Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика және логика -

Математика және логика

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 8443 | Размер: | Автор: гость
. «Екібастұз қаласының әкімдігі білім бөлімінің
Байет жалпы орта білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Шешілді» «КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Әдістемелік бірлестік Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директорының м.а № хаттама Амангелді Р. Ахметова Г.Б
« » 2015 ж. « » 2015 ж. « » 2015 ж.

«Математика және логика»
үйірме бағдарламасы
5- сыныпқа арналған

Құрастырған : математика пәнінің
мұғалімі Журдикан А



Екібастұз қаласы

2015 жыл.

Құрастырған: «Екібастұз қаласының әкімдігі білім бөлімінің Байет жалпы орта білім беретін»комуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі Журдикан А.

5- сыныпқа арналған «Математика және логика » оқыту бағдарламасы математика пәнінің мұғалімдеріне арналған.

БЕКІТЕМІН: ______________«_______»_________ 2015ж
мектеп директорының м.а Г.Б Ахметова

КЕЛІСІЛДІ: ______________«_______»___________2015ж
директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Амангелді Р


Жаратылыстану-математикалық пәндер ӘБ отырысында қаралып, типтік оқу жоспарының вариативтік бөлімінен 5 сыныпта бөлінді.
(19 тамыз 2015-2016 оқу жылы хаттама№1)
ӘБ жетекшісі Нұртай Р.



ПІКІР

5- сыныпқа арналған математика және логика оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин ұлттық білім беру академиясы, Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сынып үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасына сүйене отырып құрастырылған. Бағдарлама 5- сынып оқушыларының бастауыш сыныптан алған білімдерін жүйелеп, дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, логикалық есептер арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып ҰБТ-ке дайындау үшін жасалған. Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламадан айырмашылығы қосымша сағаттар оқушылардың өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсауына, логикалық есептер арқылы ой жүйесін қалыптастыруына мән берілген.
Жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын математиканың мақсаты, ойлау жүйесі қалыптасқан, білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу болып қойылған. Оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі.
Қорыта келе оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтары артады, ойлау жүйесі дамыған, кез –келген қиындықтан жол таба білетін тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады


Түсінік хат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің ортанғы сатысында таңдау курстары енгізілді.Жалпы білім беретін оқу орнының 5-сыныбына арналған «Математика және логика» таңдау курсы оқытылады. Бұл курс математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген.Таңдау курсы оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалып- тастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.
Ортанғы буынның 5-сыныбына арналған «Математика және логика» арнайы курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескеріледі.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызы- ғушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиял- дауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәр- биелейді.
Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, мате- матикалық эстафеталар,сөзжұмбақтар шешу,қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
«Математика және логика» курсы әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Курста шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша есеп- тер құрастыру және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады. Әрбір тақырып соңында сол тақы- рыпқа сәйкес өзіндік және бақылау жұмысына арнайы жүктеме бөлінген. Берілетін өзіндік жұмыстар, яғни тест, әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтай алады.Тақырыптың теориялық бөлімінде сы- ныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі. Курс пәнаралық байланыс негізінде технология, жара- тылыстану пәндерімен байланыстырыла оқытылады.


Негізгі бөлім:
Курстың мақсаты:
- мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау;
- оқушылардың ақыл - ойының математикалық стилін, интеллек- туалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
- оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызы- ғу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;
- барынша баланың өзіндік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайда- лану.

Курстың міндеттері:
- оқушының логикалық ойлауын дұрыс қалыптастыруда матема- тикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;
- математикалық ұғымдарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу;
-шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағды- ларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамыту.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- натурал сан және оның қасиеттері, нөл саны;
- арифметикалық амалдардың мән-мағынасы;
- қосу-азайту және көбейту-бөлу өзара кері амалдар;
- есептегіш техника ретінде микрокалькулятордың мүмкіндігі;
- шамалар және оларды өлшеу;
- сандарды салыстыру және өрнектерді салыстырудың мән-мағынасы;
- математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретіндегі есептің ерекшеліктері мен мәнді белгілері;
- тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер;
- есепті шешудің алгебралық тәсілінің мән-мағынасы;
- сызықтар, бұрыштар мен көпбұрыштардың түрлері, олардың жазықтықта орналасу қалпы және көлемдік фигуралар;
- геометриялық фигуралардың нүктелердің жиыны болып табы- латындығы жайында білімі болу керек.
Сонымен қатар оқушылар өздерінің құрастырған шығармашы- лық жұмыстарын қорғау, тақырыпқа сай кері есептер құра білуі керек.






«Математика және логика» таңдаулы курс бағдарламасы- ның мазмұны мен құрылымы
р\с тараулар сағат
саны оның ішінде

Теориялық
практикалық бақылау Тест және сынақ
1 Қысқаша көбейту әдістері 5 5
2 Натурал сандардың бөлінгіштігі 4 3 1
2 «Теңдеу және теңсіздік» 4 4
3 «Құрастырмалы ойындар» 3 2 1
4 «Геометрия.Геометрияның негізгі түсініктері» 10 9 1
5 «Математикалық ойлау есептері» 8 6 1 1
І.Қысқаша көбейту әдістері (5сағат)
Кез –келген және екі таңбалы натурал сандарды жылдам есептеу жолдары.11-ге, 12-ге 5 пен аяқталатын т.б. сандарды жылдам көбейтудің тиімді тәсілдері
ІІ.Натурал сандардың бөлінгіштігі ( 4 сағат)
Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға, 9-ға, 3-ке бөлінгіштік қасиеттері. ЕКОЕ және ЕҮОБ
ІІ.Теңдеу және теңсіздік ( 4 сағат)
Әріпті өрнектердің сандық мәні. Теңдік.Теңдіктердің қасиетте- рі. Теңдеу. Жай теңдеулер. Бірнеше амалды орындау қажет болатын теңдеулер. Теңсіздік
ІІІ.Құрастырмалы ойындар (3 сағат)
Үлестер қалай алынады? Бөлшектер қалай пайда болады? Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектен бүтін бөлікті шығарып алу. Бөлшектерді салыстыру
ІҮ.Геометрия. Геометрияның негізгі түсініктері (10сағат)
Геометриялық фигуралар.Көпбұрыштың,тік төртбұрыш пен шар- шының, үшбұрыштың ауданы.Көпбұрыштың ауданын басқа гео- метриялық фигуралардың көмегімен өлшеу.Фигуралардың симме- триялылығы. Шеңбер.Дөңгелек. Тік төртбұрышты параллелепипед және текше тәрізді денелердің көлемі. Пирамида, конус, призма, цилиндр. Периметрді табу. Тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыштың ауданын табуға берілген есептер.Тік төртбұрышты параллелепи- педтің көлемін табуға берілген есептер.
Ү. Математикалық ойлау есептері (8 сағат) Кері есептер дегеніміз не? Көбейту мен бөлуге берілген жай есептер. Құрама есептердің шешуін табу. Пропорционал бөлуге, бөлшектерге, қозғалысқа берілген есептер.

«Математика және логика»
Күнтізбелік -тақырыптық жоспар
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан (5-сынып)
І жарты жылдық
р\с Өтілетін тақырыптар сағат
саны оқыту түрлері ,
әдіс-тәсілдері мерзімі
І.. Қысқаша көбейту әдістері (5 сағ)
1 Кіріспе. Кез келген екі таңбалы санды және Көп таңбалы санды 11- ге , 12-ге көбейту 1 дәріс сабақ
2 Берілген санды 15-ке, 5-ке, 50-ге, 500-ге көбейту. 1
ізденіс сабақ

3
Санды 25-ке, 250-ге көбейту
1 дәріс сабақ

4 Берілген санды 9,99,999-ға көбейту. 1
Практикалық сабақ
5 Кез келген 5-пен аяқталатын санды өзіне -өзін көбейту. 1 шолу сабақ
ІІ Натурал сандардың бөлінгіштігі (4 сағ)
6 Натурал санның бөлінгіштігі. 2,5 және 10 ға бөлінгіштік
1

дәріс сабақ
7 9-ға, 3-ке бөлінгіштік белгісі 1 Шолу сабақ

8 ЕҮОБ және ЕКОЕ 1 Шолу сабақ
9 Қысқаша көбейту әдістері және натурал сандардың бөлінгіштігі 1 сынақ сабақ
ІІІ. Теңдеу және теңсіздік (4 сағ)
10 Әріпті өрнектер.Әріпті өрнектердің сандық мәні 1 дәріс сабақ
11 Теңдеу.Жай теңдеулер. Бірнеше амалды орын -дау қажет болатын теңдеулер 1 ұжымдық
12
Теңдеу құрастыру арқылы сөзді есеп шығару 1
ізденіс сабақ

13 Теңсіздік 1 ізденіс сабақ
ІV. Құрастырмалы ойындар (3 сағ)
14
Үлестер қалай алынады? Бөлшектер қалай пайда болады? 1 ойын сабақ

15
Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектен бүтін бөлікті шығарып алу. Бөлшектерді салыстыру 1 ойын сабақ
16 Жай бөлшек және әр түрлі теңдеулерді шешу жолдары. 1 Бақылау
жұмысы
ІІ жарты жылдық
р\с Өтілетін тақырыптар сағат
саны оқыту түрлері
әдіс-тәсілдері мерзімі
V.Геометрия. Геометрияның негізгі түсініктері (10 сағ)
17
Сәуле.Бұрыш. Кесінді. Сынық сызық.Көпбұрыш. Тік төртбұрыш. Шаршы. Үшбұрыш салу 1
практикалық
сабақ
18 Көпбұрыштың ауданы. «Қызықты текше» құрастыру 1
ойын сабақ

19
Тік төртбұрыш пен шаршының , үшбұрыштың ауданы 1
зерттеу сабақ

20
Көпбұрыштың ауданын басқа геометриялық фигуралардың көмегімен өлшеу 1
практикалық
сабақ
21 Фигуралардың симметриялылығы 1 пр. сабақ
22
Шеңбер. Дөңгелек . (Шеңбердің центрі, радиусі, диаметр, доғасын табу, салу) «Күн салайық» 1
ойын сабақ
23

Тік төртбұрышты параллелепипед және текше тәрізді денелердің көлемі. Пирамида, конус, призма, цилиндр. 1

дәріс сабақ


24
Тік төртбұрыштың, шаршының , үшбұрыштың ауданын табуға берілген есептерді шешу 1
шығармашылық
жұмыс
25
Тік төртбұрышты параллелепипедтің көлемін табуға берілген есептерді шешу 1 шығармашылық
жұмыс
26 Геометрияның негізгі түсініктері 1 Тест жұмысы
ІҮ. Математикалық ойлау есептері (8 сағ)
27
Кері есептер дегеніміз не? Көбейту мен бөлуге берілген логикалық есептерді шығару 1
шолу сабақ

28 Құрама есептер.Құрама есептердің шешуін табу 1 шығармашылық жұмыс
29
Пропорционал бөлуге берілген есептерді шешу
Бөлшектерге берілген есептер 1
практикалық сабақ
30

Қозғалысқа берілген есептер. Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс. Бірінен-бірі қарама-қарсы екі бағытқа қозғалыс.Бір бағыттағы қозғалыс. Артта қалу қозғалысы 1

ұжымдық


31 Берілген санның процентін табу 1 Пр. сабақ
32 Пропорция құрастыру арқылы сөзді есептер шешу 1 Практикалық сабақ
33 Математикалық ойлау есептеріне 1 Бақылау жүмыс
34 Жыл бойы өткен тақырыптарды қортындылау 1 сынақ сабақ





Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажы- ратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетіамытады.
2.Оқушыларды математика пәні бойынша олимпиадаға, сайыс- тарға қатыстыру, шығармашылық, ғылыми жобаларын қорғау, өзін-өзі бағалау;
3.Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді;
4.Танымдық іс-әрекеті, тапқырлығы, қызығушылығы оянады;
5.Математикалық білімді тұрмыста қолдана білуге үйренеді;
6.Оқушылардың есептеу мәдениеті дамиды.
Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын ұстамдарын меңгеру және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Осы нәтиже сапалы болса:
1. Білім сапасын арттырады.
2.Білімдік деңгейін арттырады.
3.Өз бетімен білім алады.
4.Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.
5.Білу қабілетін арттырады.
6.Олимпиядаға қатысады.
7.Курстан алған білімдерін тұрмыста пайдаланады.
Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұр- пақ ұлтжанды, білімді болса ғана тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналары сөзсіз. Сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәр- бие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, таңдау курстар бағдарламасын үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз


Пайдаланған әдебиеттер



1.Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл- дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жал- пыға міндетті стандарттары
3. А.Е. Алдамұратова «Математика» 2006 жыл
4. Бияров Т.Н. «Элементар математика есептерінің жинағы» 1992 жыл
5. Е.А.Тұяқов «Оқушы анықтамасы» 2005 жыл
6. «Математика және физика журналы» 2009 жыл
7. Исмаил Акйол «Математика» 2005 жыл
8.Л.Кадралина, «Есепті әртүрлі тәсілмен есептеу-таным әдістері»
// Бастауыш мектеп , 2008 №6
9. «Қосымша есептер» Сәрсекеев А.С. Көкшетау 2001 ж
10. Математика пәні бойынша тест тапсырмаларының жинағы
«Келешек-2030», 2008
11.«Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары
12.Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсыр- малар

Мазмұны
Кіріспе
Түсінік хат...............................................................................................................

Негізгі бөлім
1.Курстың мақсаты, міндеті.................................................................................

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар..............................45
2.Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы.......................................................

Күнтізбелік –тақырыптық жоспар.........................................................................

Қорытынды
Күтілетін нәтиже..................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.