Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика  Қайталау -

Математика Қайталау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2778 | Размер: | Автор: гость
. Пән аты: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Ұлттық ойындардың ережесімен танысу, алған білімдерін тиянақтау, қайталау есептерін шығару.
2. Ойларын, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту. Ұлттық дүниетанымын кеңейту.
3. Ұлттық ойындардың ерекшелігін білуге, есептерді жылдам әрі қатесіз, түсініп шығаруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ойындар суреттері, әр мемлекет туы,үлестірме қағаздар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу ә) мақсатын хабарлау
б) психологиялық дайындық

ІІ. Негізгі бөлім
-Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.баршамыз «Намыс дода» халықаралық ойынын білесіздер.Олай болса бүгінгі сабағымыз сол ойын негізінде өтпекші. Бұл ойын шет мемлекетте өткізсе, болашақта дамыған 50 елдің қатарына енгелі отырған өз еліміздің төрінде ойналса әрине онда өзіміздің ұлттық ойындарымыз ойналса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.Сондай ниетпен біз бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Бұл ойынға 4 мемлекеттің құрама командалары қатысқалы отыр. Яғни, әр топтың атымен таныстыру.
Өздері туралы қысқаша мәлімет беріп өтеді.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ұлттық ойындармен байланысты өтеді.
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Қыз қуу, Теңге алу, Көкпар, Асық, Бәйге, Күш салыстыру, Арқан тартыс, Тоғызқұмалақ, Ақ сүйек, Аударыспақ, т.б.
- Ұлттық ойындардың қандай пайдасы бар?
- Ұлттық ойындардың қандай ерекшеліктері бар?

ІІІ. Өтілгенді пысықтау. «Алтыбақан» ойыны
- Бүгінгі ойындарды ойнамас бұрын, Алтыбақан теуіп алайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік:
1) Жылдамдықты немен белгілейміз?
2) Уақытты ше?
3) Қашықтықты немен белгілейміз?
4) Жылдамдықты қалай табамыз?
5) Уақытты қалай табамыз?
6) Қашықтықты қалай табамыз?
7) Өрнектер нешеге бөлінеді?
8) Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылықтары қандай?
ІV. Жазбаша жұмыс. «Көкпар» ойыны
Ал балалар тулақты қазандыққа салу үшін №1есепті орындайық.
- Бұл қандай ойын? Шартын кім біледі?(оқушының жауабы)
№1,2
1-топқа. Жаяу адам жылдамдығы-5км/сағ.Ол 2 сағатта қанша қашықтықты жүріп өтеді?3 сағатта ше?
Ш: 5км/сағ*2 5км/сағ*3
Ж: Ол 2 сағатта 10км, 3 сағатта 15 км қашықтықты жүріп өтеді.
2-топқа.Жаяу адамның жылдамдығы х км/сағ.Ол 3 сағатта жүріп өтетін қашықтықты өрнек түрінде жаз. Хкм/сағ*3сағ.
3-топқа.Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен жүрсе,150км жолға қанша уақыт жұмсайды? 50 км/сағ жылдамдықпен жүрсе ше?
Ш: 150/30 150/50
Ж: 5 сағат және 3 сағат.
4-топқа. Мотоциклші 50 км/сағ жылдамдықпен жүреді.Оның х км қашықтықты қанша уакытта жүріп өтетінін өрнек түрінде жаз
х км/ 150км/сағ

V. «Теңге алу» ойыны:
- Бұл қандай ойын?
- Қалай ойналады? (оқушының жауабы) Бұл ойынды ойнау үшін 4 есепті шығарайық
Санды өрнектің мәнін тап.№4
(71 349+618)*2/5=
18 360/ (7026*4-28 096)=
53 217/ (4425-736*6)=
76 432/ (80 016/4-19 996)=

VІ. «Қыз қуу» ойыны:
- Бұл қандай ойын?
- Қалай ойналады? (оқушының жауабы)
Бұл ойынды ойнау үшін №5 есепті орындайық.
А) а *1000/4, мұндағы а-5,6,7,8,10.
Ә) а/1000*4, мұндағы а-5000,6000,7000,8000.
Б)а+5м48см, мұндағы а-1дм 2см,1дм55см,4м 50см.
В) 5кг 350г-в, мұндағы в-1кг 500г,2кг 7г,3кг 750г.

А)5*1000/4=1250 Ә)5000/1000*4=20 Б)12+548=560 В) 5350-1500=2050
6*1000/4=1500 6000/1000*4=24 65+548=604 5350-2007=3343
7*1000/4=1750 7000/1000*4=28 450+548=998 5350-3750=1600
8*1000/4=2000 8000/1000*4=32
10*1000/4=2500

VІІ. Сергіту сәті. Қол жаттықтыру, бой жазу жаттығуы қалам көмегімен орындау.

VІІІ. «Бәйге» ойыны:
- Бұл қандай ойын?
- Бәйгеден озу үшін, өрнектердің мәнін табайық, түріне ажырату.
Қосымша тапсырма
а) 810 х 6 : 6=810
ә) (а : 27) + 1275, мұндағы а=27000
(27000:27) + 1275 = 2275
б) 46550 : 5 + 690 = 1000
в) (2035-608) х 4 = 5508

ІХ. Асық ойыны «Қанталапай»
- Бұл қандай ойын? Қалай ойналады?
- Енді осы ойын бойынша қосымша есепті шығарайық.(қосымша)
Енді асықтардағы бөлулерді орындайық.Бөлуді шығарған соң, оны қалай тексереміз?
Әрине көбейтумен тексереміз.

84 637/7= 12091 12091*7=84 637
44 382/6= 7397 7397*6=44 382
32 760/7= 4680 4680*7=32 760
45 268/4=11 317 11 317*4=45 268
Х. «Күш салыстыру» Күш салыстыруда күрес, қол күрес сияқты түрлері бар.Бұл ойындар қалай ойналады?
Қандай пайдасы бар?
Ал біз күшімізбен қоса білімімізді де салыстырайық.№6,7
Кім жылдам шығарса сол оқушының күші көп. Логикалық тапсырмалар.
А) Бүркіт 3 секундта 90 қашықтыққа ұшады. Ол 270 метрді неше секундта ұшып өтеді?
Ш: 90/3=30 270/30=9 Ж: 270 метрді 9 секундта ұшып өтеді.
Ә) Лашын 4 секундта 80 м қашықтыққа ұшады.Ол 360 метрді неше секундта ұшып өтеді?
Ш: 80/4=20 360/20=18 Ж:
Б) Адамның жүрегі 1 минутта 5 литр қан айналдырса, 1 сағатта қанша қан айналады?
В) 3 жұмыртқа 3 минутта піссе, 1 жұмыртқа неше минутта піседі?

ХІ. Ал балалар енді «Тоғыз құмалақ» ойыны туралы не білеміз?
Ол ойын қалай ойналады? Тоғыз құмалақ ойланып ойналатын ойын.
Аты айтып тұрғандай тоғыз құмалақ немесе тоғыз таспен де ойнауға болады.
Әр тастың өз атауы бар: тандық, атөтпес, көшпелі, атсұраттар, бел, белбасар, қандықақпан, көкмойын, маңдай.
Ал енді балалар оқулықтағы ең соңғы тапсырмаға назар аударайық.
Осы тапсырманы орындасақ біз тоғыз құмалақты жеңгеніміз.
№8.Өрнектерді салыстыр
А) 300 /6 = 47+3 60/4 >160-60
Ә) 900+8 <140*7 600-9 >40*9
Б) 9000/3-200 > 600*4 80*9+280 =8000/8
В) 90+2*5 =500-40 400-40/6 >200-150
ХІІ. «Ақ сүйек» ойыны:
Бұл қандай ойын?Қалай ойналады?
Бұл ойын кеш батқанда ойналатын ойын. Бұл ойынның шарты: жігіттің немесе қызбаланың көзін байлайды. Малдың жілік сүйегін лақтыру керек, көзін шешіп сүйекті іздейді.
Біз осы ойын бойынша №9 геометриялық тапсырманы орындайық.
4 топқа тапсырма беру. Бүктеу арқылы фигура жасап шығарады.
Үшбұрыш сиқырлы боп беріледі. Оның 3 жағында 3 тапсырма беріледі.
Біріншісі, Тренинг өткізу «Адам есімінің түстері»
Екінші, оқулықтағы № 9 есеп.
Бірінші топ жазады, екінші топ түріне ажыратады.Үшінші топ қасиеттерін айтады, төртінші топ күнделікті қолданыстағы заттармен байланыстырады.
Үшіншісі, тапсырмалар орындау.
Есеп жасырылған парақшалар беріледі, ар есепті шығарса терезелер ашылып сөз пайда болады.Сол сөздерді қатыстырып бір біріне тілек тілейді.
Сәттілік! Тек алға! Жарайсыңдар! Жеңіс!
ХІІІ. «Рефлексия» Қорытынды:
- Балалар, біз қандай тақырыпты қорытындыладық?
- Қандай есептер шығардық?
- Ойынның қандай түрлерін білдік?
ХІV. Үйге тапсырма: №3 есеп.
ХV. Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды медалдар арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.