Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математиканы  оқытуда  оқушылардың  өзіндік шығармашылық  ізденістерін  дамыту . -

Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту .

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1302 | Размер: | Автор: гость
. №7 орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Маңғытай Қадиша Ысқаққызы
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту .

Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес,
ол жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж. Аймауытов



Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып,оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін,ерік-жігерін,яғни оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері тұр.Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.
- Оқушылардың шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
- Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру.
- Оқушы мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды жүйелі орындату.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды кезең бойынша сатылап дамыту.
- Мұғалім өз ісіне шығармашылықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған,шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.
Сонымен бірге оқушыға талап қоя білу де үлкен өнер.
Менің оқушыға қойған талаптарым:
•қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
•ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
•алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
•өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
•басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
•қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті
Дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам
алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Оқушылардың білімін бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану үлгермеушіліктің алдын алу, әр оқушының жеке белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.Әр оқушының білімін жеке бақылауда келесі мынандай жұмыстар атқарамын:
1. Ауызша бақылау жұмыстарын жүргізу – бұл оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, жеделдетіп есептеу білігін дамытуға ықпал етеді.Ауызша жұмыс жүргізудің көбінесе мынандай түрін қолданамын: 4-5 оқушыны тақтаға шығарамын да оларға тапсырма беремін. Дайындалғаннан кейін әр оқушы жеке – жеке өз сұрақтарына жауап береді, ал басқа оқушылар осы жұмыс процесіне қатысады, жауаптарын өз мүмкіндіктерінше толықтырып отырады. Осындай жұмыс барысында көптеген оқушылардың білімі тексеріліп, бағаланады.Мысалы,
2. Математикалық диктант – қайталауға берілген тақырып бойынша сұрақтар, бұнда ережелерді, формулаларды, алгоритімдерді, қасиеттерді, яғни теориялық білімді қаншалықты меңгергенін және оларды пайдалану білігі мен дағдысын тексеруге болады.Диктантқа енгізілген сұрақ, тапсырмалар қысқа және анық болу керек. Мысалы:«Бөлшектердің негізгі қасиеті. Бөлшектерді қысқарту» тақырыбына арналған сұрақтар.
1.Сөйлемді толықтырыңдар: Егер бөлшектің алымы мен бөлімін ... , онда оған тең бөлшек шығады.
2.10/20 бөлшегінің алымы мен бөлімін 10 ға бөліп одан шығатын теңдікті жазыңдар.
3.2/3бөлшегінің алымы мен бөлімін беске көбейтіп, одан шыққан бөлшекті жазыңдар.
4.1/2 бөлшегінің бөлімін 4, ал 5/6 бөлшегінің бөлімін 30, санына келтіріңдер.
5. Екі қысқартылмайтын дұрыс бөлшек жазыңдар
3.Тест – бұл белгілі бір кезеңде оқушының дайындығының сапасын диагностикалауға мүмкіндік береді. Мысалы 10-сынып. «Функцияның қасиеттері» тақырыбы бойынша тест.
Білімді анықтауға берілген тапсырмалар бұл арқылы оқушылар осы материалды қалай үлгергендерін тексере аламын.
Ақиқат сөйлемді таңдап алыңдар.
А.f(-х)=f(х)теңдігі орындалса,онда функция жұұп
Ә. f(-х)=-f(х)теңдігі орындалса,онда функция жұұп
Б. График О
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.