмыс

- интерактивтік тақтамен жұмыс

-презентация арқылы

 

 

 

 

 

 

Түр тіркеме бетінің саймандарын оқиды.

 

Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты өз беттерімен орындап сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты орындайды. Сұрақтарға жауап береді.

Ақпараттық құзыретттілік

Ү. Жаңа білімді бекіту

 

  • практикалық жұмыстар(ДК мен Paint граф. Редакторымен жұмыс жасайды)
  • тестілер
  • шығармашылық тапсырмалар
  1. Суреттің фрагментін қалай бұрамыз?
  2. Дөңгелекті шағылдырса не болады?
  3. Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады?
  4. Paint –те орындалған соңғы қагша амалдан бас тартуға болады?
  • практикалық жұмыстар(ДК мен Paint граф. Редакторымен жұмыс жасайды)
  • тестілер
  • шығармашылық тапсырмалар

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Проблеманы шешу құзыреттілігі

ҮІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау.

 

§ 17 тақырыбын мазмұндау, 146 беттегі тест сұрақтарына жауап беру.

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі бойынша

Оқушылардың өзін – өзі  бағалау парағына қарап отырып, салыстырып бағалаймын.

 

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі бойынша жазбаша жұмыс жасайды. Оқушылар бағаланады.

Сабақ өз мақсатына жетті.

Оқушылар құралдарын жинастырып, мұғаліммен қоштасады.

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.