Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математикалық олимпиада жүлдегері – Арайлым -

Математикалық олимпиада жүлдегері – Арайлым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1536 | Размер: | Автор: гость
. Математикалық олимпиада жүлдегері – Арайлым

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, расында да ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Қазіргі таңда өскелең жас ұрпаққа жаңа заманға сай, саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім бере отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру - ұстаздар қауымына артылған үлкен міндет. Себебі, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық. Осындай шәкірттеріміздің бірі, мектебіміздің мақтанышына айналған, 10 «А» сынып оқушысы - Муханбетова Арайлым Жеңісбекқызы. Ол қаламыздағы көптеген қалалық байқаулар мен пәндік олимпиадаларының жеңімпазы. Инабатты да, ибалы мінезімен, сыпайылығымен, ең бастысы терең білімі, ізденімпаздығы және ұтқыр ойлау қабілеті арқылы өз қатарластарынан әрдайым ерекшеленетін Арайлымның мектебі мен ұстаздарының, әсіресе пән мұғалімі - Дуйсенбаева Сауле апайының да үкілеген үмітін ақтап, IX «Ү.Қошалақов» атындағы аудандық математикалық олимпиадасында жүлделі II орынды иеленді.
Үсен Қошалақов – математик. Қазалының тумасы. Қармақшыдағы орта мектепте мұғалім болған. Көрнекті қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың үзеңгілесі. Қауіпсіздік органдары «Отанына опасыздық» жасады деп дәлелсіз айыптаған 49 адамның бірі. Ату жазасына кесіліп, кейін КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен кешірім жасалады. Кейін ұстаздық қызметіне қайта кіріседі. Өмірінің соңына дейін жастарға сапалы білім, саналы тәрбие бере білді.
Қармақшы аудандық білім бөлімі ұйымдастырған олимпиаданың мақсаты осындай азаматтың тағылымды ғұмырын, өнегелі еңбек жолын насихаттау, дарынды, талантты балаларды айқындау болды. Білгірлігімен көзге түскен Арайлым – мектебіміз бен ұстаздарының мақтанышы.

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы
№272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары,
Байқоңыр қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.