Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Масштаб және оның түрлері. -

Масштаб және оның түрлері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4406 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Масштаб және оның түрлері.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез-келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме-дәл қағазға түсіруді үйрету.
Дамытушылық: Азимут туралы білімді одан әрі тереңдету, оқушыларды бағдарлауға, олардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.
Типі: аралас сабақ.
Түрі: білімді жинақтау, бекіту сабағы.
Оқыту әдісі: оқытудың үшөлшемді жүйесі, Блум таксономиясы.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, баяндау.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, постер, стикер, карталар.
Күтілетін нәтиже: тақырыпты меңгеріп, өз ойларын еркін жеткізеді. Сөздік қорлары молаяды.

Сабақтың барысы
Сабақтың барысы:
І кезең. Ұйымдастыру.
Топқа бөлу: Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындыларын біріктіру арқылы, суретті жинастырып топқа бөлінеді.
Төртбұрыш, үшбұрыш пішіндері шығуы керек.
ІІ кезең 1-қадам (жалпы сұрақтар, жеке жұмыс). «Білу» тақырып бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап береді) Интербелсенді тақтадан картаны көрсетіп төмендегі сұрақтарды қоямыз:
1. Картадан нені көріп тұрмыз?
2. Қағаз бетінде біз бүкіл Қазақстан жерінің аумағын көріп тұрмыз.
3. Бұл қалайша?
4. Қандай дәрежеде кішірейтілген?
5. Масштаб дегеніміз не?
6. Жердегі қашықтықты қалай өлшейді?
2-қадам «Түсіну» (топтық жұмыс ) Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) І топқа. І топ. Масштаб.
Масштаб (неміс сөзі «өлшеуіш таяқ» деген мағынаны береді.
(оқушылар өз бетінше тірек-сызбалр арқылы түсіндіреді).

ІІ топқа. Масштабтың түрлері.

(топ өздері постерлерін қорғайды).

3-қадам «Талдау»
1. Салыстыр.
2.Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз немесе Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады Венн диаграммасы арқылы масштабтың география пәнімен математика пәнінде қолдануын салыстыру;


4-қадам «Жинақтау» топтық жұмыс Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр І топ. Бес жолды өлең жаздыру масштаб тақырыбына. (синквейн)
ІІ топ. Сөзжұмбақ «Масштаб».
1.Жол деген мағынаны беретін арап сөзі.
2. Жер бетінің шағын бөлігінің жазықтықта қағаз бетіне белгілі бір масштабқа кішірейтіліп, шартты белгілер мен түсірілген бейнесі.
3. 1:10000 бұл қандай масштаб.
4. «Сызық» сөзінің немісше аудармасы.
5.Планда және картада масштаб 1 см-ге 10м деп сөзбен көрсетілген масштаб түрі.
6. «Берг» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
7.Көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін қозғалыс бағытын айтады.

М
А
С
Ш
Т
А
Б

5-қадам «Қолдану» жұптық оқулықпен жұмыс, қарапайым тапсырмалармен бекіту І топ.
Оқулықтағы §15 1-тапсырма. Кесте толтыру.
1:1000, 1:25000, 1:500000, 1:1000000 масштабтарын сандық, атаулық және сызықтық масштаб түрінде көрсетіңдер.
Сандық масштаб Атаулық масштаб Сызықтық масштаб

Жеке оқушыларға: оқулық 198-тапсырма.
Масштабы 1:600000 картада темір жолдың ұзындығы 18см. Поезд темір жолының осы бөлігін 75км/с орта жылдамдық пен неше сағат жүреді?
А.14,4с; В.13,5с; С.12,8с; Д.16с.
ІІ топ.
Оқулықтағы 181-тапсырма.
Мектептегі математика кабинетініің 1:200 масштабы мен өрнектелген планын сызыңдар.
Жеке оқушыларға тапсырма.
1: 25.000 масштабын атаулы және сызықтық масштабқа айналдырыңдар?
6-қадам «Баға беру» топпен жұмыс (Сен қалай ойлайсың?, Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады. Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1. Жер бетіндегі қашықтықтың картаға түскенде кішірейтілу дәрежесі- (масштаб).
2. Бөлшек санмен жазылған масштаб-
3. Сөзбен жазылған масштаб-
4. Масштабтың маңызы бар ма?
5. Масштабтың қандай түрлері бар?

Үйге тапсырма:
§15. 2,3-сұрақтарға ауызша жауап беру, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.