Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАНА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ -

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАНА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1371 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
Ә. Молдағулова атындағы №75 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Шандыбаева Науат Бухарбаевна

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАНА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасындағы орта білім берудің мақсаты- терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екені бәрімізге де аян. Оқушы бойында шығармашылық іс-әрекетті,ізденімпаздықты қалыптастырып,дәлелді ой-пікір айту, жүйелі қорытынды жасау, сараптап талдау жасай білу іскерліктерін дамытып,шыңдай білу-бүгінгі күн талабы.
Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе-жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Жеке тұлға дегеніміз – қоғам мақсатына сай, ойлау, сөйлеу қабылетінің нәтижесінде саналы әрекет, қарым- қатынас жасайтын, рухани құндылықтарды бойына жинаған (тәрбие, білім, мәдениет), дүниетанымдық, рухани, зерделік мінез - құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам. Адамзат өркениетінің ұлы жемісі өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік толыққанды азамат тәрбиелеп шығаруынан көрінеді. Қай ел болмасын өз қоғамындағы жас ұрпақтың жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талаптарға сай мәдениетті, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасуын басты негіз деп санайды. Баланың өзіне деген сенімін туғызу,өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені түсінікті.Өзін-өзі таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай,өзін-өзі тұншықтырып жүргендер мен басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебін ұстаздардың ойланғаны жөн.
Елбасымыз «XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»- деп сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. Педагог К.Д. Ушинский былай дейді: «Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.
Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденіс жолында болуы керек Білім беру жүйесін ақпараттандыру – бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені, ол – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары қолға алынып отыр.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты – ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К.Д. Ушинский «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді деген болатын». Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтарымен әрекеттесуі және олардың бір – біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Б
Ал адамгершілігі жоғары,интелектуалды , мәдени дамыған тұлғаны тәрбиелеу оқушы мен мұғалімнің өзара белсенді іс-әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Адам тұлғасын дамытуда, оның дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда, ойлау қабілетін жетілдіруде математика пәнінің орны ерекше. Математика, физика, химия, биология сияқты қиындығы мол пәндердің қай-қайсысын да терең біліп шығу тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса маңызды.
Математика барлық ғылымдардың логикалық негізі,түрлі құбылыстарды түсінуге көмектеседі,дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады.Математикалық білімнің меңгерілуі,оқытылу дәрежесі жоғарлаған сайын жас өспірім бойындағы еңбекқорлығы,өжеттілігі мен адамгершілігі, шыншылдығы артатындығы анық.Математиканың тапсырмалары оқушыдан ізденушілік пен шығармашылық танытып, оның шешімін табудың тәсілін табуды талап етеді.Шығармашылық табыстың тәтті дәмін жалғастыра түсу үшін күш-жігерін кездескен кедергілерді жеңуге бағыттайды, жетістігімен нығайта түсуге тырысады . Ұмтылыс пен ынта танытып,талаптану,еңбектену арқылы ғана математиканы үйренуге болады .
Адам жадында ең алдымен өз қолымен жасағаны өз әрекеттері есте есте сақталатыны анық.Көне қытай ғұламасы Конфуцийдің:«Маған айтып берсең –ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтармын, ал менің өзіме жасатсаң-үйренемін» принципін әр сабақта қолданудың,оқушының-оқу, сөйлеу, талқылау, пікір таластыру, бағалау, ой қорыту , жазу сияқты белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыра білудің орны ерекше . . Ол өзін білім игерудегі басты тұлға ретінде сезіну қажет . Оқушы өзі еңбектене отырып,есте сақтау, түсіну, талдау жасау және бағалау әрекеттеріне үйренеді. Ал осы әрекеттер арқылы оның бойында есте сақтап жаттап қалуға емес, кез-келген мәселе мен проблеманы шешуге ұмтылыс, «жеңіс» сезімі пайда болады. Сондықтан да ұстаз дәстүрлі «үйретуші» ролінен «сабақты жүргізуші» немесе «бағыт-бағдар беруші» роліне ауысып,басты кейіпкер оқушы болғаны абзал . Ұстаз оқушының белсенді әрекеттерін ынталандырады.
Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабақтарында қолдану - белсенділік,танымдық,іскерлік іс-әрекеттерін дамытушы және пәнге қызықтырудың бірден-бір қажетті құралы. Электронды оқулықты,интерактивті тақтаны пайдалану мұғалімнің жүйелі жұмысына ықпал етумен қатар, өз бетінше ізденуін, оқушының белсенді ойлау жүйесін арттырады , шығармашылықпен еңбек етуіне мүмкіндік береді. Сабақта бірсарынды анықтаманы айт формуланы, «жатқа –жаз», «есіңе түсір» , «келтір» сияқты репродуктивті тапсырмаларды оқушыны ойланта алатын, салыстыра отырып шешім қабылдауға, пікір білдіруге мәжбүрлейтін тапсырмалармен ауыстыруға мән берілуі тиіс. Ойлай білу арқылы ғана адам проблеманы шеше алады (есеп шешу сияқты). Тіпті терең ойлай алатын адам өмірде өз орнын таба алады деуге де болады .
Бүгінгі күні ойлаудың үш түрі анықталған:ә)сыни ойлау; б) проблема шешудегі ойлау; в) шығармашылық ойлау . Оқытуда осы ойлау түрлеріне ынталандыру керек, қалай да болмасын тапсырманы орындағанда оны жекелей және бірлесе отырып , жан-жақты қарастырып, ойлары мен түсініктерін ортаға салып, талқылап пікірлесу тиімді .
К.Д. Ушинский:«Баланы оқуға үйрету керек ,содан кейін мұны істеуді оның өзіне тапсыру керек»,-деген.Әр түрлі пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс оқушының жан-жақты болуына әкеледі. Сонымен бірге білім деңгейін көтеріп , логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді . Шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді . Онымен қоса М. Жұмабаевтың « жаңа алынатын білімнің ескі білімге қатынасы болсын»,- қағидасын ұмытпай сабақтастық принципін ұстанған жөн.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын арттырудың,пәнге қызығушылығын оятып,дамытудың,оқу процесінің деңгейінің көтерудің тиімді әдіс-тәсілдің бірі- ойын.
Негізгі мақсатқа жетелейтін орынды қолданылған ойын сабаққа нәр беріп, жағымды эмоциялық сезімді оятады. Дидактикалық ойын таңдауда жағымды психологиялық климат, сенім орнату аса маңызды. Бірлескен әрекеттер арқылы сабақты меңгеру оқушыға жауапкершілік сезінуге итермелейді. Дидактикалық ойындарды дайындауда,ойын кезінде мына ережелерді ұстанған жөн:
1) Ойын сабақ тақырыбына байланысты таңдалады;
2) Оқушылардың қызығушылығын ояту;
3) Кең ауқымды мүдделер кою;
4) Сыйластыққа негізделген қарыс-қатынас орнату;
5) Позитивті көзқарастар орнату (еш нәрсені, ешкімді сөкпеу)
6) Ойыншыны сыйлау және оның пікірімен санасу;
7) Жұмысқа үнемі жаңалықтар енгізу;
8) Мұғалім-шабыт көзі болуын ескеру;
Сабақтың білімділік мақсаты орындалуымен қатар ойынға қатысушылар сыйластыққа, жолдастыққа, бір-біріне бейімделуге, жағымды қабылдауға және түсінісуге ұмтылады.

Әдебиеттер:
1«Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал 2004ж
2. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану Алматы-2009
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.