Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика сабақтарындағы дидактикалық  ойындарды ұйымдастыру -

Математика сабақтарындағы дидактикалық ойындарды ұйымдастыру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 987 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Қиғаш ауылы
Қиғаш жалпы орта мектебінің
Математика пәні мұғалімі
Масалимова Дилара Мубараковна

Математика сабақтарындағы дидактикалық
ойындарды ұйымдастыру

Сабақтарда оқыту ойындрын қолдану әдістемелік әдебиеттерде егжей тегжейлі талқыланған және оқыту практикасында кеңіне қолданылады. Ойындар егер оқушылар оған қатыса отырып, жаңа білім, дағды және икемділік алса немесе ойынға дайындық процесінде алуға мәжбүр болса, оқыту ойыны болып табылады. Және білімді ұғыну нәтижесі тек ойындағы ғана емес, математикалық материалдың мазмұнындағы танымдық қызмет уәждемесі қаншалықты анық көрсетілсе, соншалықты жақсы болады.
8-сыныпта геометрия сабағында оқыту ойындарының мысалын қарастырамыз.
1. «Бұлақ» оқыту ойыны.
Сабақтың тақырыбы: «Параллелограмм»
Сабақтың мақсаты: Параллелограмның негізгі қасиеттері мен белгілерінің тұжырымы мен дәлелдемесін қарастыру.
Бұл сабақта оқушылар төртбұрыштардың бір түрімен параллелограммен танысады.
Бұл әдетте жаңа білім беру сабағы, алайда күндегіше өтпейді. Оқушылар параллелограмның қасиеттері мен белгілерін өздері оқитын болады және оларды бір біріне түсіндіреді.
Бұл үшін сынып 6 бөлінеді ( адамнан), олар бөлек үстелдерге отырады. Бұған дейін оқушылар параллелограмның қасиеттері мен белгілерін талқылады.
Әрбір топқа оқулық бойынша тапсырма беріледі: бір жұпқа 6.1-теореманың тұжырымдамасы мен дәлелдемесін (параллелограмм белгісі) және оның 6.2-кері теоремасын қарау (параллелограмм диагоналдарының қасиеті) ұсынылады, екіншісіне 6.3-теорема (параллелограммдағы қарама қарсы жақтардың және бұрыштардың теңдігі туралы). 10-15 минут бойына олар оқулық тақырыбына зерделейді, бұл ретте қағаз бетіне өз материалын басқа оқушыларға түсіндіретін тірек схемасын құрады. Уақыт өткеннен кейін мұғалім бірінші турды жариялайды.
І тур: оқушылар бірі біріне оқулықпен өздігінен жұмыс жасау процесінде алған білімдері туралы айта отырып, жұп болып жұмыс жасайды. Бұл ретте бірі айтады, екіншісіне толықтырады. Уақытты мұғалім қадағалайды, әрбір турға 5 минуттан беріледі (әрбір жұпқа 2,5 минуттан).
Содан кейін екінші турдың басталғаны хабарланады.
ІІ тур: әрбір топтың бір жұбы (екінші нұсқа) келесі топтың үстелінде сағат тілі бойынша араласады (екінші нұсқаға да ), ал екіншісі орнында қалады. Бұл жерде де олар бір біріне өз теоремаларының дәлелдемесін, және топтың құрамын келесісі түсіндіріледі.
ІІІ және IV турларда да осылай өтеді (әрбір топтан тек бір жұп араласады). Ойын процесін келесідей түрде бейнелеуге болады:
1 жұп және 2 жұп –бірінші топтың екі жұбы, 3 жұп және 4 жұп –екінші топтың екі жұбы және т.б.
Турлардың санын мұғалім қалауынша өзгертеді (тақырыптың қиындығына қарай), сондай-ақ бірінші нұсқаның қозғалысын да қосуға болады.
Бұл ойынның мәні мынада: оқушылар бір материалды бірнеше қайтара айтады, және әрбір турда түрлі оқушылар. Алдымен оқушылар уақытпен қатар жүрмейді, алайда әрбір ретте өз білімін жетілдіре отырып, жаттығып, олар тақырыпты анық әрі шапшаң баяндайды. Сонымен бірге олар басқаларға түсіндіріп қана қоймайды, өз сыныптастарынан да білім алады.
әрбір кезеңде айтушыға баллмен баға қойылады. Балл қосындысы бойынша ең озық әңгімелеуші анықталады. Бағалау шартын өзгертуге болады І және ІІ турларда бірінші нұсқаның жауабы екіншісімен бағаланады, ал ІІІ және IV турларда керісінше.
Аяқталуына орай, бағалаулар және өзін өзі бағалау тыңдалады. Мұндай ойында, егер әрбір кезеңнен кейін оқушыларға нені үлгермегенін немесе ол өз түсінік беруінде неге риза еместігін жазатын «наразылық бетшесін» толтыруға уақыт берсе білімді қалыптастырудың ішкі процестері ойдағыдай қадағаланады. Талдау кезінде білімді «өңдеу» процесі көрінеді, ал рефлексия деңгейі «оқушының» қысқаша жазбасын, яғни түсіндірмені тыңдаған оқушыны бағалауға көмектеседі.

2. «Қар кесегі» оқыту ойыны
(«Қар кесегі» қағидасы бойынша. Ойыншылардың әрқайсысы турдан турға өте отырып, қалған мүшелерден алатын қосымша ақпарат алады, жинақтайды. Бірден бір қатысушы бір бірімен қайталап кездеспейді, әрқайсысының алынған ақпаратты келесі турда пайдалану өз ұстанымын толықтыру немесе қайта қарау құқығы болады).
Дамыта оқытуда, егер оны бағдарланған орындау кезеңінде қолданса, бұл ойын үлкен нәтиже береді. Топтар теореманы «ашу» бойынша жұмыс жасайды, әрбір топ белгілі бір болжамға келеді, дәлелдеу барысы схемамен бейнеленеді. Екінші кезеңде топтар оған кіретін оқушылар әрбір алдыңғы топтың өкілі болатындай етіп ауысады. Барлық болжамдар талқыланады. Үздігі тыңдалады. Үшінші кезеңде топтар бастапқы құрамына қайта келеді, өздерінің алдыңғы болжамдарын бағалау жұмысы, және екінші кезеңнің қорытындыларын талқылау да жүреді. әрбір топ өз нұсқасын және өз түсініктерімен бірге барлық жұмыстың қорытындысын ұсынады.
Мұндай жұмысты жоспарлау оқытудың нақты жағдайлары есебімен тікелей байланысты –бұл дамыта оқытудың баламалылығы қасиетімен расталады. Бұл қасиет мұғалімді сабаққа дайындауда да, оқушылардың білімді меңгеру икемділігінен, оны пайдалана білуінен, болжамдардың баламалылығымен көрінеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.