Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математикалық  турнир -

Математикалық турнир

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1197 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Алға ауылы
Алға орта мектебінің
математика пән мұғалімі
Қайсаев А.А.

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: «Математикалық турнир»
Сыныптан тыс іс-шараның ұраны: «Математика ғылым патшасы»
«Математика ғылым патшасы дегендей»бұл ғылым адам өміріне,оның ой-өрісінің дамуына аса қажет.Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 6сынып оқушыларымен өткізілген сыныптас тыс өте тартымды,қызықты өтті.Сайыс 6 тур болды.
1-жүргізуші:
Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
2-жүргізуші:
Біздің турниріміз 6 турдан өтеді.Сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.Сайыста жеңу үшін белсенділік көрсетіп,берілген сұрақтарға нақты дұрыс жауап берулеріңіз керек.
1-жүргізуші:
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша
Жарыста сірә қалыспа.
2-жүргізуші:
Асып әсте саспайық
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық.
1-жүргізуші: Ортаға 2 топты шақырайық.
/«Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы музыка әуенімен ортаға шығады./
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Алғырлар мен Тапқырларды
Қол соғып қарсы алайық.
«Алғырлар» тобына есеп:
1/ Тауық 2 аяғымен тұрғанда 3кг тартса,бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады?
2/Бес ретжазылған бірлік сандардан қандай амл арқылы 100санын шғаруға болады?
«Тапқырлар» тобына есеп:
1/ Торда 3қоян бар,үш оқушы бір-бір қояннан алғанда,торда бір қоян қалады.Ол қалай?
2/Бес рет жазылған 5 санынан қандай амалдар арқылы 1000 санын шығаруға болады?
І-тур: «Сәлемдесу»
Әр топ өз топтарын таныстырып, үрандарымен таныстырды.
«Алғырлар» тобының ұраны:
«Нақты жауап сапалы шешім таба біл.»
«Тапқырлар»тобының ұраны:
«Қандай сынақ болса да,жеңіске жет тартынба.»
2-тур: «Кім жылдам!»
Математикалық жұмбақ жасыру.
1.Бір-бірімен жарысқа,
Төрт аю,бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
2.Түйе,бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
3-тур: «Жаңылмай тап!»
1-ден 30-ға дейін санау.3-ке еселік санды «жаңылмаймын»деп санау керек.
4-тур: «Өз біліміңді көрсет.»
Топ капитандарына есеп.
5-тур: «Әр түрлі қызықты сұрақтар»:
1/Қатар тұрған үш санның қосындысы да,көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?
2/ Екі санның қосындысы 8-ге тең,айырмасы 2-ге тең,көбейтіндісі 15-ке тең қандай сандар?
6-тур: «Қорытындылау»
Сайыстың қорытындысында әділқазылар алқасы ұпай саны бойынша жеңімпаздарды мақтау қағазымен марапаттады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.