Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика пәнін оқытуды оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың жолдары. -

Математика пәнін оқытуды оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың жолдары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1903 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
Қ. Х. Тоқмұхамедов атындағы №36 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Бабаева Гулнар Курманбаевна

Математика пәнін оқытуды оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың жолдары.

Көрнекі педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыны ескере мен сабқ барысындағы бағалай жүйелерін нақты әрі қызықты қылып алсақ, ол біздің сабақтағы оқушылардың белсенділігін байқаймыз. Менің пәнім математика пәні болғандықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы төмен болады. Сондақтан мен өз сабақтарымда формативті бағалаудың түрлі әдістерін қолданамын деп мақсат қойдым. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» дегендей жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің арттыруға үлес қосатыны сөзсіз. Соның бірі сыни тұрғыдан ойлауды тереңірек пайдалануды жөн көрдім. Сыни тұрғысынан ойлауды алған себебім, оқушылар өз ойларын сараптау қабілетін, ақпараттың шынайлығы мен маңыздылығын ойлана білуін, мұғалім үшін сыни тұрғыдан бағалауға тиімді.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер). Оқушылардың сабаққа дайындығының, оқуға қабілеттілігінің барысы бағамен есептеледі.
Бағалау - ол оқушылардың білімінің нәтижесі болып табылады. Жасыратыны жоқ сабақты баға үшін оқитын оқушыларда жоқ емес. Бірақ «баға үшін оқисын ба?» деп балаға айтуды дұрыс түсінік ретінде қабылдамаймын.. Сондықтан балаға тек білімнің қажет дүние екендігін түсіндіру қажет. Бағалау ол- баланың өзінің жетістігі, оқыған, алған білімі.
Оқытудағы бағалау ол- білім берудегі негізгі өзекті мәселелерінің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарлатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерилері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде әлі күнге дейін төрт балдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Ал қазіргі жаңа технологиялармен оқу барысында жаңа бағалау түрлері жүйеге еніп келеді. Мысалы Қараевтың технологиясының өзін үш өлшемді бағалау түрінде алуға болады. Бағдарламада негізінен бағалаудың екі түрі қарастырылған: оқыту үшін бағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (жиынтық).
Оқыту үшін бағалау – бұнда мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Яғни оқушылар өздерінің сыныптастарын және өз-өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалім бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар сабаққа белсенді қатысады. Оқуды бағалаудың мақсаты - керісінше оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады./нұсқаулық 58-б/

Оқушылар бұл тәсілдерде өзін-өзі бағалайды- қасындағы жолдастарын бағалайтын болады. Мен сабақтарымда түрлі фишкалар, жетондар, смайликтер, түрлі асықтар, бағалау қағаздары бойынша балаларды бағаладым, оқушылар да өздерін, бір-бірін бағалау арқылы көрсетті. Балалар өздерін бағалау арқылы сабаққа деген қызығушылықтары артты..
Олай болса тізбектелген төрт сабағымда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулін қалай кірістірдім, соған тоқталсам:
Сабағымда оқушыларды бағалаудағы мақсатым- оқушылардың сабаққа деген ынта-жігерлерін арттырып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, өзін-өзі және әріптестерін әділ бағалай білуге үйрету болып табылады. 8 тезиске сүйенсек: "Адамдардың білім алу барысында мадақтау мен ынталандыру қажет, сондықтан да бағалау ізгі болуы тиіс" деп келтіреді.
Міндеттерім:
- оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнату;
- сабақта түрлі бағалау тәсілдерін пайдалана отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- оқу материалдарын жетік меңгеруге, өздігінен өз ойын емін-еркін жеткізуге түрткі болу.
Смайликтер арқылы балалардың да көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғанын айтуға болады және өзін бағалауда оларға бір қызық көрініп, аса қызығушылықпен өздерін бағалаған. Ол оқушының бойында өзіне деген сенімділік ұялағандай болды, өзінің жауап бергеніне дән риза болғанын , өзіне қойған бағаны ақтай алғанына қуанып кетті. Ол оқушыға әрі қарай сабаққа ынталандыру үшін мақтау айтып өту міндетті.
Қорыта айтатын болсам, сабақтарымда оқушыларды түрлі әдіс- тәсілдерді пайлана отырып өткізген бағалау барысында оқушылар арасында сабаққа деген ынталары мен қызығушылықтары айтарлықтай жоғары деңгейде болды деп айта аламын және топтық, жұптық, жеке оқушы арасында да бір-бірімен тартысқа да түсті. Қазіргі заманда біздің мақсатымыз бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру керек екендігін ескеретін болсақ, сабақ барысында оқушылардың арасында бір-біріне деген қызығушылықтар болғандығын аңғардым, осы уақыттан бастап, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра бастағанымыз көрініп тұр.
Сондықтан білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің пайдасы өте зор.
Ең алдымен кез келген шебер мұғалім баланы оқыту үшін нақты бағалау жүйесін құрып алған дұрыс. Яғни баланың әрбір іс әрекетін, оның жасаған еңбегін бағалап, марапаттап отыруға мүмкіндік беретін. Егер осы қарастырылып отырған бағалауларға жеке тоқталатын болсақ, онда «Оқыту үшін бағалау» баланың ешқандай қысымсыз, кедергісіз өзінің қызығушылығымен талпына отырып оқуына мүмкіндік жасауы. Сонымен қатар қызығушылығы мен оқуға деген талпынысын ояту керек. Мұндай бағалау тек мақтап, марапаттап қана емес, сонымен қатар сұрақ қоя отырып оқушыға бағыт-бағдар беру. Түрткі сұрақтар бере отырып, оқушының әрі қарай талпынып дамуына ықпал жасау. Немесе сұрақ қою, салыстыру арқылы баланың мотвациясын жоғалтпай оған жасаған жұмысының кемшілігін түсіндіріу. Қазіргі таңда көп балалар тек баға үшін оқитындарын жасырып қала алмаймыз. Мұндай кезде алынған білімнің бала жадында көп уақытқа сақталмай ол алған білімді өз мүддесіне қолдана алмай сапасыз болатыны анық. Сондықтан баланың баға үшін емес, өзінің қызығушылығына қарай ізденіс жүргізгені дұрыс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.