Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика. Қайталау. Өзіндік жұмыс №2 -

Математика. Қайталау. Өзіндік жұмыс №2

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3093 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісінің міндетін атқарушы: Қ. Алипова

Күні
Пәннің атауы Математика
Тақырыбы: Қайталау. Өзіндік жұмыс №2
Мақсаты: Сандарды разрядтарға жіктеу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын пысықтау, қайталау.
Жетістік критерийі  Өткен сабақтарды қайталайды.
 Өз беттерімен жұмыс жасай алады.
Сілтеме: Математика 4 сынып, оқулық, АКТ көздері, үлестірме материалдар.
Күтілетін нәтиже:  Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді, оларға амалдарды қолдануды.
 Төртбұрыштардың ауданын таба алуды.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты парақшалар, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, «Ой шабуылы», «Ойлан, Біріктір, Бөліс», «Ортақ талқы» әдісі, «Үш қадамды сұхбат», «Еркін әңгіме» әдісі.

Негізгі дереккөздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2015 жыл, математика оқулығы, әдістемелік журналдар.
Сабақтың барысы: Мұғалім әрекеті:
Тапсырмалар береді. Оқушы әрекеті:
Тапсырмалар орындайды, талдайды.
Ұйымдастыру.
2 минут Оқушыларды әр түрлі түсті қарындаштар арқылы топтарға бөлу.
Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.
Қызығушылығын ояту Ауызша есептер
Заңдылықты тағайындап, сандар қатарын жалғастыр:
а) 0,19,38,57,.............
ә) 318,422,526,.. .. .. .. .. ..
б) 72 574, 72 561, 72 548, ..........
Білу.
«Ой шабуылы» әдісі
3 минут №1 есеп. Сандарды жаз және оқы, онда:
 Әр санда әрбір разрядтың неше бірлігі бар?
 Оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте.
 Сандардың әрқайсысындағы 5,6,8, және 0 цифрлары нені білдіреді? №1 есеп. Оқушылар жазады.
а) 605 066
ә) 8 008
605 066= 600000+ 0+5+0+60+6
8008=8000+0+0+8
Түсіну.
Презентациямен жұмыс.
2 минут №2 есеп. Мәтіндегі сандарды цифрлармен жаз және оқы:

№3 есеп. Есептерді шығар.
а) шеберхана әрқайсысына 2 қоян терісін жұмсап, 7 бас киім және әпқайсысына 4 кәмшат терісін жұмсап, сонша бас киім тікті. Шеберхана бас киімдерге барлығы неше тері жұмсады?
ә) Есеп мәліметтерін пайдаланып, 7*4-7*2 түрінде жазуға болатын есеп құрастыр және шығар
№4 есеп. Есептерді шығар.
а) 9 шапанға 54 метр және сонша қамзолға 27 метр мата жұмсалды. Бір қамзолға қарағанда бір шапанға неше метр мата артық жұмсалды?
ә) Есеп мәліметтерін пайдаланып, 54/9+27/9 түрінде жазуға болатын есеп құрастыр және шығар
№2 есеп.
9 орын, 2 725 000 км2 ауданы, 17 337 494 адам,1 600 000, 818 000,2 498 000,270 000, 85 022 өзен, 48 262 көл,10 000 км, 85 000
№3 есеп.
Шешуі:
7*2+7*4= 14+28= 42
Жауабы: 42 тері жұмсады.

№4 есеп.
Шешуі:
54/9= 6
27/9=3
6-3=3
Жауабы: бір шапанға 3 м мата артық жұмсалды.
Қолдану.
Оқулықпен жұмыс
Тақтамен жұмыс.
7 минут

Талдау.
Шығармашылық есеп
12 минут №5 есеп Өрнек жаз және мәнін тап.
а) 888 және 202 сандарның қосындысын 10 есе кеміт
ә) 1000-нан 999-ды азайтып, айырмасын 1000 есе арттыру.
б) а және 900 сандарының айырмасын 100 есе арттыру, мұндағы а=1000

№6 есеп.
а) Ұзындығы 5 см АВ кесіндісін сыз. АВ кесіндісінен 3 см ұзын кесінді сыз. Берілген кесіндіден 3 есе ұзын кесінді сыз.
ә) АВ кесіндісінің ұзындығы 12 см, СД кесіндісінікі-4 см. АВ кесіндісі СД кесіндісінен неше есе ұзын? АВ кесіндісі СД кесіндісінен неше сантиметр ұзын? №3 есеп

(888+202)/10=1090/10=109
(1000-999)*1000=1*1000=1000
(a-900)*100=(1000-900)*100=100*100=10000

№6 есеп
a) 5+3=8
5*3=15
ә) 12/4=3
Жинақтау. Сәйкестендіру.
«Домино» ойыны
8 минут

«Сен-маған, мен-саған» әдісі
3 минут № 7 есеп

42/3
14*3
13*5
65/5



64/4
78/6
18*4
24*3



7*8+34
6*9+46
8*8-32
9*7-23


72/8+41
6*9+46
8*8-32
9*7-23

40/(40-30)
(100-60)/4
2*(80+20)
(30+70)/10 №7 есеп

42/3=14
14*3=42
13*5=65
65/5=13
64/4=16
78/6=13
18*4=72
24*3=72

72/8+41=50
6*9+46=100
8*8-32=32
9*7-23 =40
40/(40-30)=4
(100-60)/4=10
2*(80+20)=200
(30+70)/10=10
№8 есеп.
Шаршы сыз және оны әріптермен белгіле. Шаршының периметрін және ауданын тап.
№9 есеп.
Тіктөртбұрыш сыз және оны әріптермен белгіле. Тіктөртбұрыш периметрін және ауданын тап.
Бағалау. «Үш қадамды сұхбат»
6минут

Ойын: тез есепте Ережені еске түсір:
 Ұзындық өлшем бірліктер;
 Аудан өлшем бірліктері;
 Масса өлшем бірліктері;
 Уақыт өлшем бірліктері;
 Көлем өлшем бірліктері;
 Аудан, периметр, көлемнің формулалары,

№10 есеп
?-2*3+15/12=2

Сабақты қорытындылау.
Рефлексия бөлімі.
2 минут Жазбаша кері байланыс орнату.
Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар? Жазбаша кері байланыс жаза отырып, «Білім ағашына» іледі.
Үйге: өзіндік жұмыс

Бағалау.
2 минут Өзін-өзі бағалау.
 Ауызша кері байланыс
 Табыс критерийі арқылы
 Қол шапалақтау арқылы
 Білім ағашы арқылы
 Смайлик арқылы
Жиынтық бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.